Математикалық сауаттылық тапсырмалары



бет4/5
Дата20.01.2022
өлшемі229 Kb.
#129546
1   2   3   4   5
Байланысты:
матем.сауаттылық есептер

3-есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.

АВС үшбұрышының В төбесіндегі бұрыш 48°-қа тең, ал С бұрышымен сыбайлас бұрыш – 102°.



1-сұрақ. АСВ бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .

2-сұрақ. ВАС бұрышының шамасы қанша? Жауабы: ______ .

3-сұрақ. Үшбұрыштың А төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?

Жауабы: ______ .

4-сұрақ. Үшбұрыштың В төбесіне қатысты сыртқы бұрышының градустық өлшемі қанша?

Жауабы: ______ .

4-есеп. Қозғалыс.

Бірінші пойыздың жылдамдығы 70км/сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан 5км/сағ-қа кем.



1-сұрақ. 5 сағ-та әр пойыз қанша километр жол жүреді? Жауабы: _______ .

2-сұрақ. Егер ұзындығы 270 км жолда пойыздар бір-біріне қарама-қарсы бағытта бір мезетте қозғалатын болса, онда қанша сағаттан кейін кездеседі? Жауабы: ________ .

5- есеп. Көпбұрыштар. Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген (22-сурет). Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.

22-сурет



1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген? Жауабы: ___________.

2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш кескінделген?

Жауабы: ___________.

3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген?

Жауабы: ___________.

4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген?

Жауабы: ___________.

6- есеп. Фигураның ауданы.

Қабырғалары 25 см болатын шаршыға, бір төбесі осы тіктөртбұрыштың төбесімен сәйкес келетін, ал үш төбесі оның үш қабырғасының ортасы болып табылатын төртбұрыш іштей сызылған (20-сурет).



20-сурет



1-сұрақ. Боялған фигураның ауданы неге тең? Жауабы: ________ .

2-сұрақ. Боялған фигураның өлшемдері қандай? Жауабы: ________ .

3-сұрақ. Боялған фигураның периметрі неге тең? Жауабы: ________ .

4-сұрақ. Боялған фигураның ауданы берілген тіктөртбұрыштың ауданынан қанша пайыз кем?

Жауабы: ________ .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет