1.3. Математикалық экскурсия.
Математикалық экскурсиялардың негізгі мақсаты математиканың техникада, күнделікті өмірде қолданылуын оқушыларға көрсету. Физика, математика пәнінің мұғалімдері бірлесіп жоспарлы түрде өндіріске (завод, фабрика, есептеу центрі, обсерватория т.б. ғылыми-зерттеу орындарына) жасалатын экскурсиялардың пайдасы мол.
Математикадан экскурсия жасағанда мыналарды ескеру керек:
1) Экскурсия объектісін және оған қажетті заттарды алдын ала дайындау.
2) Экскурсия тақырыбы сыныпта өткен программалық материалға негізделеді.
3) Экскурсия жоспары алдын-ала жасалады. Оқушылар өндіріс орындарына барғанда не істейтіндігі жөнінде мұғалім тиісті нұсқаулар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |