115
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының
күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні –
бұлар біздің рухани
мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше
көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу
дегенді білдіреді. Туған жердің тарихын білген және өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың
перзенті екеніңді оны мақтан еткен дұрыс. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып
отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен
қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын
қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса,
ешқандай жаңғыру
болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің
кертартпа тұстарынан бас тарту керек», – деген болатын [1].
Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады.Оның шығарма-
шылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы
Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы
мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім,
өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл
үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық
түрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды
халқына адал қызмет
ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Адам
бойындағы «адамгершілік» деген қасиетті сақтап тұратын ол – рухани тәрбие екенін,
Абайдың тілімен айтсақ «Ары бар, ақылы бар, мейрімі бар адамның бірін-бірі жеп,
талап, қырып өсуі мүмкін емес» және де «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық
бол» [2], – деген бес қасиетін бойымызға дарытуымыз қажет.
Адам мен Заман қарым-қатынасы Абай заманында да болған, қазірде бар. Дүние,
қоршаған орта, заманауи жаңашылдықтар адамның адами қасиеттерін әлсіретіп,
жойылып кетуге ықпалын тигізуде. Абай ол туралы былай дейді:
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек.
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген мақал негізінде заманға сай адам
бойындағы жақсы қасиеттер
керісінше заман ығына жығылу, ыңғайына көнуге
мәжбүрлеуде. Заман өтеді, ал «Жақсының аты өлмейді». Жақсы дегеніміз кімдер?
Жақсыларды тәрбиелеп шығару Абай ілімі арқылы жүзеге асырылады. «Жетінші
қарасөзде»: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола
алмайды, Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік. Ал, «білсем»
дегендер не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына
салып, дәмін татып қарап, тіптен көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап,
тыныштық көрмейтіндер бар. Демек, жан құмарлығына салып, білуге, көруге,
үйренуге талпынатындар» [3] деген екен. Тән қалауымен өмір сүретін адамдар уралы
Абай былай дейді:
Жалығу бар,
шалқу бар, іш пысу бар,
Жаңа сүйгіш адамзат-көрсеқызар.
Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырап,
Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар.
Бұл өлең арқылы Абай бізге тәнін асырап, ертеңі жоқ, тек бүгінге (бұл дүниеге)
құмар ададардан ар, ұят, отан сүйгіштік, адалдық, тазалық ұғымдарын талап етудің
тіршілігіміздің кері кеткен тұстары бар екендігін аңғартады. Әрине айтылған әрбір сөзі
есті адамға ой саларлық дүние.
Абай адамда ақылдың екі түрі болатынын айтады. Біріншісі –дүниеніің бәрін
есептеп отыратын суық ақыл (рацио) немесе сезімсіз ақыл. Осындай сезімсіз адамдар
116
туған ата-аналарын қарттар үйіне өткізіп, зейнетақыларын алуға келетін ұпағы-осы
суық ақыл иелері сияқты. Бұл сезімсіз ақыл иелері өздерінің тас жүректігімен
хайуаннан да бетер қауіпті. Ал сезімді ақыл иелері әр ісін жүрегімен өлшеп, ақылдың
өзін жүрекке бағындырып отырады. Абай жүрек көзін
аша білген әр адамға жан
жомарттығы тән дейді.
Жүректің көзі ашылса,..
Адамның хикмет кеудесі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында табысты болудың ең іргелі, басты
факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін
межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар
жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді,-делінген. Бұл Абай
атамыздың жетінші қарасөзімен біте қайнасып жатқан ойлар.
Рухани жаңғырудың негізі – халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр
заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы-ұрпақтың
уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға
деген ұмтылысына
байланысты.
Абай шығармаларының бойынан адами келбеттің сан түрлі үлгілерін табамыз.
Олай дейтініміз, ақын өз заманы, қоршаған ортасы арқылы адам болудың, адамша өмір
сүрудің жолдары мен бағытын көрсетеді. Әр өлеңінде адами болмыстың сыры әр
қырынан танылады. Ол адамдықтың басты қасиеті – адамгершілік екенін баса
жырлайды, оның дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын да алады. Абай –
адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс
бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн
адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оған дәлел ретінде «Жігіттер, ойын арзан,
күлкі қымбат» өлеңін келтіруге болады.
Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі
сияқты жалғаса беретін процесс. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –
біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған
көнбегендер тарихтың шаңына
көміліп қала береді, – деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтып
кеткен болатын. Елбасымыздың ұтымды қағидалары мен Абай аталарымыздан қалған
жастарға, адам баласына, халқына деген үндеу өсиеттері деп білемін. Тек жоғарғы
білімді және рухани бай халық қана сыртқы әсерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере
алады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласы.
www.akorda.kz
2. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы. 1
т. 1995. 336 б.
3. Абай Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Алматы. 2
т. 1995. 384 б.