7-есеп. Жанармай.
2016 жылы 1 литр бензиннің бағасы 125 тг. Ал 2007 жылы 1 литр бензиннің бағасы 23,2%-ға арзан болған.
1-сұрақ: 1 литр бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай?
Жауабы: __________
2-сұрақ: 2016 жылығы 1 литр бензиннің бағасы 2007 жылмен салыстырғанда қанша теңгеге қымбат?
Жауабы: __________
8-есеп. Қозғалыс.
Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/с жылдамдықпен жүрді.
1-сұрақ. Жолды 0,5 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс жылдамдығын қаншаға арттыруы керек?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Жолды 20 км/с жылдамдықпен жүрсе, онда уақыт қалай өзгереді? Жауабы: ___________.
9- есеп. Санау.
Егер газеттің ашылған парағының сол жақ беті он сегізінші деп, ал оң жағы
– отыз алтыншы деп нөмірленсе, онда осы газетте неше бет болғаны? Жауабы: ___________.
Математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары.
1. Бір аптада кассадан киноға сатылған билеттер диаграммасы көрсетілген. Бір күнде 500 билет сату жоспарланған. Қай күндері жартысынан көп, бірақ 300-ден аспайтын билеттер сатылды?
A) сәрсенбі, бейсенбі
B) сейсенбі, дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
C) сейсенбі, жексенбі
D) дүйсенбі, бейсенбі
E) дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
2. Әсем пойыздың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар?
A) 13 B) 15 C) 11 D) 12 E) 14
3. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдана қазір неше жаста?
A) 9 B) 6 C) 4 D) 10 E) 86.
4. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің 60%-ына тең болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз.
A) 14 сағ
B) 14 сағ 40 мин
С) 15 сағ
D) 7 сағ 20 мин
E) 3 сағ
5. Сымды 18 бірдей бөлікке бөлді. Егер сымды 12 бірдей бөлікке бөлетін болса, онда бөліктің ұзындығы 8 см-ге артады. Сымның ұзындығын анықтаңыз.
A) 312 см
B) 272 см
C) 288 см
D) 256 см
E) 264 см
6. Саматтың үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың жиегінде 17 ағаш өседі. Самат олардың кейбіреулерін қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі: тоғанға бара жатып ол бірінші ағашты, сонан соң әрбір екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып, ол тағы да бірінші ағашты, сонан соң әрбір үшінші ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштардың санын көрсетіңіз.
A) 7 B) 6 C) 5 D) 8 E) 4
7. Көк базарда салмағы бойынша екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең екенін анықтаңыз.
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
8. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз
A) 28 B) 25 C) 20 D) 26 E) 19
9. А, В, С, D нүктелері бір түзудің бойында жатыр. АВ ара қашықтығы 100 см, АС арасы 12 см, ал В-дан D-ға дейін 35 см. D-дан С-ға дейінгі қашықтық 123 см болса, В-дан С-ға дейінгі ара қашықтықты табыңыз.
A) 88 см B) 112 см C) 51 см D) 135 см E) 75 см
10. Кітап беттері 559 цифрмен нөмірленген. Егер кітап беттері оның үшінші бетінен бастап нөмірленсе, кітапта барлығы неше бет болғаны?
A) 222 B) 225 C) 224 D) 221 E) 223
11. Балауса мен Жансезім төмендегі тоғыз санды өзара бөлісіп алды:1, 3, 7, 8, 9, 11, 14, 25, 32Әркім өзіне төрт сан алды және бір сан артық қалды. Балаусаның сандарының қосындысы Жансезімнің сандарының қосындысынан үш есе көп болса, артық қалған санды анықтаңыз.
A) 3 B) 11 C) 14 D) 8 E) 9
12. Сымнан қабырғасы 16 см тең қабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз.
A) 144 см2 B) 100 см2 C) 81 см2 D) 36 см2 E) 64 см2
13. 5, 8, 4 және 1 төрт цифрымен жазылған ең үлкен және ең кіші төрт таңбалы сандардың айырмасын табыңыз.
A) 4393 B) 7056 C) 4356 D) 7083 E) 4383
14. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші санды табыңыз:22; 202; 2002; ...
A) 20002 B) 200000 C) 200002 D) 22000 E) 20000
15. Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді. Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын. Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып (дұрыс немесе қате) 26 ұпай жинады. Ол қанша есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз.
A) 5 B) 8 C) 6 D) 7 E) 4
Жауаптары:
1)C; 2)A; 3)B; 4)C; 5)C; 6)D; 7)A; 8)E; 9)A; 10)A; 11)C; 12)A; 13)D; 14)C; 15)D;
МАТЕРИАЛДЫ ЖҮКТЕУ
0
Достарыңызбен бөлісу: |