Материалық нүктенің динамикасы


Білім беру орындарының негізгі (базистік) оқыту жоспары



бет4/6
Дата02.11.2022
өлшемі1,1 Mb.
#156275
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
№2 Tapsyrma. Omarova G.E.

Білім беру орындарының негізгі (базистік) оқыту жоспары
Білім беру орындарының негізгі (базистік) оқыту жоспары. Базистік оқыту жоспары – білім мазмұнының жиынтық моделіне қатысты ахуалды түйіндеп көрсететін нормативті құжат болып табылады. БОЖ сәйкестендіріліп типтік оқыту жоспарлары жасалады. физика пәнiнiң базистiк оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, физика негiздерiн үйрету мен ақпараттық мәдениеттi қалыптастырудың бiрнеше кезеңдерiн бөлiп көрсетудi талап етедi. БОЖ өз алдына мектеп үшін қолданылатын нақты оқу жоспары емес, оның негізінде әрбір мектеп өзінің жеке оқу жоспарын әзірлейтін аудандық базистік оқу жоспарының негізі болып табылады. Осы мақсатпен БОЖ құрылымына жалпы азаматтық рухани байлықтары мен мәдени дәстүрлеріне сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз ететін және мемлекет территориясындағы білім беру аймағындағы бөлік құратын білім беру аймағы белгіленген инвариантты бөлік және оқушылардың мүдделері мен қабілеттіліктеріне сәйкес олардың жеке мінез-құлығын қамтамасыз ететін ұлттық, аймақтық және аймақтық және жергілікті әлеуметтік-мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерді қамтитын вариативті бөлік кіреді. БОЖ-ң инвариантты бөлігі мектеп бағдарламасының жеке пәндерін емес, сәйкес оқу пәндерімен біріктірілген курстардың жиынтығы болып табылатын нақты мектептердің оқу жоспарындағы білім беру аумақтары тізімін қамтиды.
Вариативті бөлік «міндетті сабақтар, таңдамалы сабақтар» мен «факультативтік, жеке және топтық сабақтардан» құралады.
Қазақстан Жалпы білім беретін оқу орнының 1998 және 2002 жылға арналған базистік оқыту жоспарын қарастырайық. Негізгі мектепте оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді. Оқу процесіне енгізілетін жаңа ақпараттық технологиядан туындайтын әдістемелік өзгерістерді ескере отырып, физика негіздерін 7, 8, 9-сыныптарда оқу алғаш рет енгізілді. физиканың базалық курсы – базалық курсқа кіріспе және базалық курс болып шартты түрде екі бөлікке бөлініп қарастырылады.
Базалық курсқа кіріспе бөліміне (7-сынып) дербес компьютерді оқушылардың оқу-танымдық қызметінде еркін пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қажетті материалдар кіреді, сондай-ақ оқушыларды барлық сабақтарда компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланып оқытуға мүмкіндік жасайды. Курс аптасына 2 сағаттан жалпы көлемі 68 сағатқа есептелген. 8-9 сыныптарға арналған базалық курстың негізгі бөлімі оқушылардың ары қарай мамандық таңдауына байланыссыз, логикалық түйіндері бар жалпы білім беруге арналған. Курс 8-9 сыныптарда аптасына 2 сағаттан жалпы көлемі 136 сағатқа есептелген. Әрбір мамандыққа баулу курсы 10-11 сыныптарда аптасына 2 сағаттан жалпы көлемі 136 сағатқа есептелген. БОЖ маңызды ерекшеліктері – практикада физиканы үздіксіз оқыту идеясын тізбектей іске асыратын және жалғастыратын мектептер мен аймақтар үшін кедергі келтірмейтіні, яғни жалпы білім беретін мектептерде физиканы оқытуды келешекте дамытуға қарсы болмайтыны сақталған. БОЖ-98 вариативті бөлігіндегі факультатив, жекеше және топтық сабақтар өткізуге бөлінген қосымша сағаттарды қолдана отырып, сәйкесінше қамтамасыз ету қоры бар (мамандар, техника, оқу-әдістемелік база) мектептер өзінің оқу жоспарына физикадан пропедевтикалық (1-6 сыныптар), базалық курс (7-9 сыныптар) және арнайы курстар (10-11 сыныптар) енгізуіне болады.
2002 жылы Қазақстан Республикасында қайтадан Мемлекеттік білім беру стандарты жасалынды. «физика» курсының пән ретінде оқу жүктемесінің көлемі – 7-11 сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылына есептегенде 34 сағат. «физика» курсының оқу жүктемесі негізгі басқышта (7,8,9 сыныптар) – оқу жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 102 сағат; жоғары басқышта оқыту бағытына байланысты: қоғамдық-гуманитарлық бағытта – жыл бойына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат; ал жаратылыстану-математикалық бағытта жыл бойына 34 сағаттан, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат болып бекітіледі. Авторлар тобы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі «Жалпы білім беретін мектепке арналған физиканы тереңдетіп оқыту курсының бағдарламасын» ұсынады. Ұсынылған бағдарламада 7-11 сыныптарда физиканы тереңдетіп оқыту мәселелерін қамтиды. Оқу жүкткмелерінің көлемі төмендегідей: 7-сыныпта аптасына 3 сағат; 8-сыныпта 4 сағат; 9-сыныпта 5 сағат; 10-сыныпта 4 сағат; 11-сыныпта 4 сағат. Негізгі оқу сағаттарының басқасын 28 сағаттан кем емес жаздық практика түрінде өткізу де қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет