Математика
Тақырыбы: « Жарнама сабақ.»
Сабақтың мақсаты:Балаларға оқу іс-әрекеттерінің элементтерін табысты игеру, салыстыру арқылы артық, кем, бірдей ұғымдарын санына қарай салыстыра білуге үйрету.Теңестіру жолдарын меңгерту 2 мен 10 cанының құрамын теңгелермен есептей білу. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау, геометриялық пішіндерді бір-бірінен айыра білуге дағдыландыру, уақытты бағдарлау, түрлі қызықты ойындар арқылы балалардың тапқырлығы мен қиялын дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Кеспе сандар,салыстыру белгілері, теңгелер, жеміс-жидектер,үлестірмелі текшелер.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру.
Түрі: «Жарнама ойын» сабағы.
Оқу іс-әрекет барысы:
Тәрбиеші: Бала деген бақытты еліменен,
Құдіретті қолында әлем деген.
Бүгінгі жиналған қонақтарға,
Басталсын оқу іс-әрекетіміз, сәлемменен!
Балалар: Cәлеметсіздер ме?
Білер қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз!
Тәрбиеші: Мырзалар мен ханымдар!
Бүгін біздің дайындық тобында жарнама ойыны өтеді.Бүгінгі аукцион оқу іс-әрекетімізге қаламыздың әртүрлі фирмаларынан өкілдер келіп отыр.
Олармен таныс болыңыздар: «Рахат» фирмасының өкілі: Әсемхан ханым, «Халық банк» фирмасының өкілі: Қазақбай Ғалымжан мырза, «Аман» супермаркетінің өкілі: Таңбай Нұрғиса мырза, «Ақтау тәтті» фирмасының өкілі: Гүлдана ханым.
Әрбір фирма өздерінің өнімдерін және қызметтерін «Жарнама жасап» ұсыналы. Бүгінгі аукционымыздың өзгешелігі, өнімді ақшамен сатып алмаймыз, өз білімдерімізбен сатып аламыз.
Көңілді музыка ойналады: «Рахат» фирмасының өкілін ортағашақырамыз.
«Рахат» фирмасының өкілі: Біздің фирма тәтті де, дәмді кәмпит түрлерін шығарады.
Тәттіге балалардың бәрі құмар,
«Рахат» фирмасы қажетіңе жарар.
Ирис, барбарис, шоколад, арахис бар
Тектен-текке бермеймін,
Білімдеріңді тергеймін.
«Рахат» фирмасынан сендерге мынадай тапсырмалар ала келдім.
1 тапсырма: Логикалық ойлау.
Балалар,сендер тәттіні, жақсы көресіңдер ме?
Сендер қанша кәмпит жеп білесіндер?
Мен бір жегенде 10кәмпит жей аламын.
Біздің топта Диана тәттіқұмар екен .
Балалар төменгі жолақшада қанша кәмпит бар? Қане кім санайды? 8 кәмпит бар.
Кәмпиттің тұсына 8 санын жазамыз.
Ал енді жоғарғы жолақшада неше тәтті нан бар? 10 тәтті нан бар.
Ал кәмпит тәтті наннан аз.
Қайсысы артық? Қайсысы кем?
Тәтті нанның қаншасы артық(екеуі)
Санды теңестірейік.
Кәмпит тәтті нанмен тең болу үшін, тағы неше кәмпит қосамыз?
2 кәмпит қосамыз. Сонда 10 кәмпит болады
2- тапсырма: Салыстыру белгілерін қойып шық:
( карточкамен жұмыс)
Көңілді музыка ойналады: «Халық банк» фирмасының өкілінортаға шақырамыз.
Мен келдім «Халық» банкісінен,
Несие, қаржы, қызмет көмегімен.
Ойынға демеуші көп біле білсең,
Ол үшін «математиканың» сырын біл сен!
« Халық банк» фирмасынан сендерге мынадай тапсырмалар ала келдім.
1-тапсырма: 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
2-тапсырма: « Ақшаның құрамын табу»
3, 5,10 теңгеліктердің құрамын анықтау.
3 = 1+1+1;
5= 3+1+1;
10= 5+5;
10= 5+3+1+1;
10= 3+3+3+1;
«Аман» супермаркетінің өкілін ортаға шақырамыз.
Біздің супермаркеттің жеміс-жидектері адам ағзасындағы дәрумендерге өте бай.
Біздегі тәтті жемістер,
Жемісті жесең кемістер
Болмайды сенің бойыңда,
Сақта соны жадыңда.
Сандарын оның біліп ал,
Жесең оның дәмі бал.
« Аман» супермаркетінен сендерге мынадай тапсырмалар ала келдім.
1-тапсырма: Әрбір қатардағы суреттердің санын торкөздерге жаз
.
2-тапсырма:Санамақ айту:
Бір, екі, үш
Бір, екі, үш
Ал қанекей ұш.
Төрт, бес, алты, жеті
Төрт, бес, алты, жеті
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он
Сегіз, тоғыз, он
Ал қанекей қон.
Асықпа да саспа
Бірден қайта баста.
Сергіту сәті: « Қол соғу» ойыны.
Көңілді музыка ойналады: « Ақтау тәтті» фирмасының өкілін ортаға шақырамыз.
Бүгінде « Ақтау тәтті» фирмасы бар
Атағы облыста құлақ жарар.
Есепке жүйрік болсаң балақай-ау,
«Ақтау тәтті» тортынан үлесіңді ал.
« Ақтау тәтті» фирмасынан мынадай тапсырмалар ала келдім.
1-тапсырма: Пішіндерді санап, санын бос шеңберлерге жаз.
2- тапсырма: Уақытты бағдарлау.
«Рахат» фирмасының өкілі:
Сендердің білімдеріңе риза болып, « Рахат» фирмасының атынан сендерге тәтті де, дәмді кәмпиттер сыйлаймын.
2 « Халық банк» фирмасы өкілі:
Мен сендердің білімдеріңе қанағаттанып, сендердің балабақшаларыңның қорына алтын теңгелер сыйлаймын.
3 « Аман» супермаркеті фирмасының өкілі:
Балалар сендердің берген жауаптарыңа шын көңілден риза болып, сендерге жеміс-жидектер сыйға тартамын.
4 « Ақтау тәтті» фирмасының өкілі:
Сендер өте тапқыш балалар екенсіңдер, топтарыңа арнап тәтті нан тарту етемін.
Тәрбиеші: Балалар бізге қандай сабақ болды? Қай фирмалардың өкілдері қонаққа келді? Сабақта қандай ойындар ойнадық? Сабақ сендерге ұнадыма?
Қорытынды: Балалар бәріңде өте жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар балалар! Балалар, енді қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыз!
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
С.Н.Шапағатов атындағы № 59 балабақша
Тәрбиеші Бостанова Қалдыгүл
Достарыңызбен бөлісу: |