Материалдары



Pdf көрінісі
бет54/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 82.091 
 
АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ТАРИХТЫҚ, МӘДЕНИЕТТІК ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ 
БАҒАСЫНЫҢ АЙРЫҚША ЖОҒАРЫЛЫҒЫ 
 
Ақниет Дауылбай 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, КЯЛ-18-1 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Ә.Т. Жеткізгенова 
Аңдатпа

Мақалада Абай еңбектерінің тарихтық, мәдениеттік және 
ағартушылық бағасының айрықша жоғарылығы, оның аударма саласындағы 
Ыбырайдан алған үлгісі, Абайдың өз шығармаларына еткен әсері және Абайдың кейінгі 
қазақтың барлық жазба әдебиетіне тараған үлкен тарихтық, мәдениеттік, ұстаздық 
дәстүр әсері туралы сараланған 
Түйінді
сөздер:
мәдениет, білім, ағартушылық, туынды, шеберлік, оқу, іздені, 
талаптану, ақын. 
Абай Құнанбаев туындыларының шеберлігі, қойылатын талаптар үдесінің биік 
межеден көрінуі – оның әлем классиктері қатарынан орын алуға лайықты тұлға 
екендігіне дәлел. Өркениет дамуының даңғыл жолындағы адамзат баласының бойынан 
табылуға тиісті ғажап қасиеттердің көрінісі – білім, мәдениет, зиялылылық сынды 
ұғымдар Абай туындыларының басты тақырыбы болып табылады.
“Сегіз аяқ» - Абайдың қысқаша энциклопедиясы – барлық ойлары, бүкіл өмірі 
осыған сыйған. Қандай тамаша қуат, ұлылық, қазақ тілінің икемділігі, байлығы, қазақ 
жанының кеңдігі осында көрсетілген. Мұны халқымыздың бұрынғы адамгершілікке 
бай 
рухын 
сақтап 
қалғандар 
жақсы 
түсініп, 
қадірлей 
алады. 
Біздің 
замандастарымыздың көбі қаланың ұсақшыл өміріне үйреніп, майдаланып кетті, оларға 
мұны бойына сіңіру үшін үңіле оқу керек болады. Міне, сол «Сегіз аяқтың» бір 
шумағында Абай ғылымды іздегенін былай жырлайды: 
Ғылымды іздеп, Тіліңді алмас, 


174 
Дүниені көздеп, Көп наданнан түңілдім. 
Екі жаққа үңілдім. Екі кеме құйрығын 
Құлағын салмас, Ұста жетсін бұйрығың [1]. 
Абай көп өлеңдерінде ғылымды білім, өнер іздеумен тығыз байланыста қарап, 
бұларға аянбай берілуге, барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырып отырады: 
Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе 
Ең болмаса еңбекпен мал табалық
(«Бұл дәурен кемді күнге бозбалалық»). 
Білімдіден шыққан сөз 
Талаптыға болсын кез. 
Нұрын, сырын көруге 
Көкірегіңде болсын көз. [1]. 
Ғылымның адам өміріндегі орнын іздегенде, оған жалпы баға бергенде 
Абай оны ең жоғарғы орынға – Тәңірмен қатар қояды: «Ғылым – алланың бір сипаты, 
ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр» (38-сөз). Абай ғылымның 
шын мәнінде құдірет, қуат екенін білген. 
Не қымбат дүниеде? Ең жоғарғы сатыда – тақта отыратын кім? Деген 
сұрақтарды Абай көп ойланып, ғылымды дүниенің басқа байлықтарымен салыстырып 
отырып, бәрінен де жоғары қояды: байлықтан да, қайраттан да, сенімнен де, жүректен 
де, діннен де, басқалардан да. Бұл туралы барлық жерде баса айтылып жатады: 
«Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған 
қаж ешбір ғибадат орнына бармайды» (10-сөз). 
«Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп ғылымға 
жүгініпті... Ғылым – сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім – депті... Үшеуің 
басыңды қос, бәрін жүрекке билет – деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен (17-сөз). 
мұны Абай тағы да қайталап отырады, ақыл, қайрат, жүрек үшеуі тағы да ғылымға 
жүгінеді – бұл диалектика, ғылымның мақсаты – мәселелердің шешімін табу: 
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек («Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек»). 
Адамның ең биік мақсаты ғылым, білім екенін Абай мына жұмбақта да 
жырлап отыр: 
Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің, 
Сәулең болса бермен кел, талапты ерің. 
Жан құмары дүниеде немене екен – 
Соны білсең әрнені білгендерің
(Шешуі – білмекке құмарлық) [1]. 
Абай заманында қазаққа ғылым қанша керек болды? Қазақ қоғамы ғылымды 
қабылдай алатын ба еді? – деген сұраулар туып жатады. Бұған жауапты Абайдың 
өмірімен қатар Шоқанның істері беріп жатыр. Олар жеке-дара данышпан ғалым болды. 
Бұның өзі қазақ қоғамының сол кезде жетіскенінің айғағаы емес пе? Бірақ, өкініші – ел 
басқарушылар, қалың бұқара арасында ғылымның мәнін, болашақтағы орнын түсініп, 
оны бағалайтындар кемде кем болды. Осыған налыған Абай былай деп ой тербейді: 
Ерте ояндым, ойландым, жете алмады, 
Етек басты көп көрдім елден бірақ
(«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», 1898ж.).
Абай бұл фәни дүниенің қызықтарын бір адамдай-ақ көріп білді. Ол 
дәулеттің де, би, болыс болып, биліктің де дәмін татты. Отбасын құрып, Ділдә, 
Әйгерім, кеіннен Еркежан сияқты өзіне адал, шын көңілдерімен берілген әйелдері де 
болды. Олардан туған Әбіш, Ақылбай, Мағауия сияқты өнегелі балаларының қызығын 
да көрді. Өзінің ақындық өнерімен жұртты аузына қаратып, атақ-даңққа да ие болды. 


175 
Бірақ бұл тән құмарлықтары енді көкірек көзі ашылған Абайды жалықтыра бастайды. 
Бұрынғы жасап жүрген тән құмарлықтарына арналған әрекеттеріне оның көңілі 
толмайды. Ол рухани тығырыққа жолыққандай болады. Ақынның бұл сипатын «Мен 
ішпеген у бар ма?», «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей», «Ішім өлген, сыртым 
сау(, «Қайтты көңілім бұл дүниенің ісіне» деп бұл фәни өмірге өз көңілін білдіретін 
«Құлақтан кіріп бойды алар», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», «Бай сейілді» 
тәрізді өлеңдерінен көруге болады. Басқа өлеңінде ақын надан адамдардың ұнамсыз 
қылықтарын сипаттай келіп олардан түңілген халын былай деп көрсетеді: 
Ауырмай тәнім, 
Ауырды жаным, 
Қаңғыртты, қысты басымды. 
Тарылды көкірек, 
Қысылды жүрек, 
Ағызды сығып жасымды... 
Ғылымды ідеп, 
Дүниені көздеп, 
Екі жаққа үңілдім. 
Құлағына салмас, 
Тіліңді алмас 
Көп наданнан түңілдім... 
Атадан алтау, 
Анадан төртеу, 
Жалғыздық көрер жайым жоқ. 
Ағайын бек көп, 
Айтамын ептеп, 
Сөзімді ұғар елім жоқ. 
Моласындай бақсының 
Жалғыз қалдым – дәп шыным! [1]. 
Абайдың қазақ тарихында ағарту саласында айрықша із қалдырған шығармашыл 
тұлға Ыбырай Алтынсаринге деген құрметі ерекше болған. 
Өзге ұлттар әдебиетінің, соның ішінде орыс әдебиетінен өлең сөз, қара сөздегі әр 
алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин 
болатын. 
Осы ұлы ағартушының біліммен рухтандыру, шәкірт көкірегіне ілім құю 
жолдарындағы ізденісі өз қаламынан туған туындылармен қоса, мол аударма 
еңбектермен толыққаны белгілі. 
Абай Алтынсаринның еңбегін жақсы білген де, зор бағалаған. Оны Крыловтан 
өзі жасайтын аудармасында өз еңбегіне белгілі дәрежеде үлгі етіп алғанын байқауға 
болады. Алтынсаринның тек аудармалық еңбегі емес, оның орыс классик поэзиясынан 
үлгі-дәстүр алуда іздеп тапқан кейбір жолдарын Абай және де өзінің шығармашылық 
тәжірибесімен жақсы қостап, құптайды. 
Осы жөнде, мысалы, Алтынсарин қазақ сахарасындағы көктем туралы "Сәуірде 
көтерілер рахмет туы" деген өлең жазып, қазақ поэзиясында ең бірінші рет реалистік 
пейзаж жасады. Мал шаруашылығын кәсіп еткен қазақ халқының көктемдегі тірлігін, 
шаруа салтындағы көркем ерекшеліктерін аса жақсы бейнелеп берді. 
Бұнда Алтынсарин Пушкин жазған, орыс тұрмысынан алынған жылдың төрт 
мезгілі турасындағы өлеңдерден көп үлгі алады. Еліктеу түрінде емес, классик 
ақынның стиліне ден қойып, соның дәстүрін меңгереді. Ыбырай осы көктем 
жайындағы жалғыз өлеңнің өзімен қазақтың пейзаж жайындағы болашақ реалистік 
поэзиясын бастап кетті деуге болады [2]. 


176 
Абайдың кейін жазатын осы алуандас "Жазғытұры", "Жаз", "Күз", "Қыс" дейтін 
өлеңдерінің бәрінен біз жаңағы айтылған, Алтынсарин салған тың жолдың түгелімен 
қабыл алынып, онан да ары көркейіп, дами түскенін білеміз. 
Сол сияқты Алтынсаринге Абай орыс классиктерін аудару жөнінен де анық ден 
қояды. Бұл айтқанның ең үлкен бір белгісін Крыловтың мысалын аударудағы екі 
ақынның еңбектерінен байқауға болады. Ыбырай мысалдарды аударуда шын шеберлік 
көрсетіп, қазақ тілінде Крылов шығармаларын жеткізіп берудің арнаулы үлгілерін 
жасаған. Абай сол үлгілерді көп сынамайды. Өлеңдік түрде Ыбырай салған стильдік 
тың өзгешеліктерді көп өзгертпей алады. Екі аударушының қолданған өлшеу түрлері, 
сөздік тақырыптары бір-біріне өзгеше сай келеді.
Абайдың жеке ақындардан жекеше жасаған аудармаларды айрықша талдаудан 
бұрын, біраз жалпы ойлар айта кету керек. 
Бұл жөнде екі түрлі пікірді ерекше бөліп айтамыз. Оның біріншісі – Абайдың 
осы аудармаларға берген бағасы тұрғысында. Екіншісі – сол аудармалардың Абайдың 
өз шығармаларына еткен әсері және Абайдың кейінгі қазақтың барлық жазба 
әдебиетіне тараған үлкен тарихтық, мәдениеттік, ұстаздық дәстүр әсері туралы
Абай өзі сүйген орыс классиктерін кейде дәл, кейде еркін аударып отырса да, әр 
кезде барынша көркем, шебер өлеңнің үлгісін берген. Бұл жөнде біздің ақынның 
ізденуі, өзіндегі тіл байлыгы мен ірі талантын ерекше ынтамен зер салып жұмсауы 
өзгеше көрінеді. Өз өлеңдерін туғызуда қолданған ақындық шабыт, сыншыл 
ұқыптылық еңбекке келгенде, барынша күшімен түгел жұмсалған деуге болады 
[3].Тіпті, кейде Абайдың өзі тудырған тамаша нәзік те терең сырлы ащы сөздер, көрікті 
ойлар немесе аса өткір жанышпа, мысқыл ажуа, ащы сөздер осы аудармаларда үнемі 
көрініп отырады. 
Абайдың шебер аудармалары Пушкин, Лермонтов поэзиясының көркемдігін, 
терең сыр, үлкен ойларын жеткізді. Крыловтың халықтық өткір мысқыл, ұста 
сатирасының түгел түсінікті болуына жол ашты. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы: 2010. 
2. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі, 1995. 
3. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989. 


177 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет