8. Математикадан сыныптан тыс жұмыстар, оны өткізу әдістері
8.1 Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты,
мазмұны
және негізгі түрлері.
8.2 Математикадан факультативтік жұмыстар.
8.1 Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар – жалпы білім
беретін мектептердегі оқу–тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі.
Математикадан
жүргізілетін
сыныптан
тыс
жұмыстардың
негізгі
мақсаты – оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру,
шығармашылық қабілеттері мен дербестіктерін жан–жақты дамыту.
Сонымен бірге, оқушыларды өзіндік және ғылыми–зерттеу жұмыстарының
ең қарапайым дағдыларын үйретуге баулуға жол ашу.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды міндеттері: а) оқушылардың
танымдық белсенділігі мен пәнге деген ынтасын қалыптастыру;
б) математикалық білімдерін тереңдету; в) дүниеге ғылыми көзқарастарын
кеңейту болып табылады.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды мазмұны
жағынан екі топқа бөлуге болады.
1. Бағдарламадағы материалды қосымша өту.
2. Математиканы ерекше қабілетпен қызығып оқитын оқушылармен
жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт әр түрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген
оқушылармен жүргізіледі. Мұндай оқушылармен дайындық мүмкіндігінше
жүйелі түрде, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Оның негізгі
мақсаты математика курсы бойынша оқушы білімі мен дағдарысындағы
кемшіліктерді дер кезінде жою.
Екінші бағыты математиканы ынтамен оқитын оқушыларға арналады.
Ол төмендегідей мақсаттарға жауап береді.
1) оқушылардың математикаға қызығушылығын тудырып дамыту;
2) бағдарламалық материал бойынша оқушының білім көлемін кеңейту
және тереңдете оқыту;
3) оқушылардың ғылыми зерттеушілік сипаттағы дағдарысы мен
математикалық қабілетін дамыту;
4) оқушылардың жеке өзіндік ойын дамытып жетілдіруге тәрбиелеу.
Мұндағы
мақсат
–
оқушылардың
дүниетанымын
кеңейту,
шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерге тәрбиелеу.
72
Математикадан
сыныптан
тыс
жұмыстардың
негізгі
түрлеріне:
математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кеш,
математикалық
сайыс,
викториналар,
конкурстар,
математикалық
олимпиадалар, көңілді математиктер клубы, т.с.с жатады.
Математикалық үйірмелер - сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі
түрі. Оларға математикаға қызығатын және бейімді оқушылар ерікті түрде
қатысады. Математикалық үйірмелер арқылы оқушыларға бағдарлама
көлемінде және математикалық қосымша мәселелерінен де түсініктер беріп,
олардың білімін жан–жақты кеңейтуге болады. Үйірме жұмысы алдымен кең
тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол
оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме
жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағыттарды жүргізуге
болады. Теориялық бағыттағы үйірме жұмысы мұғалімнің немесе оқушының
белгілі тақырып бойынша әңгімесін, баяндамасын қамтып, аптасына бір рет
жүргізіледі. Әрбір жұмыстың ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.
Практикалық бағыттағы үйірме жұмысында әр түрлі мазмұндағы есептерді
шешіп,
мектеп
және
ауданаралық
олимпиадаларға
даярланады.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатымен ойын есептерін,
логикалық есептерді және практикалық мазмұндағы есептерді көбірек
шығарған жөн. Математика үйірмесіне көптеген талаптар қойылады.
Үйірмеде берілген білім оқушылардың ой-өрісін арттыратындай, жоғары
сыныптарда математиканы оқып үйренуіне көмектесетіндей дәрежеде болуы
керек. Үйірме сабақтары барынша жүйелі, қарапайым, қызықты және
ғылыми болуы тиіс. Үйірмеде оқушылар ерікті түрде пікір алмасып, өз
ойларын жасқанбай ортаға салулары қажет.
Математика үйірмесінің мазмұны мына мәселелерді қамту керек.
- жалпы білім беретін теориялық бағдарламалар;
- математика тарихынан хабарлар;
- ұлы математиктердің өмірі мен қызметі;
- қызықты, логикалық және тарихи есептерді шығару;
- қиынырақ есептер шығару (стандарт емес есептер);
- қолданбалы есептер қарастыру;
- математикалық кеш өткізуге дайындық жүргізу;
- оқушыларды математика жөніндегі жаңа әдебиеттермен таныстыру.
IV-VIII сыныптардағы үйірме жұмыстары мен математикалық кештер
оқушыларға ерекше қиындық келтірмейтіндей, олардың ғылымилығынан
гөрі қызықтылығы басым болуы керек.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрлерінің бірі – математика
апталығын өткізу. Математикалық апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын,
сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып игеруге, шығармашылық
белсенділігін, ізденімпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген
шаралар кешенін қамтиды. Ұйымдастырылған апталық және оны дұрыс
өткізу маңызды оқу–тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар оқу материалын толықтыру, тереңдету, түрлендіру, математиканың
практикада қолданысы, оқушыларға өзіндік жұмыстардың дағдыларын
73
дамыту және олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерінің пайда болуы сөзсіз. Бұл
шараларға
дайындалу
және
оны
өткізу
барысында
математика
мұғалімдерінің педагогикалық біліктілігі көтеріледі және де оқытушы мен
оқушылардың арасында, сондай–ақ жалпы мектеп педагогтары мен
оқушылар ұжымдарының арасында да өте тығыз және емін–еркін
шығармашылық байланыстар қалыптасады. Жұмыс мектеп математиктерінің
әдістемелік бірлестігінің апталық өткізу туралы шешімімен басталады.
Апталықты өткізу үшін алдын ала математика мұғалімдері мен бірнеше
оқушылар кіретін ұйымдастыру тобы құрылады, ұсыныстар мен
мүмкіндіктерге қарай апталықтың бағдарламасы жасалады, әр сала бойынша
жауаптылар тағайындалады, барлық дайындық жұмысы істелініп бітетін ең
соңғы мерзім белгіленеді. Апталықты ұйымдастыруға сынып жетекшілері,
пән мұғалімдері, ата–аналар және т.б. көмек көрсете алады.
Математикалық апталықтың мазмұны барынша мектеп оқушыларын
көп жұмылдыратындай түрлі–түрлі болуы керек. Бұл олардың ынталығы мен
қызығушылығын жетілдіруге себеп бола алады. Апталыққа дайындалу
барысында оқушылардың ізденімпаздығы мен ынталылығын білдіретін
іс-әрекеттерге барынша мүмкіндік жасау керек. Даярлық кезінде оқушыларға
жеке немесе ұжымдық тапсырмалар беріледі. Мәселен, қабырға газетін
шығару, қолжазба журнал шығару, стенділер даярлау, көрнекі құралдар
көрмесін ұйымдастыру жұмыстарын тапсырма ретінде беруге болады.
Әдетте, математикалық апталық альбомдар, қабырға газеттерінің сайысынан
басталып, математикалық ойындар, жарыстар мен олимпиадалар өткізумен
аяқталады. Жеңімпаздар арнайы атап өтіліп, оларға жүлде тапсырылады.
Математикалық апталықты мынадай жоспарда өткізуге болады.
1. Дүйсенбі «Математика – ғылымдар патшасы» - конференция.
2. Сейсенбіде «Әр түрлі санау жүйелері» - үйірме.
3. Сәрсенбіде «Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар» - математикалық
сайыс.
4. Бейсенбіде математикалық олимпиада.
5. Жұмада қызықты есептер, жұмбақ есептер, ребустар, кроссвордтар
жарысы және т.б.
6. Сенбіде «Қызықты математика» - математикалық кеш.
Математикалық кеш - сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған түрінің
бірі. Математикалық кештің мақсаты – оқушылардың алған білімдерін
тереңдете түсу, олардың практикада, өмірде кең түрде қолданылуын көрсету,
оқушылардың жаңа ғылыми және техникалық идеялар әлеміне енуіне
көмектесу, өз ойын жеткізе білуге үйрету. Бұл кештердің білім беру, үйрету
бағытымен қоса тәрбиелік мәні болуы тиіс, яғни оқушылардың ғылыми
көзқарастарын қалыптастыруға, еңбек сүйгіштікке баулуға ықпал етуі керек.
Кешке арналған газеттер, ребустар, викториналар, сөз жұмбақтар күні бұрын
даярланып ілінеді. Оны оқушылар алдын ала оқып біліп талдауы қажет.
Кешке арналған оқушылардың эстетикалық талғамына сай газеттер сайысын
ұйымдастыру керек, сондай–ақ оқушылардың өздері жасаған фигуралардан,
қызықты математикалық кітаптардан көрмелер ұйымдастырылады. Кештерді
74
көбінесе эстафеталық түрде өткізген жөн. Параллель сыныптардың, не
жарысқа қатысушы жақтардың өз бағдарламасы, өзіндік ерекшеліктері,
құпиясы болуы керек. Кештің бүкіл мазмұны таңдап алынған тақырыбына
сай болған жөн. Міндетті түрде әрбір кештерде кеш болатын жерде
«Білімінді тексер!», «Ауызша есептеп үйрен!», «Сен білесің бе?!», «Бірден
сызып шық», т.б. тақырыптарда газеттер, викториналар ілінеді. Кештің
қызықты мазмұнды өтуіне зор мән берген жөн. Қызықты математика кештері
әсіресе, V-IX сынып оқушылардың қызығушылығын арттырумен бірге,
ғылыми мәліметтерді уағыздаудың маңызды құралы болуы тиіс. Қызықты
математика кештерінің бағдарламасы әдетте көркемделген, әр алуан
айшықты материалдарды қамтиды және мұнда қысқаша хабарламалар,
викториналар, математикалық жұмбақтарға кең орын беріледі.
Математикалық олимпиада оқушылардың математикалық білімінің
артуына ерекше жағдай жасап, олардың ойлауын, қызығушылығын, білімге
құштарлығын тәрбиелеуде және олардың білімдерін тереңдетуде үлкен рөл
атқарады. Олимпиадалық есептерді үнемі шығару арқылы оқушылардың
өзіндік жұмыстар жүргізуіне, ғылыми көпшілік әдебиеттерді пайдалана
білуге бейімделіп, білім–білік дағдысы артады. Математикалық олимпиада
математиканы оқытудың жалпы деңгейін жақсартады, оқушылардың алған
білімінің сапасының артуына мүмкіндіктер жасайды.
Математикалық олимпиадалар – дайындығы неғұрлым жоғары
оқушылармен жүргізілетін жарыс. Мұнда белгілі табыстарға жету үшін
алдын ала даярлық жұмысын жүргізген жөн. Мәселен, алғашқы кезеңде
бұрынғы олимпиадада пайдаланылған есептер мен жаттығулардың мазмұны
ілінеді және сол есептер мен жаттығулар бойынша ұдайы кеңестер
жүргізіледі.
Сонымен
бірге,
жалпы
мектептік
математикалық
олимпиадаларға оқушыларды дайындау кезеңінде арнайы қабырға газетін
шығарып, бұрынғы олимпиада жеңімпаздарының қатысуымен сұрақ–жауап
кешін ұйымдастыруға болады. Оқушыларды бұрынғы жылдардағы
олимпиада есептерінің шешілу әдістерімен таныстыру олардың жалпы
математикалық білімін және жергілікті жердегі олимпиадаға дайындығын
жақсартады. Тапқырлықты талап ететін әр түрлі есептерді шығарған
оқушылардың кеңістік түсініктері, абстрактілі ойлау қабілеттері арта түседі.
Оқушыларды олимпиада есептеріне қызықтыру математика мұғалімдері үшін
оңай жұмыс емес. Сондықтан, ең алдымен сыныпта өткізілетін математика
сабақтарының сапасын арттырған жөн. Дұрыс ойластырылған, ғылыми жағы
басым, математикадан жұргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды
есеп шығаруға қызықтыратыны сөзсіз. Олимпиадаға дайындықты төмен
сыныптан бастап оны үзбей бірнеше жыл жүргізудің көп пайдасы бар. Онда
жүйелі түрде бүкіл математиканың мектептік курсының қиындау және
бағдарламада аз қарастырылатын тарауларынан, өзіндік ақыл – ой күшін
қажетсінетін есептерді әр жылға бөліп шығартуға болады. Олимпиада
есептері мазмұны жағынан әр алуан болады. Алғашқы жылдардағы жаттығу
есептерінің қиындығынан гөрі қызықтылығы басым болуы керек.
Дайындығы аз оқушылардың математикаға деген сенімін жоғалтпау үшін ең
75
болмаса бір оңайлау есеп алу керек. Ал қалғандары сынып ерекшелігіне
қарай әр түрлі қиындықта болғаны жөн. Олимпиада жүлдегерлерін мектеп
басшыларының қатысуымен мадақтау, сыйлықтар беру оқушыларды
ынталандыратын тәрбиелік мәні бар іс. Олипиаданың келесі турына алғашқы
турында жеңіске жеткен оқушылар қатыстырылады. Мұның жеңімпаздары
аудандық (қалалық) олимпиадаларға жіберіледі.
8.2 Мектептегі факультативтік сабақтардың мақсаты – оқушылардың
математикалық білімдерін одан әрі тереңдету, қабілеттерін дамыту,
математиканың әр алуан қолданымдарын көрсету, олардың пәнге ынтасын
арттырып, кәсіптік бағдар беру. Бүгінгі таңда математиканың факультативтік
сабақтары орта мектептерде арнаулы сыныптарға енгізіліп, оқушылардың
жалпы математикалық даярлығын арттыруда ерекше орын алады.
Факультативтік курс математикаға ынталы, пәнге ықыласы мол, өзінің
математикалық мәдениетін көтеруге, білімін тереңдетуге, ой - өрісін
кеңейтуге ынталы оқушыларға арналған. Факультативтік сабақтарды
оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдағанда, алдымен курстың мазмұнын,
оқушылардың дайындық деңгейін, олардың бағдарламалық материалдарға
ынта – ықыласын ескеру керек. Сонымен бірге олардың ой - өрісі мен
дербестігіне де назар аударған дұрыс. Әдетте факультативтік курстардың
дәріс, әңгімелеу, практикалық жұмыстар, қосымша әдебиет бойынша
тапсырмаларды талқылау, оқушылардың баяндама жасауы, реферат жазу,
экскурсия үйымдастыру сияқты формалары мен әдістері кең пайдаланылады.
Факультативтік курстың кейбір материалдарын дәріс түрінде өтілуі
мүмкін. Мұндағы мақсат – оқу материалының ішінен ең өзектілерін баяндау,
есептер шешудің ең нақты әдістерін көрсету, оқушыларға материалды
өздігінен оқып үйренудің жолын нұсқау. Дәріс сабақтарында оқушылардың
тыңдау және ой түю машықтарын шыңдауға бағытталғаны пайдалы. Дәріс
барысында оқушылармен жеке мәселелер бойынша, қайсыбір ұғымының
тууы, оны дамытуда белгілі бір ғалымның қосқан үлесін, проблеманың есеп
түрінде қойылуын қысқаша әңгімелеудің рөлі зор.
Факультативтік курстың маңыздылығын арттыру жолдарының
бірі – практикалық жұмыстар орындау. Сабақтың бұл түрі оқу процесін
білімді іс жүзінде қолданумен ұштастыруға жол ашады. Мұнда мұғалім ең
алдымен оқушыларды практикалық жұмыстың мақсатымен, жұмыс істеу
тәртібімен таныстыруы, қажетті нұсқаулар беруі тиіс. Берілетін практикалық
тапсырмаларды жеке ерекшеліктеріне қарай берген дұрыс, ал жұмыс
нәтижесін күллі топтың қызметі ретінде бағалау керек. Мәселен,
«Көпжақтар» тақырыбы бойынша практикалық жұмыс жүргізгенде
көпжақтардың эскизін, олардың жазбалары мен модельдерін салу керек.
Дұрыс көпжақтардың модельдерін әр оқушы жеке, ал күрделі көпжақтарды
2-3 оқушы бірлесіп орындағаны дұрыс. Мұның өзі ұжымдық еңбекке
баулиды. Факультативтік курстың материалдарын терең игеру жолдарының
бірі – күрделі есептерді эвристикалық жолмен шығару. Алайда, есептерді
оқушылардың ынта – ықыласына сай іріктеп алса, оның тиімділігі арта
76
түспек. Алдымен даярлық есептер оқушылардың өздігінен шығармашылық
қызмет ету қабілетін дамытатындай, проблемалық ахуал ретінде берілуі тиіс.
Математиканың бірегейлік сипаты бұл
ғылымның өзінің ішкі болмысынан туған;
шынында да математика – бүкіл дәл
жаратылыстану ғылымының негізі. Ал
математиканың осынша биік мәртебелі
ролін кемел орындауы үшін, келешек ғасырда
оның жолына данышпан шеберлер мен
көптеген ізгі талапты жастар келе
беруін тілейік.
Гильберт Д.
9. Педагогикалық практика туралы
77
9.1 Педагогикалық практиканың мақсаты және мазмұны туралы.
9.2 Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар.
9.3 Сабақты талдау схемасы.
9.1 Педагогикалық практика студенттің кәсіби біліктілігін жетілдіруге
мүмкіндік беретін маңызды сала. Педагогикалық практика мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес көрсетіледі және студенттің
жеке оқу жоспарына енеді.
Педагогикалық практиканың мақсаты: студенттерге оқушыларды
оқыту және тәрбиелеуде мұғалімге қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру.
Педагогикалық практика кезінде студент-практиканттар әдіскердің,
психологтың және педагогтың көмегімен төмендегідей қабілеттерге ие
болады:
- педагогикадан, психологиядан, математиканы оқыту әдістемесінен
және арнайы курстардан алған теориялық білімдерін практикада қолданады;
- мектепте өз бетімен оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды және
жүргізеді. Ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оқушылардың тәрбие
жұмысында кейбір проблемаларды шешуде белсенділік көрсетеді;
- мектеп ұжымының өміріне араласып, сыныппен және ата-
аналармен белсене жұмыс істейді;
- мектеп оқытушыларының жинаған тәжірибесін бақылайды, талдайды
және қорытындылайды.
Педагогикалық
практика
студенттерді
болашақ
мамандыққа
дайындауда алатын орны зор, яғни студентер: а) институтта алған білімдерін
бекітеді және тереңдетеді; ә) педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілігі
орнығады; б) педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысына
қызығушылығы туындайды; в) курстық және дипломдық жұмыстарға
материалдар жинайды, мектепте эксперимент жүргізеді.
Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттер мектеп ұжымының
жұмыстарының барлық салаларына қатысты тапсырмалар орындайды.
Мұндай тапсырмаларды орындау студенттердің мектеп жұмысымен терең
танысуларына жағдай жасайды, теориялық білімдерін жетілдіреді және
педагогика ғылымдар саласынан, оның ішінде математиканың әдістемесінен
ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге ынталандырады.
Студент-практиканттар сабақтың төмендегідей түрлерін жүргізіп
үйренулері керек:
а) оқушыларды жаңа материалмен таныстыру сабағы;
ә) оқушылардың білім, білік және дағдыларын бекіту сабағы;
б) оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру сабағы;
в) жаттығу сабағы;
г) аралас сабақтар және т.б.
9.2 Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар:
1. Мұғалім сынып бөлмесіне оқушылар орындарына отырғаннан кейін
кіреді.
78
2. Сынып бөлмесінің тазалығы және сыныптың сабаққа дайындығы
тексеріледі.
3. Сыныпта жұмыс жүйесі жасалғаннан кейін оқушыларға сабақ
жоспары айтылады. Үй тапсырмасы тексеріледі. Жаңа сабаққа дайындау
мақсатында жаттығулар шығарылады.
4. Жаңа материалды түсіндіргенде өткен тақырыппен логикалық
байланыс жасалады.
5. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын дамыту үшін
проблемалық сұрақтар, тарих элементтері, өз бетімен жұмыс т.б.
қолданылады.
6. Үнемі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл
бөлінеді. Есеп шығарғанда, оны шешудің тиімді жолын іздеуге дағдыланады.
7. Сабақты күнделікті қорытындылаудың және бағалаудың маңызы зор.
Оқушылардың келешектегі белсенділігі олардың білімдерін әділ бағалау мен
үйге тапсырманы орындауға бағыттау жұмыстарына байланысты.
9.3 Психология-педагогикалық теорияның көмегімен әр түрлі негізде
құрылған сабақты талдаудың көптеген схемасы белгілі. Сабақты талдау
схемасын таңдап алу үшін оқушылардың білімділік сапасының қазіргі
өлшемдерін білу, оқыту мен тәрбиелеудегі сәттерді анықтаудағы және оны
жеңудегі ой-ізденістік қызмет тәсілдерін игеру, педагогикалық қызметтің
мәдени және адамгершілік мағынасын құру, оқытылатын білімнің мазмұнын
таңдау және қайта құра білу, оқушылардың өз бетінше ұйымдастыруының
негізгі құралдарын модельдеу және құру жеткілікті.
Сабақты талдау схемасы:
1. Мектеп, сынып, сабақ, студент-практиканттың не мұғалімнің аты,
тегі.
2. Сабақтың тақырыбы, сабақтың оқу-тәрбие мақсаттары, сабақ
түсіндірудің жүйелілігі, қойылған мақсатқа жетуде оқушылар ұжымын
ұйымдастырудың дұрыстығы.
3. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы моменті:
а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақ конспектісі және толық сабақ
жоспары, көрнекі құрал-жабдықтар және т.б. бар болуы);
ә) оқушылардың сабаққа дайындығы (кезекшілік, оқушылардың сабаққа
қажетті дәптерлері, оқулық, оқу-құралдары және т.б. болуы);
б) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы (тазалық, тақта, бор және т.б.).
4. Сабақтың ұйымдастыру құрылымы:
а) сабаққа оқушыларды түгел жұмылдыру;
ә) сабақтың оқу материалының мазмұнына сәйкестігі;
б) сабақты жүргізу жүйесі;
в) мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы;
г) сабақ уақытындағы оқушылардың белсенділігі.
5. Сабақтағы оқу материалының мазмұнын талдау:
а) оқу материалының ғылымилығы;
ә) оқушылардың білім деңгейі бағдарламаға сәйкестігі;
б) практикалық және теориялық материалдың сәйкестігі;
79
в) оқу материалдың жүйелігі;
г) сабақ материалының тәрбие мақсатына сәйкестігі;
д) өмірмен және практикамен байланыс.
6. Сабаққа қойылатын жалпы педагогикалық және дидактикалық
талаптардың орындалуы.
7. Мұғалімнің іс-әрекеті.
8. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекеті.
9. Сабақты бағалау:
а) сабақ жоспарының орындалуы; ә) сабақтың мақсатына жетуі;б)
сабақтың міндетінің орындалуы; в) ерекше үлгі аларлық мәселелер; г)
сабақты қайталап өткізгенде қандай өзгерістер енгізуге болады?
10. Қорытынды жасау және баға қою.
Достарыңызбен бөлісу: |