Сабақ мақсаты: Білімділік: оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру



Дата19.02.2017
өлшемі403,98 Kb.
#10628
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Абай және Пушкин

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақындардың суреті, слайд

Сабақ барысы

І.Ұйымластыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Крыловтан аударған кез-келген мысалды жаттап келу.

ІІІ: Жаңа сабақ

Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны — Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, бұл екі халықтың да алдында тұрған озат арманынан, игі нысанынан туды. Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың

классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге европалық елдер классиктерінен бірер өлеңді аударса, оны да Абай Лермонтовтың аудармаларынан алып қазақшалайды. Анық орыс классиктерінен Абайдың аударғандары — Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің «Евгений Онегинінен» үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір, жалғыз өлеңді Букиннен аударған.

Абай жинағында, бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны — қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалы және Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алғанын қосқанда, одан жиырма жеті өлең аударған.

Белинский Онегиннің адамшылығын өз ортасындағы татымсыз өрнектердің бәрінен биік деп артық бағалайды.

Шеш көңілімнің жұмбағын,

Әлде бәрі алданыс.

Жас жүрек жайып саусағын,

Талпынған шығар айға алыс… — деуге аудармада Абай Пушкиннің өзіне жақын барып, шеберлік тапса, Онегиннің хатында басқа сырды көрсетеді:

Михрабымсың, бас ұрамын,

Тіл жете алмай ғұзырыма,

Жетпедім, не жасырармын,

Гауһарымның қадіріне… — дейді.

Мұнда алған теңеу — «михраб» болуы ғажап емес. Татьяна орыс қызы болу себепті христиан дінінде. Ал «михраб» тек мұсылманның ғана мешітінде болады, онда имамның ғана сәжде қылатын орны. Абай Онегинге осыны айтқызуда өзі білген асылдың, өз оқушысы түсінген қадір-қасиеттің, асыл — құрметтің қайсысын болса да екі жастың сезімдерін жеткізуден аямағанын көрсетеді.

Ұлы орыс халқының мәдениетін қасиеттеген, ұлы Пушкинді құрмет тұтқан Абай оның әдебиеттегі асыл мұраларының бірі — «Евгений Онегинді» де қасиеттеп, артықша сүйіспеншілікпен аударды. Пушкин мен Абай творчествосының, олардың ой-пікірінің үндестігінен орыс халқы мен қазақ халқы арасындағы өткен заманнан келе жатқан жақындықтың, достықтың желі ескендей болады.

IV.Мәтінмен жұмыс

Екі ақынның өлеңдерін салыстыру.

V.Сабақты қорытындылау

ИНСЕРТ арқылы

Білемін Білдім Білгім келеді

VI. Үйге тапсырма

Абайдың табиғат лирикасы тақырыбына жазылған кез-келген өлеңін жаттау

VII.Оқушыларды бағалау

№ 9


Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»

Күні: 02.11.2015ж

Сабақ тақырыбы:Абай және батыс әдебиеті

Сабақ мақсаты:


Білімділік: оқушыларға Абайдың Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете,Дюмалардың, философтар Сократ, Платон,Аристотель, Спенсер, Дарвин еңбектерімен танысуын,Дж.Байроннан «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі » өлеңдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: ұлы ақынның мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы
Көрнекілігі: ақынның өлеңдер жинағы, слайд
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Абай Құнанбаев туралы шығармашылық жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақ
Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым- батыс, батысым-шығыс боп кетті » деуі ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған.  Бұл жайында М.Әуезов: «Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ білімпаздарын да зерттейді. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрінен де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі» деп жазған.
Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл романтизмнің көрнекті өкілі Джордж Ноэл Гордон Байронның әйгілі «Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар. 
Поляк ақыны А. Мицкевичтің жарқын есімі әлем әдебиетінен ұлы классик жазушылармен қатар. Абай оның шығыс ақындарының ішіндегі бірінші аудармашысы. «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі».
IV. Мәтінмен жұмыс
Оқушылар Абайдың аудармаларының мәтінімен танысады.
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі»
«Көңілім менің қараңғы» 
V. Кестемен жұмыс
Абайдың өз шығармалары Абайдың Крыловтан аударған шығармалары Абайдың Батыс Европа ақындарынан аударған шығармалары

VI. Сабақты қорытындылау


Тест арқылы
VII.Үйге тапсырма
Аудармаларды мәнерлеп оқу
VIII.Оқушыларды бағалау




№ 6

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»

Күні: 12.10.2015ж



Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға екі ақынның рухани үндестігін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушыларға Абайдың аудармаларын оқыту арқылы тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: ұлы ақындардың мұраларын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті болды. Сол мектептен үлгі алған Абай қазақ әдебиетінде үлгілі мектеп болды.

Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.

Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.

Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды.

Абайдың Крыловтан алған үлгісі Абай поэзиясын мазмұн, идея, түр жағынан онан сайын тереңдетіп, байытып, сатиралық сарынды күшейтіп, қазақ әдебиетінің реалистік даму жолын кеңейте түседі.

ХІХ ғасырдағы Пушкин бастаған орыстың ұлы ақындарының ішінде Абайдың шексіз сүйген және өлеңдерін көп аударған ақынның бірі – М.Лермонтов болды. Абайдың өз айтуынша, дейді М.Әуезов, – Лермонтов – «ерекше ызаның ақыны, «махаббаты ашумен уланған ақын». Ашуы қоғам құрылысына наразылықтан, қоғам дертіне күйінгендіктен туған».

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» – деп Абай айтқандай, әдебиет әлемінде әркімнің өз орны бар. Ақын жазушының бәрі бірдей әдебиеттен қолма-қол өз орнын дәлме-дәл таба қоюы сирек нәрсе.

Абайдың аударма өндірісіндегі ерекше зор тарихи еңбегін атап айта келіп, М.Әуезов:
«Бұл жөніндегі Абай еңбегі тек әдебиеттік қана еңбек емес, ол зор, кең мағыналы ағартушылық, тарихтық, қоғамдық еңбек еді»- дейді.
Ақын аудармалары – өмір шындығының айнасы. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі адамгершілік, халықтық, демократиялық идеяның үлгісі. Адамның мінез-құлқын тәрбиелеуде мәңгі маңызын жоймайтын әдеби мұра.

IV. Мәтінмен жұмыс


Оқушылар Абайдың аудармаларының мәтінімен танысады.
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі»
«Көңілім менің қараңғы» 
V. Кестемен жұмыс
Абайдың өз шығармалары Абайдың Крыловтан аударған шығармалары Абайдың Батыс Европа ақындарынан аударған шығармалары

VI. Сабақты қорытындылау


Тест арқылы
VII.Үйге тапсырма
Аудармаларды мәнерлеп оқу
VIII.Оқушыларды бағалау

№ 8


Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»

Күні: 26.10.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Абайдың Пушкиннен аудармалары

Орыс әдебиетінің классигі М.Ю.Лермонтов мұрасының қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Бұл әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғындағы ұлы Абай аудармаларымен құнды.

Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол үнемі таңдап, талғап аударған. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой — философия, не үздік көркем өлеңдер болып келеді.  Сондықтан ұлы ақындардың өлеңдеріндегі идеялық-мазмұндық ұқсастықтар мен көркемдік бояу нақыштары жүрекке жағымды келеді. «Абай Лермонтов өлеңдерін аса бір ұқыптылықпен әрі ерекше сүйіспеншілікпен аударды. Әсіресе «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Желкен» сияқты Лермонтов шығармаларының ең үздігін алып аударған. Ал бұлардың бәрі орыс классиктерінің ішінде шеберлік жағынан теңдесі жоқ туындылар болып отыр» деген екен Абай аудармалары туралы кезінде Мұхтар Әуезов. Лермонтов әуені Абай шығармашылығында жарасымды үндестік тапқан.

Абай неліктен Лермонтовқа соншама ден қойды екен? Зерттеушілер бұл мәселеге мән бермей келеді.

Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Мұндай сипатты аудармада түпнұсқа мәтіндегі тікелей аударуға болмайтын ұғымдарды сөзбе-сөз немесе сипаттай аудару аударманың мазмұны мен мағынасы арасындағы келісім мен жарасымға көлеңкесін түсіруі ғажап емес. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі «бөтен сөзбен былғануына» алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады.

Абай аудармаларындағы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») деген өлеңінің көлемдері екі тілде де 16 жолдан. Бұлай аудару үлкен шеберлікті танытады. Айта берсе, Абай аудармалары шетінен асқан талант иесі екенін дәлелдейді.

«Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл» шығармасы да осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл — Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған Лермонтов нұсқасы. Орысша нұсқасы ақынның көзі тірісінде «Отечественные записки» журналында басылып, кейін өзінің жинақтарында басылған.

Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. 1933 жылға дейінгі жинақтарда «бол,бол ақын» «бұлбұл ақын» болып басылып келген екен [2,261]. Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басылымдардың барлығында Лермонтовтан деп қана беріліп жүр.

Мәтіндерді салыстыратын болсақ.

Түпнұсқада:



Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!

Вот арфа золотая:

Пускай персты твой, промчавчейся по ней,

Пробудят в струнах звуки рая.

И если не навек надежды рок унес,

Они в груди моей проснутся,

И если есть в очках застывших капля слез —

Они растают и прольются.

Аудармада:

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!

Алтынды домбыраңмен келші жақын.

Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,

Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.

Егер сорым түбімен әкетпесе,

Керек қой көңілді үміт тебірентсе.

Қатып қалған көзімде бір тамшы жас

Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!

 


      9. ^ Кіріспе. Адамзаттың Абайы-1сағат. Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы.
      10. «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» тарауын оқытуға - 10 сағат бөлінген:
      1) Абайдың өмірі -2сағат, ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;
      2) ақынның халық даналығын тануы-1сағат, Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;
      3) ^ Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар -1сағат, Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар;
      4) ^ Абай және орыс әдебиеті-1сағат, Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері;
      5) ^ Абай және Пушкин -2сағат, Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;
      6) ^ Абай және батыс әдебиеті -2сағат, Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері, Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі, Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысуы, Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері;
      7) ^ Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы -1сағат, Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.
      11. «М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға - 4 сағат бөлінген:
      1) Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы -2 сағат, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері;
      2) ^ М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері -1сағат, Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер;
      3) ақын шығармаларының басылымдары-1сағат, ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.
      12. «Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» тарауын оқытуға -10 сағат бөлінген:
      1) «Ғылымға көңіл берсеңіз» -5сағат, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы;
      2) «Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы;
      3) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы;
      4) «Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;
      5) «Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні;
      «Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуы;
      6) Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» - 5сағат, Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі;
      7) «Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы;
      8) «Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;
      9) «Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы, адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы;
      10) «Он тоғызыншы» қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;
      11) «Отызыншы» қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.
      13. «Абай танымындағы ән мен күй» тарауын оқытуға - 4 сағат бөлінген:
      1) Абай әндерінің таралуы-1сағат, ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар;
      2) «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» -3сағат, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» әні, ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі, Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.
      14. Поэмаларын оқытуға - 2 сағат бөлінген:
      1) «Ескендір» поэмасы, поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы, ақын поэмасының романтикалық және реалистік сипаты, поэманың сюжеті мен композициясы, эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары, Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі.
      15. Қорытындылауға - 1 сағат бөлінген

№ 1


Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»



Күні: 07.09.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың Абайы
Абай шыққан биікке талпыну – парыз.
Сабақтың түрі: Оқушылардың ғылыми қоғамындағы ғылыми кеңес отырысы (жобаларды қорғау)
Сабақтың типі: теориялық қорытындылау жұмысы (байқау)
Сабақтың әдіс – тәсілі: дамыта оқыту, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту әдістері. Миға шабуыл, жоба қорғау, болжам – пікір.
Сабақтың мақсаты:
«Абай жолы» роман – эпопеясындағы образдар галереясы, эпопеяның алтын діңгегі Абаймен бірлестікте алынуы туралы түсінік беру. Эпопеяның өн бойындағы Абай дәстүрі, ұлылар үндестігі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, оқушыларды ғылыми ізденіске жұмылдыру.
«Абай жолы» роман – эпопеясынан алған білімдерін жинақтау, қайталау, іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
Оқушылардың өз бетімен ізденуге, ғылыми ізденіске дағдыландыру. Проблеманы шеше білу, ғылыми негізде дәлелдеуге қалыптастыру, білімділік дағдыларын дамыту. Білімді оқушылық деңгейден анализ, синтез, шығармашылық деңгейге көтеру.
Адамзат әдебиеті, мәдениеті, өнері, рухани байлығын іздену, оны құрметтеуге баулу. Әдемілік, сұлулықты қабылдауға тәрбиелеу. Ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың құрал - жабдығы: интерактивті тақта, слайд, презентациялар, ғылыми жоба, бейнефильмдер, т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих, ән - күй, қазақ тілі.

Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ мақсаты мен кезеңдері және шарттарымен таныстыру.
Мұғалім сөзі:
Абай – атаның баласы емес, халық баласы. Адамзаттың Абайы. Абай жазба әдебиетінің негізін салушы. Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңаң бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. ХХІ ғасыр қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы. Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті сақтауды жастарға өсиет етті.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Біздің міндетіміз бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.
Балалар сендер осы күнге дейін Абайды ақын ретінде танып біліп келсеңдер, ал енді М. Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясын оқығалы оны тарихи тұлға екенін білдіңдер.
Балалар Н. Ә. Назарбаев «Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды» деген. Абайды оқып, таныған сайын оның жаңа сырларына қанық боласыңдар. Бірақ Абайдың шешілмеген сырлары көп. Абай біз үшін мәңгілік жұмбақ құбылыс. Ал ол туралы ашылмаған сырларды тану – мұрат, Абай шыққан биікке талпыну – парыз.
6. 1. Сюжеттің басталуы – әңгіменің кіріспесі іспетті, әдеби қаһармандар өзара қарым - қатынасқа көшпес бұрынғы хал - жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар суреттеледі.
І бөлім. Абайдың Шығыстың хикая - дастандарын оқуға құмарлығынан басталады.
ІІ бөлім. Ел аралап, жер танып, адам танып есейіп қалған Абай Күңкенің үйіндегі игі жақсылар бас қосқан үлкен жиынның үстінен түсуінен басталады.
ІІІ бөлім. Қарқаралыдан ешкім естімеген бірнеше жаңа әндерді Абайдың орындауынан басталады.
6. 2. Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартылыстың басталуы іспетті шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.
І бөлім. Абайдың әке әмірімен Құлыншаққа байланысты тапсырманы орындауы;
ІІ бөлім. Абайдың әкесінен, әжесі мен шешесінен сұрануы;
ІІІ бөлім. Анасының ел арасындағы қым - қуыт әңгімелерін естуі, ұзақ ойға кетуі.
6. 3. Шиеленісуі – оқиғаның адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп, ширығуы.
1 бөлім. Абай әкесі Құнанбайдың әмірімен Қрабас екеуі Сүйіндік ауылына жер дауына байланысты аттанады.
ІІ бөлім. Абай тағы да әкесінің әмірімен Қарабас екеуі Байдалы қыстауына барады.
ІІІ бөлім. Абай Байдалының жауабы мен жуан, төрелер арасындағы бітпес дауды салмақты да, салиқалы түрде шешеді.
6. 4. Шарықтау шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл – әрекеттің күшейіп өрбіп жеткен жері, драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
І бөлім. Абай Сүйіндіктің қызы Тоғжанға ғашық болады. Көктем нұрын енгізген Тоғжанның келісті келбеті, шашбауы мен шолпы, сырғасының сыңғыры ақын жүрегіне шоқ салады.
6. 5. Шығарманың шешімі - суреттердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі». Адамдар арасындағы қарама – қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал - күйі, күллі құбылыстың соңғы сахнасы.
ІІІ кезең
«Абай жолы» эпопеясы тарихи және көркем шындық (сахналық көрініс 25 минут)
Абай сағынышы
Құнанбай жолы
Абайым бір төбе
Ұлы Абай ұлағаты
ІҮ кезең
«Миға шабуыл» сұрақтары (тест. 10 минут)Ү кезең
Бағалау, қорытындылау.(5 минут)

№ 10


Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»

Күні: 16. 11.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Абай шығырмашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи- әлеуметтік негіздері

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев жайлы түсінік беру, музыка әлеміндегі Абайдың алатын орнын анықтап, қазақ музыкасына қосқан үлесін айқындау

2.Дамытушылық: өз ойларын емін-еркін айтуға, есту қабілетін арттыру, сөздік қорларын молайту;

3.Тәрбиелік: музыка сүйіспеншілігін арттыру, қазақ музыкасын сүйіп тыңдауға тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, музыка тыңдау Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Сабақтың көрнекі құралдары: Абай Құнанбаев туралы бүктемелер, интерактивті тақта, аудио, бейне жазбалар

Сабақтың өтілу формасы: жекелей, топтық, жұптық

Қолданылған технология: Дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылармен сәлемдесу  Сабақтың жоспарымен, мақсатымен таныстыру  Сыныпты топқа бөлу

Сабақтың жоспары 1. Нені білеміз? Абай туралы не білеміз? (өткен тақырыптар туралы сұрақ- жауап) 2. Нені білдік?

Абайдың музыкалық шығармашылығы (үй тапсырмасын сызба арқылы қорытындылау) 3. Нені білгіміз келеді? “Абай әндері (жаңа сабақты түсіндіру) 4. “Көзімнің қарасы” әні (оқулықпен, таратпалы матриалдармен жұмыс) 5. Қазақ халқының ұлы ақыны. ( жаңа сабақты бекіту)

ІІ. Білімді тексеру кезеңі Нені білеміз? (топтық жұмыс) 1. Абайдың өмірі жайлы не білеміз? І топ. 2. Абайдың шығармалары жайлы не білеміз? ІІ топ.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 2. Нені білдік (үй тапсырмасын тексеру) Нені білгіміз келеді?

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі



Мұғалімнің кіріспе сөзі, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, «Абай және музыка» презентациясын көру Абай Құнанбаев (1845-1904) Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында дүниеге келген.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз-әңгімелерді айтып, Абайды тәрбиелеп отырады. Әкесі Абайды 10 жасында Семейдегі діни мектепке береді. 13 жасында Абайды әкесі оқудан алып шығады. Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйренуге тырысады.Үш ай орыс мектебінде оқиды. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, солардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Біз Абайды ұлы ақын, аудармашы, сазгер деп танимыз. Абайдың халық арасына тараған көптеген әндері бар. Абай өзінің өлеңдерін әр түрлі тақырыптарда жазған. Мысалы: табиғат туралы, оқу-білім туралы, өмірдегі адамдар жайлы. А.С.Пушкин И.А.Крылов М.Ю.Лермонтов Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән- күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі – олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі – мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына – ауыл- аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды. «Май Түні» 1923 жылы Ғ. Сармурзин Абайдың Ақылбайдан туған немересі Исрайылдан, ал Исрайыл Абайдың өзінен үйренген. Исрайылдың айтуынша, Абай бұл күйін жайлаудағы түнгі сауық-сайранда отырып шығарыпты. Күй табиғат сұлулығын бейнелеген, 2 бөлімнен тұратын лирикалық туынды. Музыкалық әуені Абай әндерімен сарындас, жазғы жайлаудың түнгі көрінісін, жастардың кеңілді сауық-сайранын елестетеді. Сөздікпен жұмыс Ұлы- великий Медресе –мусульманская духовная школа Өз бетінше –самостоятельно Мәдениет-культура Ынталы –прилежный Осында жүріп-находясь здесь Кейін-потом Жасынан –с детства 1. Абайдың әндері аудиотаспадан тыңдап, видео жазбалар көру 2. Оқушылар әннің мәтіндерімен танысады . V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі 5.Қазақ халқының ұлы ақыны 1. «Қай топ көп біледі?» сұрақ-жауап, тест ретінде тексеріледі 1. Абай қай жылы дүниеге келді? 2. Әжесі кім? 3. Анасы кім? 4. Ол кімнің шығармаларын аударды? 5. Неше жасында оқуға барды? 6. Абайдың шығармаларын ата 7. Абайдың әндерін ата? 8. Абай әндерінің ерекшелігі неде? 2. Ойна да ойла

VІ. Үйге тапсырма:  Абайдың әнін жаттау

VІІ. Оқушыларды бағалау

№ 2


Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»



Күні: 14. 09.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
Міндеттер:
1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
3. Топтық міндет: Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.
Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: «Түртіп алу», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы

Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,
- деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.
Абайдың суретін көрген ол:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп айтқан екен.

II. Мағынаны тану
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.

1. «Білімге бастап ел - жұртын»
Оқушылар слайд арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)
2. Абай – ақын
*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
*Абайдың өлеңдері сұралады.
*Өлеңдерінің шығу тарихы сұралады.
3. Абай – аудармашы
Оқушылар слайд арқылы Абайдың аудармалары туралы айтады.
4. Абай – қарасөз шебері
*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;
*Бейнетаспадан Абайдың қарасөзі тыңдатылады.
5. Абай – сазгер.
*Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.
* «Желсіз түнде жарық ай «әні тыңдатылады.

III. Ой - толғаныс (Абайдың мұражайы бейнефильм арқылы көрсетіледі)
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «Толықтыру» сынамасы беріледі.
1. Абай Құнанбайұлы 1845жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навой, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқиды.
3. Абай 1885жылы алғаш білім туралы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды.
5. Абайдың қырық бес қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма.
6. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бой бұлғаң» т. б. әндері бар.
7. Әлихан Бөкейханов Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды.
Оқушылар өз жұмыстарын тексереді, бағалайды.

Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен аяқтау.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты – Адам.
IV Үйге тапсырма беру:
«Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ой толғау жазу. V Бағалау
Оқушыларды еңбектеріне қарай бағалау.

№ 3


Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»



Күні: 21. 09.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері.
Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан ұлы Абайдың дүниетанымен көзқарастарын оқушыларға таныту.
Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық – саяси және тарихи көзқарастарынмен танытырып, кестелермен жұмыс жасауға дағдыландыру
Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану, деңгейлеп оқыту, брейн-ринг, синквейн, инсерт картасы.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақынның портреті, ақын туралы ұлылар ой-пікірлері, көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі. 
І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Абай туралы даналық ой пікірлер
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». 
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»
М.Әуезов 
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті». 
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом алтыны»
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ» 
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» 
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»
М.О.Әуезов
Абай-шешен. Ұлттық өнеріміздің ішінде алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» — кесімді билік айту, қажет нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау, ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық, ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай сұлу көңілі болуы қажет. 
Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі – 1885 жылы мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік- ұлттық болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне жатады. 
Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі терең талданып, әділ билік – кесімдер, шара қолдану айтылады.
Ұрлыққа барымтаға Шара қолдану: суға батқанға көмек арық, көпір, құдық бұзғандарға өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35 бап)
Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» -деп жазады.
Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» — деп бағалаған.
Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:
• Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;
• Рулық құрылыс ыдырамады;
• Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;
• Қоғамдық ахуал шиеленсті;
• Халықтың күйі нашарлап кетті;
• Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған
ІҮ. Қорытынды. Ұлы Абай
• Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем.
• Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен
• Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор
• Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер)
• Аударма өнерінің үздік шебері
• Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын
• Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына
Шығармашылық тапсырма
Абай-ақын 
Абай-сазгер
Абай-шешен
Абай-ағартушы-ойшыл
Абайдың тарихи көзқарастары
Абай-күйші, сазгер.
Абай-аудармашы
Абай саясаткер
Абай төбе би- шешен
Үйге тапсырма: «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.

№ 4


Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»



Күні: 28. 09.2015ж

Тақырыбы : Ақынның халық даналығын тануы
Мақсаты: Оқушыларға ертеден келе жатқан халық даналығы, ата - баба, салт - дәстүрінің, көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретінде түсінік беріп, оның ұрпақтар сабақтастығындағы маңызын ұғындыру.
Міндеттері:
1. Халық даналығы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғындыру
2. Ұлттық мәдениетке, ата - баба дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;
Шаттық шеңбері

Ойланайық, пікірлесейік
1. Халық даналығы дегенді қалай түсінесіздер?
2. Неліктен оны адамзаттың рухани байлығы дейміз?
3. Қандай адамды данышпан, дана дейді?
4. Болашақта қандай кәсіпті таңдар едіңіз?

Жаңа ақпарат (сабақтың мақсатын аша түсу үшін ақпаратты оқушыларға оқимын)
Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесі ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Ата - бабаларымыздың көрегендікпен айтып кеткен ұлағатты ой пікірлерін, өсиет - өнегесін халық даналығының қайнар көзі деп білеміз. Халық даналығы нақыл сөз, мақал - мәтел, шешендік сөз үлгілері және салт - дәстүрлерден көрінеді. Оларда айтылған зерделі ақыл, тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тобықтай түйін рухани тағылым ретіндегі ұлттық игілік болып табылады. Халық даналығы атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс - әрекеттің де тәлімдік үлгісі. Болашақ ұрпағына өшпес мұра қалдырған білімдар, зиялы, ақылгөй адамды данышпан дейді.

Мәтінмен жұмыс
“Жанқұтты шешеннің батасы”
1. Абайдың жауабынан нені байқауға болады?
2. Дүние үмітке сүйенеді дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Тілек айту мен бата берудің қандай өнегелік сипаты бар?
Дәйексөз
Ойлану - ең ізгі жол; еліктеу - ең жеңіл жол; тәжірибе жолы - ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноза
Ойлану - Терең ой, Өзінше ой түйеді, Қорытынды пікір қалыптасады, Армандау, қиялдау
Еліктеу - Қызығу, ынта, Жаңа қасиетке ие болады, Алға ұмтылады,
Тәжірибе жолы - Іздену, ұмтылу, Өзіңді - өзің меңгеру, Алған білімін шыңдау, Қиындықты жеңу қателіктен сабақ алу

Өмірге көзқарасы қалыптасып, Даналық туады
“Тыныштық сәті”
Оқушылар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар, жап - жасыл табиғат әлеміне еніп барасыздар. Біреуіміз қып - қызыл гүл секілді жайнап тұрмыз. Біреуіміз тұп - тұнық мөлдір су тәрізді таза жанбыз. Енді біреулеріміз көк аспанда еркін ұшып жүрген құстар сияқтымыз, ойымызды еркін айта аламыз. Қыздар болса, көк аспанда еркін ұшып жүрген сан алуан құстар, ал, ұлдар болса қыран бүркіттей биіктерге самғап барады. Алдымыз жарық нұрын шашқан күн сияқты аналарымыз бен әжелеріміз бізге мейірлене қарайды, әкелерімізбен аталарымыз асқақтаған асқар тау болып, ақ батасын беріп, бізге қол бұлғайды. Біз өзіміздің табиғатпен үйлесіп тұрғанымызға айрықша қуанып тұрмыз. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық. Рахмет оқушылар

Шығармашылық жұмыс
Қазақтың ырым сөздер мен тыйым сөздер
Бос бесікті тербетпе.
Отқа су құйма
Наның қиқымын жесе - бай боласың
Жолаушыға “қайда барасың” демейді, “жол болсын” дейді
Қазақ “сәтті күн” деп істі сәрсенбі күні бастайды
Қолыңды төбеңе қойма
Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды
Жаңа айды көргенде “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп бата жасап, ырымдайды
Ақты(сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді
Жұма күні кір жуса, әруақтар ренжиді
Шөбересінің қолынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады
Бала бас ұстамайды........ айналысқанды жақсы көремін.
........ жақсы жасай аламын.
........ мені алаңдатады.
......., мен өте қуанамын.
......., маған өте көңілсіз.
......., мен қатты ашуланамын.
Мен көңілсіз болғанда,.........., мені қорқыныш билейді.
Мен........... деп түсінемін.
Қазір мен........ сезінемін.
Бәрінен де мен............
Менің ең жақсы қасиетім - бұл..........
Менің ең жаман қасиетім – бұл...........
Жақсы дос........... ерекшеленеді.
Басқа адамдар менің...........
Мен шын мәнінде........... болсам да, мен.......... жалтарамын.
Мен............... көмегімен назар аудартамын.
......................, адамдар мені сыйлайтын сияқты көрінеді.
....................... жасай алғым келеді.
Мен............... қол жеткіздім

Жүректен жүрекке
Әдемі қорапшада түрлі - түсті жүрекшелер бар, кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық
Қызыл - адамгершілік
Сары - адалдық
Қызғылт - мейірімділік
Көгілдір - сүйіспеншілік
Жасыл - әдептілік
Көк - ізеттілік
Ақ - қайырымдылық
Осы қасиеттер бойларыңызға дари берсін

№ 5


Пәні: Абайтану

Сыныбы: 9 «А»



Күні: 05. 10.2015ж

Тақырыбы: Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар
Мақсаты: Абайды терең таныту, мектеп бағдарламасына енген өлеңдерін мәнерлеп оқыту, қара сөздерінен ғибрат алу, әндерін шырқау, аудармаларынан хабардар ету.
Дамыту: Абай атамыздың қалдырған асыл мұрасын әр тәрбиеленушінің ой-санасына жеткізу, оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік Абай шығармалары арқылы Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа,
мәні: адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Әуезов портреттері, Абай туралы жазылған цитаттар, буклеттер, рефераттар, Абай балалары т. б.

1. Кіріспе:
Мұғалімнің сөзі. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз Абай атамыз жайлы болмақ. Абай атамыз жайлы 1-сыныптан бастап оқып келеміз, бүгін білгенімізді қорытамыз, білмегенімізді үйренеміз. Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы.
Абайды бүкіл әлемге танытқан біріншіден: өлеңдері мен қара сөздері болса, екіншіден: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясы болды. Мұхтар бала кезінде ұлы ақыннан бата алған. Мұхтар Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы. Ол осы еңбегіне өзінің соңғы жиырма жылын арнады, бұл роман біздің заманымыздағы ең ұлы шығармалардың бірі ретінде бағаланады. 4-томдық роман эпопея 1942-1957 жылдар арасында жарық көрді.

2. Өмірбаяны:
А. Құнанбаев 1845 жылы 22 тамызда Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Туған жылы – жылан. Абайдың шын аты – Ибраһим. Шешесі Ұлжан – Ибраһим деген атты өзгертіп Абай деп қойған. Ақынның арғы тегі Орта жүз, Тобықты, Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Абайдың жеті атасы: Айтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай. Руы – Тобықты.
Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілмен ел анасы атанған кәрі әжесі Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз, ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінез көнтерлі, әзіл – қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетек, өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті.

Абай жасынан ынталы, зерек бала болады. Ол, ертегі, әңгіме, өлеңдерді тез жаттап алған. Ол сауатын Ғабитхан молдадан ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады.
Ол сол кезде өлең шығарумен де әуестенеді, бірақ шығарған өлеңдердің көпшілігі бізге жеткен жоқ және ол өз өлеңдерін жас достарының атымен таратты.

Бала Абай дін оқуын місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылды. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балаларынан алымдылығын аңғарған Құнанбайұлы елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік – билік жұмыстарына араластырады.

Ақын ғылыми ұғым тілімен сөйлеуге тек қара сөздерінде ғана барды. Абайдың өлеңдеріндегі бірталай маңызды ой пікірлер поэмалары мен қара сөздерінде жаласыр, толыға түскен. Ол өзінің ғақлия-өсиеттерін 1890-1898 жылдар аралығында жазған 45 қара сөзі бар. Абай қара сөздерін түгелдей дәстүрлі шешендік сөз үлгісіне құрайды. Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады.
24-сөзі – күншілдік; 25-сөзі – құлшылдық; 26-сөзі-надаедық;
27-сөзі-өсиет; 28-сөзі – парыз; 29-сөзі – сақтық туралы әңгімелейді.
Адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез – құлқы, адамгершілік, имандылық секілді бірталай мәселерді қара сөзінде кеңінен толғайды, үлкен көрегенділікпен көптеген құнды пікірлер түйеді. Абайды қара сөздеріне қатысты жазушы десек те қателеспейміз.
37-ші, 36-шы қара сөздерінен үзінділер.

Би: «Адай» күйіне қойылған би.

Абай сөз өнерінің, өлеңнің, ән мен күйдің қоғамдық маңызын аса жоғары бағалады. Өлеңдері мен бірге әндері де халық арасына кеңінен тараған. Нота сауаты болмаса да домбыра өмірлік серігі болды.
Абай сазгер. Музыка зерттеушілері «Абайдың әндері мен сөздері тығыз байланыста, әндерінің әуенін тек қана өзінің негізі сөзімен орындау керек»- деп жазды.
Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңіл-күйін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізеді. Ауыздан – ауызға, әкеден – балаға мұра болып келе жатқан Абай әндері бізге де жетті. 15 әні белгілі
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Абай орыстың және татардың халық әндерін жақсы білген. Немістің ұлы ақыны Гетенің «Горные вершины» атты өлеңін М. Лермонтов орыс тіліне аударды, орыс композиторы А. Рубинштейн ән жазды. Бұл өлеңнің сөзі мен әуені Абай жүрегін баурағаны сонша, ақын оны қазақ тіліне аударып, «Қараңғы түнде тау қалғып» атты ән шығарған.
Әндері: «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да».
Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Абай ата жұмбақтары мен шешулері.
Ақынның 7 ұл, 3 қызы болған және немере інісі Шәкәрім Құдайбердиевті ақындыққа баулып тәрбиелеген. Ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына үлес қосқан. Есейе келе Шәкәрім ағасы Абайдың сол ұмытылмас қамқорлығын еске алып: «Абай болмаса менің ақын болуым екі талай еді» деген екен.
Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайл.
Каталог: uploads -> doc -> 05fa
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05fa -> Бағдарлама Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
05fa -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға ас қорыту мүшелерінің
05fa -> Қазақ әдебиеті 28. 10. 2010 жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет