Материалдардың электрөткізгіштігі


Стабилитрондар және стабисторлар



бет7/17
Дата11.10.2022
өлшемі2,15 Mb.
#152597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Конспект лекция

3.7 Стабилитрондар және стабисторлар

Кернеуді тұрақтандыруға арналған p-n ауысу негізіндегі приборлар. Стабилитрон – ВАС-ында кернеудің өтіп жатқан ток күшіне тәуелсіз учаскесі бар жартылайөткізгіштік прибор. Мұндай участок стабилитрон ВАС-ының кері тармағында болады және ол диодтың электрлік тесілуінің нәтижесі.


Негізгі параметрлері:

  1. Uтұрақ.номин.;

  2. ΔUтұрақ.- тұрақталу кернеуі мәнінің ауытқуы;

  3. Jтұрақ.номин.;

  4. Jтұрақ.min;

  5. Jтұрақ.max.;

  1. Стабилитронның жұмыс учаскесіндегі дифференциалдық кедергісі Rg=(ΔU/ΔJ)/J=Jтұрақ.номин.

  2. Кернеудің температуралық коэффициенті (КТК).

Стабистор – кернеуді тұрақтандыруға арналған және тура бағытта жылжытылған диод.
Стабистордың басқа параметрлері стабилитрондыкімен ұқсас. Әдетте стабистрлар үшін Uтұрақ.ном< 3,2 В. Олар 3,2 В-тан төмен тұрақты кернеу алу үшін падаланылады.


3.8 Туннельдік диодтар

Күшті леширленген p-n аймақтың шекарасында туннельдік эффект байқалады. Ол диод ВАС-ының тура тармағында кедергісі теріс (нөлден кем) участоктың бар болуымен байқалады. Мұндай диодтардың кері тармағы жоқтың қасы, яғни кері кернеудің аз ғана мәнінде туннельдік тесілу байқалады да кері ток бірден күшейеді. Кедергісі теріс участке туннельдік диодтарды электр сигналдарын генерациялауға және оларды күшейтуге қолдануға мүмкіндік береді.




3.9 Кері диодтар

Кері диодтар туннельдік диодтардың бір түрі. Ондағы қоспалардың концентрациясы туннельдік диодтағыдан біраз төмен болады. Соның нәтижесінде оның ВАС-ында кедергісі теріс учаске болмайды.


Мұндай диодтардың кері тармағы туннельдік тесілу әсерінен электр тогын өткізетін болады. Кері диодтар амплитудалары шамалы 0,3 В-қа дейінгі айнымалы сигналдарды түзетуге қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет