Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі


Орта мектепте математикалық кеш өткізу



бет40/45
Дата25.12.2021
өлшемі1,03 Mb.
#105325
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
kenes-hattam-qis-nisan, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы, Қасқатаева.МОТӘ. Оқу құралы
1.4. Орта мектепте математикалық кеш өткізу.

Оқушылардың математикалық ой-өрісін кеңейтіп, математикалық сауаттарын ашуда математикадан жүргізілетін кештердің маңызы зор. Тақырыбы, мазмұны және ұйымдастыру жолы әр түрлі болып келген кештер сыныптан тыс жұмыстардың балаларды қызықтыратын көп тараған түрі.

Математикалық кештердің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету, балалардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне көмектесу, еркін ойлау және математикалық сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Кеш ұйымдастыруда бірнеше адамнан тұратын кеш комиссиясы құрылады. Оның құрамында мектеп дирекциясынан, екі-үш мұғалім, мектепті қамқорлыққа алған өндіріс орындарынан, математика үйірмесінің өкілдері және ұйымдастырушылық қабілеті бар өнерлі оқушылар тартылуы керек. Математикалық кешті әдетте үйірме жетекшілері, пән бірлестігінің тапсыруы бойынша екі-үш мұғалім ұйымдастырады.

Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын даярланып ілінеді. Оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет. Кешке арналған залды көркемдеу үшін оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер конкурсын ұйымдастыру керек, сондай-ақ оқушылардың үлгілі дәптерлері мен өздері жасаған фигуралардан, қызықты математикалық кітаптардан көрмелер ұйымдастырылады.

Мектеп оқушыларының математикалық мазмұнды өлең-жырларын, интермедияларын, құрастырған есептерін, сөзжұмбақтарын, викториналарын т.б., яғни кешке деген тартуларын қабырға газеттерінде және басқа жерлерде пайдалану арқылы олардың беделін жолдастарының арасында көтеруге болады.

Кеш өткізер алдында математика апталығы ұйымдастырылады. Біз педагогикалық практика кезінде өз тәжірибемізде апталықты кештің тақырыбына қарай әр түрлі формада өткіземіз.

Кештерді көбінесе эстафеталық формада өткізген жөн. Параллель сыныптардың не жарысқа қатысушы жақтардың өз программасы, өзіндік ерекшеліктері, құпиясы болуы керек. Кештің бүкіл мазмұны таңдап алынған тақырыбына сай болғаны жөн.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар қандай бағытта жүргізіледі?

2. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаттары қандай?

3. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрлері бар?

4. Математикалық үйірмені жүргізу әдістемесі.

5. Оқушыларды математикалық олимпиадаға дайындау әдістемесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет