Математикалық олимпиада және логика пәні 2 сынып Түсініктеме хат Мақсат, міндеттері Бастауыш сыныптарда «математикалық олимпиада және логика»



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі22,12 Kb.
#91828
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-сынып жоспар

Бағдарламаның мақсаты
Бастауыш сыныптардан бастап «математикалық олимпиада және логика» пәнін енгізу арқылы оқушылардың ой қабілетін дамытып, логикалық қортынды жасау, оңтайлы шешім қабылдаудың тиімді әдіс тәсілдерін игерту. Оқушылардың математикалық сауатын жоғары деңгейге көтеріп, бейімдік дайындық курстарын 5-6-сыныптан бастап нәтижелі өткізуге базалық мүмкіндік жасау.


Бағдарламаның өзектілігі мен жаңашылдығы

Математика пәнінің тереңдетілген стандарттық мазмұнын жеделдете


үйретумен қатар, Бастауыш сыныптарда «математикалық олимпиада» пәнін енгізудің мүмкіндіктерін жасауға арналған маңызды істің бағыт бағдарын, мазмұны мен әдістемесін айқындап беріп отыр. Ары қарай осы бағдарламаға негіздей отырып, «математикалық олимпиада және логика» пәнін бастауыш мектептен оқытуды жүзеге асыру ісі өз бастамасын алып отыр.
Бағдарлама кешенділік талапқа сай, стандарттан тыс оқу мазмұны, оқу
құралы, оқыту әдістемесі қамтылып жасалып отыр.
Бағдарлама іріктеу емтиханы арқылы сұрыпталып алынған бірнеше сынып оқушыларынан екінші реткі сұрыптау емтиханы бойынша таңдап алынған математикаға қабілеті жоғары оқушылардан құралған сыныпқа арналып, жеделдете, дамыта оқытуға бағытталып жасалған.
Сонымен қатар математика сабағы топпен жұмыс жасау, бағдарламаны
нәтижелі жүзеге асыруға оңтайлы мүмкіндік туғызады.
Бағдарлама бойынша сыныптарда өтілетін математика пәнінің
Стандарттық мазмұнының 80%-ын оқумен қатар әр тақырыпты теориялық және практикалық жағынан біршама тереңдетіп үйрету жоспарланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет