Математикалық олимпиада және логика пәні 2 сынып Түсініктеме хат Мақсат, міндеттері Бастауыш сыныптарда «математикалық олимпиада және логика»



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі22,12 Kb.
#91828
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-сынып жоспар

Бағдарламаның қажеттілігі
Ең басты қажеттілік қазіргі кезеңде дамыта оқытуға арналған арнайы бағдарлама, қазақ тілінде басылып шыққан оқу құралдары жоқтықтан туындап отыр. Сондай-ақ тереңдетіп оқытуды жоғарғы сыныптардан бастап жүзеге асыру практикасы оқушылардың дарынын ерте ашып, белсенді түрде оқып үйрену кезеңінде (5-7сынып) оқушыларға тірек білім, білік негіздерін берумен қатар ой өрісін дамытып, шығармашылыққа баулау арқылы математикаға деген қызығушылығын ерте оятуға кері ықпал етіп отырғандығы байқалуда. Мәселен №73 физика-техникалық лицейінің математика бағытындағы дарынды балалар мектебі бола тұра 9-11 сыныптардан математикалық олимпиадаға қатысатын оқушы табу оңайға түспейді. Бұған оларды оқу жүктемесі онша көп емес 5-7 сыныптарда арнайы дайындықтан өткізіп, математикаға деген қызығушылығын арттыра алмауымыз әсер етіп отыр. Сондай-ақ олимпиадаға жүйелі дайындық ісін тек жоғарғы сыныптарда таңдау курсы түрінде өткізіп келгендіктен, оған қамтылу мүмкіндігі шектеліп, (басқа да пәндерден қатысу қажеттілігінен) тиімділігі ойдағыдай болмай жүр. Бұл олқылықтардың орынын толтыру ісі бастауыш сыныптан бастап, арнайы бағдарлама бойынша, олимпиадалық алғашқы сатылы дайындық мазмұнын стандарттық мазмұнмен тығыз үйлестіре отырып оқытуды жүзеге асыру болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет