Математикалық сауаттылық тапсырмалары
Шаңғы жарыс жолында Айнұрдың алдында 25 спортшы тұрды. Айнұрдың артында 19 спортшыдан кейін Елдос кезекте тұр. Елдостан кейін 7 спортшы бар.
1-сұрақ. Айнұрдың нөмірі нешінші? Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Елдостың нөмірі нешінші? Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Жарысқа барлығы қанша спортшы қатысуда?
Жауабы: ___________ .
Қашықтық.
Оқушыларға 60 тал отырғызу тапсырылды.
1-сұрақ. Талдарды 6 қатарға отырғызу керек болса, онда әрқатарда қанша талдан болады?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Талдарды әрқатарда 12 талдан болатындай етіп отырғызса, онда қанша қатар болады?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Талдарды әрқатарда 5 талдан болатындай 4 қатарға етіп отырғызуға болады ма?
Жауабы: ___________.
Жас.
Әкесі және баласының жасын бірге қосқанда – 30 жас, баласы мен атасының жасын бірге қосқанда – 60 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 84 жас.
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста болғаны?
Жауабы: ___________.
Ойыншықтар дүкенінде.
Ойыншықтар дүкеніндегі әр түрлі үстел үстіндегі ойын түрлерінің бағалары келесі 14-кестесінде көрсетілген.
14-кесте
Ойыншық түрлері
|
А
|
В
|
С
|
D
|
E
|
F
|
G
|
Бағалары (теңге)
|
1130
|
1500
|
1030
|
920
|
850
|
4100
|
3250
|
1-сұрақ. Бағасы 1500 теңгеден аспайтын ойыншық түрлері санын табыңдар.
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Әкесі кішкентай қызына екі әр түрлі ойындар сатып алды, оған ол 2500 теңгеден кем ақша жұмсады. Мұнда сауданың нұсқалары санын табыңдар. Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Егер үш ойыншық сатып алса, дүкенде барлық саудаға 20% жеңілдік беріледі. Әкесі қызына қандай үш ойыншықты сатып алуына болатынын жазыңдар.
Билет бағасы.
Үш ересек және төрт баладан тұратын отбасы Астана қаласынан Алматы қаласына баруға жиналды. Барлығына баруға және кері қайтуға билеттер сатып алу қажет.
10-кестеде Астана – Алматы қатынасындағы пойыздардың плацкарт вагонының билет бағасы көрсетілген.
10-кесте – Плацкарт вагонға билеттің бағасы
Достарыңызбен бөлісу: |