Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі (можә) пәні бойынша оқу материалдары



бет1/8
Дата21.11.2023
өлшемі200,8 Kb.
#192568
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5-апта МОЖӘ (1)




Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі (МОЖӘ) пәні бойынша оқу материалдары

5-апта
Математиканы оқытудағы индукяция және дкдукци. Жалпылау және нақтылау.
Жоспары:
1. Индукция.
1.1. Толымсыз индукция;
1.2. Толық индукция;
1.3. Математикалық индукция.
2. Математикалық индукция әдісі
2.1. Математикалық индукция әдісінің теоремаларды дәлелдеуде қолданылуы
2.2. Математикалық индукция әдісінің сандардың бөлінгіштігін дәлелдеуде қолдануы
2.3. Математикалық индукция әдісін теңбе-тендіктердің дұрыстығын дәлелдеуде қолдану
2.4. Математикалық индукция әдісін теңсіздіктің дұрыстығын дәлелдеуде қолдану
2.5. Математикалық индукция әдісінің геометриялық есептерді шығаруда қолданылуы
3. Дедукция
4. Жалпылау және нақтылау
5. Жалпылау мен нақтылауға мысалдар
Идукция және дедукция өзара байланысты таным әдістері. Бұл әдістердің бөлінуі ой қорытулардың индуктивтік және дедуктивтік болып ажыратылуына негізделген. Индукция (лат. Inducti-бағыттау), дедукция (лат. Deductіо-қорытындылау, шығару) терминдерінің үш мәні бар:
1) ой қорытулардың түрлері;
2) зерттеу әдістері;
3) материалды баяндау формалары.


1. Индукция.
Индукция деп әдетте жекеден жалпыға өтудегі ой қорыту түсініледі. Индукция туралы кең мағынада, ойлау қозғалысының жеке жағдайлардан жалпы жағдайға көшу нәтижесіндегі таным әдісі; тану амалы деп айтуға болады. Жалпы алғанда, математикада индуктивті әдіс деп тәжірибе арқылы тексерілген және дұрыстығы қатаң түрде тағайындалған теориялық сипаттағы айғақтар негізінде жаңа қорытындылар және теориялар алу деп түсініледі.
Математикада теоремаларды дәлелдеуде, есептерді шығаруда көп қолданылатын әдістердің бірі индукция мен дедукция деп аталады. Бұл әдістердің негізіне түсіну үшін алдымен ойды қорытындылаудың қандай түрлері болатынын қарастырайық. Ойды тұжырымдаудың екі түрі болады. Мысалы, “120” саны 5-ке бөлінеді десек, тек бір ғана санның (120-ның), екінші бір санға (5-ке) бөлінетінін айттық. Сондықтан бұл жеке фактыны қарастыру арқылы жасалынған дербес тұжырым. Бөлінгіш (120) нольмен аяқталған үш таңбалы сан оның осы екі қасиетін байқап алып, мынадай жалпы екі ой қорытындысын жасайық:
1. Нольмен аяқталған сандардың барлығы 5-ке бөлінеді.
2. Үш таңбалы сандардың барлығы 5-ке бөлінеді.
Бұл екі пікірдің біріншісі дұрыс болғанымен, екіншісі бұрыс, өйткені үш таңбалы сандардың барлығы бірдей 5-ке бөліне бермейді.
Осындай жеке ой қорытындысынан жасалынған жалпы ой қорытындысын индукция (лат.inductio-ой салу) деп атайды.
Сөйтіп, дербес фактыларды қарастырып, яғни индукция жолымен жасалынған жалпы ой қорытындысы дұрыс та, теріс те болуы мүмкін. Енді ол қай уақытта дұрыс және қай уақытта теріс болатындығына көз жеткізу үшін индукцияның қандай түрлері болатынын қарастырайық. Индукция 3 түрлі болады:
1. Толымсыз индукция;
2. Толық индукция;
3. Математикалық индукция.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет