Математикадан мәтінді есептерді шығарудың қолданбалы аспектілері МӨЖ



Дата08.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#118354
Байланысты:
МӨЖ ММОК-212 2-топ

Математикадан мәтінді есептерді шығарудың қолданбалы аспектілері МӨЖ


Орындағандар ММОК-212 тобының студенттері:
Діністанова Ғафура
Досбек Ғали
Ердеш Ерасыл
Ерсінқызы Мөлдір
Қаржаубай Аян

Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу. Теңдеу - тақырыптары бойынша мәтін есептер

Әдебиет


Алдамұратова Т.А., Байшоланова Қ.С., Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Екі бөлімді. – Алматы: Атамұра, 2017. – 224 б.
113. Әкесі неше жаста болса, баласына сонша ай. Екеуінің жастарының қосындысы 39 жыл. Баласы неше жаста?
Шешуі:
1-сөйлемнен әкесі баласынан 12 есе үлкен екенін аңғаруға болады. Ендеше баласы x жаста болса, әкесі 12*x жаста болады. Жастарының қосындысы 39 жыл болса, келесідей теңдеу құра аламыз:
x+12x=39
13x=39
x=39∶13
x=3
Жауабы:
Баласы 3 жаста. Әкесі 12*3=36 жаста.
118. Олжас 19200 теңгеге 2 тотықұс, 1 күшік және 1 мысық сатып алды. Күшік мысықтан 3 есе қымбат, ал тотықұстан 2 есе арзан. Мысық неше теңге тұрады? Тотықұс неге теңге тұрады?
Шешуі:
Теңдеу құрғанда алдымен ең кіші шаманы табу қажет. 2-сөйлем арқылы мысық құны ең арзаны екенін анықтауға болады. Мысық бағасын x деп алайық, онда күшік бағасы 3x, тотықұс бағасы 2*3x=6x. Онда келесідей теңдеу құруға болады:
2*6x+3x+x=19200
12x+3x+x=19200
16x=19200
x=19200∶16
x=1200
Жауабы:
Мысық бағасы – 1200.
Күшік бағасы – 3*1200=3600.
Тотықұс бағасы – 2*3600=7200.
119.Үшбұрыштың бірінші және екінші қабырғаларының қосындысы 37 см. Екінші және үшінші қабырғаларының қоындысы 41см. Бірінші және үшінші қабырғаларының қосындысы 32см.Үшбұрыштың переметрі неше см?Үшбұрыштың екінші қабырғасы неше см?
Шешуі:
Үшбұрыштың бірінші қабырғасы-а
екінші қабырғасы-в
үшінші қабырғасы-с
Есептің берілгені бойынша:
а+в=37
в+с=41
а+с=32
Үш теңдікті қосамыз
1) 2а+2в+2с=110 теңдіктің екі жағында 2 ге бөлеміз
а+в+с=55
Үшбұрыштың периметрі ол үшбұрыштың барлық қабырғасының қосындысына тең.
Сонда P=55,
2) Үшбұрыштың екінші қабырғасын табу үшін, периметрінен қалған екі қабырғасының қосындысын алып тастаймыз.
в=P - (a+c)=55-32=23
Жауабы: Үшбұрыштың периметрі 55см, үшбұрыштың екінші қабырғасы 23см.
120. Үш қорапшаға шарлар салынған, Бірінші қорапшадан 7 шарды екінші қорапшаға салғанда, онда 12 шар қалды, Екінші қорапшадан 3 шарды үшінші қорапшаға салғанда, үш қорапшадағы шарлар саны тең болды,Алғашқы бірінші қорапшада, екінші қорапшада, үшінші қорапшада неше шар болған?
Шешуі:
Есепті кері қарай есептеу арқылы шығарсақ болады. 1-қорапта бастапқыда неше шар болғанын білу үшін 12+7=19 амалын орындасақ жеткілікті. Ал екінші қорапта неше болғанын білу үшін келесі амалға (12-7) 3-ті қосамыз. Ал үшінші қорапта неше шар қалғанын 12-3=9 табуға болады. Үш қорапшада шарлар саны тең деген шартты барлық жағдайға қолдандық. Яғни 12-ге амалдар қолдандық.
Жауабы: 19; 8; 9.
*121. Хан Тәңірі шыңы Талғар шыңынан 2022 м биік. Манас шыңы Талғар шыңынан 491 м аласа, ал Мұзтау шыңынан 24 м аласа. Хан Тәңірі шыңының биіктігін ақпараттық көздерден іздестіріп тауып, оны «белгілі» деп есептеген. Манас, Мұзтау, Талғар шыңдарының биіктіктерін есептеп табыңыз.
Шешуі:
Теңдеу құрмас бұрын, берілген есепті мұқият оқып, негізгі белгісізді тауып, х-деп белгілеу керек. Есептегі негізгі белгісіз Талғар шыңы. Ақпараттық көздерді пайдаланып, Хан Тәңірі шыңының биіктігін анықтап аламыз.
Хан Тәңірі шыңы – 6995 м.
Басқа шыңдардың биіктіктерін табу үшін,теңдеуімізді құрып аламыз.
Талғар = х
Хан Тәңірі = х+2022
Манас = х-491
Мұзтау = (х-491)+24
Бізде Хан Тәңірі шыңы белгілі, демек,
х+2022=6995
х=6995-2022
х=4973 Талғар шыңы – 4973 м
Манас шыңы:
4973-491=4482 Манас шыңы – 4482 м
Мұзтау шыңы, Манас шыңынан 24 м биік, демек
(4973-491)+24=4506 м
Мұзтау шыңы – 4506 м
Жауабы:
Хан Тәңірі шыңы – 6995 м.
Талғар шыңы – 4973 м
Манас шыңы – 4482 м
Мұзтау шыңы – 4506 м
686.Пальтоның бағасы 17 000 тг. Қыс айларында пальтоның бағасы алғашқы бағасының 1/10-іне қымбаттады. Көктемде пальтоның бағасы оның соңғы бағасынының 1-10-іне арзандады. Көктемде пальтоның бағасы неше теңге болды?
Шешуі:
Берілгені бойынша қымбаттаған кезде де, арзандаған кездеде бағаның 1/10-іне өзгеріп отырған, бағаның 1/10 бөлігін былай табамыз:
Баға*1/10 = бағаның 1/10 бөлігі
Қыс айындағы қымбаттаған бағасын тауып көрейік:
17 000 + (Баға*1/10)
17 000 +(17 000*1/10) = 18 700 тг
Қыс айларында пальто бағасы 18 700 тг болды.
Көктем айларында пальтоның бағасы, оның соңғы бөлігінің 1-10-іне арзандады. Демек,
18 700 – (18700*1/10) = 16 830 тг
Жауабы:
Көктемде палтоның бағасы 16 830 тг болды
688. Жанармай сататын станция барлық жанармайдың бірінші күні 7/25-сін, екінші күні қалғанының 1/3-ін сатқанда, онда 4 4/5 т жанармай қалды. Жанармай сататын станцияда барлығы неше тонна жанармай болған?
Шешуі:
Бірінші күні 7/25-сі сатылса, онда жанармайдың 1-7/25= 18/25 қалады. Екінші күні қалғанының 1/3-і, яғни барлық жанармайдың 1/3*18/25=6/25-сы сатылды. Онда барлық сатылымдардан кейін жанармайдың 1-(7/25+6/25)=12/25 бөлігі қалады. Бұл бөлік 4 4/5 тоннаға тең. Онда бөлігі бойынша санды табу ережесі бойынша барлығы неше тонна жанармай болғанын таба аламыз: 4 4/5 ∶ 2/25=24/5* 25/2=10.
Жауабы: 10 т.
690. Парсы шаруасы үш ұлына 17 түйесін мұраға қалдырды. Бірінші ұлына барлық түйеснінң 1/2-ін, екінші ұлына 1/3-ін, үшінші ұлына 1/9-ін алуды тапсырды. Ағайындылар көп ойланды, бірақ әкесінің мұрасын ол айтқандай етіп бөле алмады. Сол кезде олардың жанынан түйесімен өтіп бара жатыр еді. Ол түйелерге өзінің қосып, мәселені шешуді ұсынды. Шындығында, ағайындылар түйелерді әкесі айтқанадй бөліп алды. Қожанасыр да өз түйесін қайтарып алып кетті. Ойларныдар, бұл қалай болған?
Шешуі:
х=17
I-17/2
II-17/3
III-17/9
Қожанасыр өзінің түесін қосты
х=17+1=18
I-18/2=9
II-18/3=6
III-18/9=2
Жауабы: I-9, II-6, III-2
691. Ыдыстың 1/5 бөлігі бос, қалғанына сүт құйылған. Ыдыстағы сүттің 3/4 бөлігін құйып алғанда, ыдыстың қандай бөлігі бос қалады?
Шешуі:
1-1/5=4/5. Ыдыстың 4/5 бөлігіне сүт құйылған. 4/5 бөліктің ¾ бөлігін бөлшектерді бір-біріне көбейту арқылы табамыз.
4/5*3/4=3/5
Құйылып алынған бөліктерді қоссақ:
1/5+3/5=4/5
Жауабы: 4/5 бөлігі бос.
692*. Бақта шырша, емен және қайың ағаштары бар. Шырша ағашы бақтағы барлық ағаштардың 9/25-ындай, ал емен ағаштары шырша ағаштарының 1/3-індей. Бақтағы қайың ағаштарының емен ағаштарынан 60-ы артық. Бақта барлығы неше ағаш бар?
Шешуі:
Ағаш саны бойынша тек қайың ағаштары емен ағаштарынан 60-ы артық деген ақпарат бар. Онда біз қайың ағаштары емен ағаштарынан қандай бөлікке артық екенін табу керек. Сонда біз бөлігі бойынша санды табу ережесі арқылы барлық ағаш санын табамыз.
Шырша ағаштары барлық ағаштардың 9/25-ындай.
Емен ағаштары шырша ағаштарының 1/3-індей, онда емен барлық ағаштардың келесідей бөлігін құрайды: 9/25* 1/3=3/25.
Ал қайың ағаштары қалғаны болады. Барлығынан шырша мен емен үлесін алып тастасақ, қайың үлесі шығады, яғни: 1-(9/25+ 3/25)=13/25 .
Қайың ағаштары емен ағаштарынан артығы: 13/25- 3/25=10/25= 2/5.
Онда барлық ағаш саны: 60∶ 2/5=150.
Жауабы: 150 ағаш.

Назарларыңызға рахмет !!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет