Материалдары


мҽселесі бойынша Алматыда



Pdf көрінісі
бет225/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10
1-курс ГЕОГРАФИЯ оқу, 1-курс ГЕОГРАФИЯ оқу, Документ Microsoft Word (2), Презентация Microsoft PowerPoint, Ресей ХХ
 
мҽселесі бойынша Алматыда 
 
«Жаһандану дҽуіріндегі цифрлық кҥн тҽртібі» атты 
халықаралық форумы да ҿткізілді.
Қазір еліміз цифрлық қоғам қҧру жолына қадам баса отырып, қоғамдық ҿміріміздің барлық саласына 
цифрлық жҥйені енгізе бастады. Халықтың цифрлық сауаттылығын кҿтеру мақсатында АКТ (ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар) мамандарын дайындауды кҥшейтіп, барлық оқу орындарында адамдардың 
компьютерлік сауаттылық деңгейін артыруға кҿңіл бҿлініп отыр. Мектеп оқушыларын да компьютерлік 
сауаттылықтарын артыруға тҽрбиелей бастадық. 
 
Сондықтан қазіргі мектептегі негізгі бағыттардың бірі 
цифрлық технологияны дамытып, жастарға қажет ақпаратты қолжетімді ету болып саналады. Оқушылар да 
ҽртҥрлі стартап жобаларына қатысып, цифрлық технологияны барынша тиімді қолдана білуге ҧмтылып отыр.
Сонымен бірге елімізде IT стартаптарға қолдау кҿрсетіліп, жастардың цифрлық технологиямен айналысуына 
жағдай жасалған. 
Цифрлық технология дамуы елдің тҧрмыс жағдайының артуына да жағдай туғызады. Кҥнделікті 
жағдайдағы жҧмыстардың кҿбі цифрлық технологияға ауыстырылуы адамның артық қимылын азайтып, оның 
тҧрмысын жеңілдете тҥседі. Қарапайым тҥрде айтқанда, кҥнделікті ҿміріміздегі бір-бірімізбен хабарласу, тҥрлі 
кезекте тҧру, мҽліметтер алмасу, сауда жасау, қҧжаттарды тіркеу, жол қызметін реттеу, тапсырыстар беру, оқу-
білім алу, т.б. жҧмыстар цифрлық технологиялар кҿмегімен сапалы ҽрі тез атқарылады. 
 
Цифрлық экономика 
дамыған сайын, адамдар да оған бейімделіп, тіпті кҥнделікті сауда, қаржы байланыстары да жаңа сипат алып,
адамдардың қолма-қол ақшасыз тҿлем жасауға да жылдам ҥйрене бастайды. Осыған байланысты дамыған 


277 
қоғамда «халықты цифрлық қызмет тҥріне тарту керек, оны қолдану сҽнге айналуы керек» деген қағида 
ҥстемдік ете бастады.
 
Біз мектеп оқушыларына цифрлық технологиялардың артықшылықтарын дҧрыс тҥсіндіре білуіміз керек. 
Сонда ғана оқушы бҧл саланың болашағын сезініп, мектепте осы бағытта білімін шыңдауға бейімделуі тиіс. 
Егер цифрлық технологияларға қызықтыра алсақ, оқушы мектептегі кҿптеген пҽндерді терең меңгеріп, оқуға 
ынтасы арта тҥсер еді. Соның ішінде математика, физика, эвм пҽндері цифрлық технологияларға сҧранып 
тҧрғанын ескеру керек. Мен математика пҽнінің мҧғалімі ретінде цифрлық технологиялар мҥмкіншілігін 
барынша ҿз жҧмысыма енгізуге талаптанып келемін.
Алдымен цифрлық технологияны математика пҽні бойынша ҿткізілетін сабақтарда қолдану жолдарын 
таба білу керек. Кҥнделікті сабақта берілетін тапсырмаларды орындату жолында ҽріптестерімнің электронды 
оқулықтарын интернеттен тауып алып, оларды сабақ тақырыбына бейімдеп пайдаланамын. Оқушылардың
тҥрлі тест тапсырмаларын, жаттығуларды, сҧпақ-жауаптарды орындауы цифрлық технологияның кҿмегімен 
тез атқарылады. Сонымен бірге ата-аналармен байланыс жасау тҥрін орындауда да осы цифрлық 
технологияның кҿмегіне жҥгінсек, кейбір жҧмыстарды тез орындауға болатынына кҿз жеткіздім. Ата-аналарға
балаларға қатысты тҥрлі тақырыпта ой бҿлісу ҥшін электронды хат жіберіп, ҿзара талқылау жасадым. Бҧл ата-
ананы жиналыс деп міндетті тҥрде уақыт тауып мектепке келу қиындығынан қҧтқарады екен.
Цифрлық технология туралы оқушылардың танымын кеңейте тҥсу мақсатында интернет, ҧялы телефон, 
компьютер, т.б. туралы, олардың қоғамдағы қажеттілігі туралы тҽрбие сағаттарын ҿткіземін. Сонымен бірге
осы интернет, ҧялы телефонның пайдасы мен зияны туралы да пікір-сайыс ҿткізу арқылы цифрлық технология 
туралы толық ой қалыптастыруға, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін де дамытуға назар 
аударып отырамын. Цифрлық технология, интернет, ҧялы телефонның пайдасы мен зияны туралы оқушылар 
арасында дебат ҿткізу арқылы олардың осы саладағы ҿз мҥмкіндіктерін ҿз орнымен пайдалана білуіне жол 
кҿрсетемін. 
Цифрлық технология туралы ой бҿлісе отырып, осы «цифрлық» терминін қазақ тіліне аударып, 
«сандық» деп қолданатындар да бар. Мҧның екеуін салыстыра келіп, «цифрлық технология» деп атаған 
орынды болады деген пікірлер бар[3]. Сондықтан мен де осы пікірге қосыламын. Қазіргі техника қарқынды 
дамыған заманда жас ҧрпақ цифрлық технологияны терең тҥсініп, осы бағытқа бет бҧруы керек. Жастар
ҿмірге жеңіл қарамай, жеңіл пайда табуға қызықпай, осы цифрлық технологияны меңгеруге кҿңіл бҿлуі тиіс. 
Сондықтан Мемлекет басшысының 
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал 
осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру жəне жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің 
еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында»,
- деген сҿзін терең тҥсінуіміз қажет. Қорыта 
айтқанда, цифрлық технология –болашаққа игі қадам бастайтын жаңа заман, жаңа ғасыр жемісі, ҽлемдік 
дамудың талабы. Сондықтан мектеп мҧғалімі осы бағытта жҥйелі жҧмыс жҥргізуі керек деп есептеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет