2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010) сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесінің 19-тармағына сәйкес Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) білім беру ұйымдарының таңдау мүмкіндігін көздейді.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Осы ретте орта білім беру ұйымдары үшін бір пән бойынша бес оқулық, оқу әдебиеті, оқу-әдістемелік кешені мен құралдарынан артық болмайтындай оқу әдебиеті тізбеге енгізіледі.
2010-2011 оқу жылында оқу-тәрбие процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09 шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), 2007–2009 жылдардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарымен бекітілген Тізбелерге сәйкес сатып алынған оқу әдебиетін қолдану ұсынылады. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған ағылшын тілі оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 20 бұйрығымен, «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығымен, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарымен анықталған.
Осы стандарт негізінде физикадан 7-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламалары жасалды. Бағдарлама авторлары: Бидайбеков Е.Ы, Нұрбекова Ж.Қ., Мұхамбетжанова С.Т., Сағымбаева А.Е.