Материалтану



бет22/25
Дата29.01.2018
өлшемі3,47 Mb.
#35768
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Жез - мыс пен мырыштың қорытпасы.

Жездің құрамына мырыштан басқа легірлеуші элементтер енгізіледі. Cu – Zn жүйесіндегі жез екікомпонентті, Cu – Zn және легірлеуші элементтер жүйесіндегі жез көпкомпонентті аталады. Көпкомпонентті жездің құрамында мыс пен мырыштан басқа алюминий, никель, темір, марганец, қалайы, кремний, қорғасын болуы мүмкін.

Құрамындағы әрбір элемент жездің қасиетіне өз әсерін тигізеді. Al, Mn, Ni, Sn. Fe, Si жездің беріктігін, қаттылығын, тотқа желінбеуін және құйылу қабілетін көтереді, Pb жездің кесіп өңделуін жеңілдетеді.

Құрылымы бойынша өнеркәсіптік жездер бір фазалы немесе α-жездер (мырыштың мыста еру мөлшері 39%), және екі фазалы (α+β)-жездер (мырыштың мөлшері 39-47%) болып, технологиялық қасиеттері бойынша – қысыммен өңделетін (деформацияланатын) және құймалы болып жіктеледі. Мұндай жіктеу, құрамындағы мырыштың мөлшеріне байланысты жездің қасиеттерінің өзгеруіне негізделген. Мырыштың мыста еру деңгейін диаграмма арқылы бақылауға болады (10.3- сурет).

453-4700 температурасынан төмен орналасқан β/ -фазасы (үзікті сызығы) мыстьң атомы кубтың түйінінде, ал мырыштың атомы кубтың ортасында ретті орналасқан қатты ерітіндіге жатады. 453-4700 температура аралығында атомдардың реттік орналасуы бұзылады. CuZn негізді ретсіз орналасқан қатты ерітінді β әрпімен белгіленеді.

Атомдары ретсіз орналасқан қатты ерітінді атомдары реттікпен орналасқан фазаға өзгергенде оның созымталдығы күрт төмендеп морттық қасиеті көтеріледі. Мұндай қорытпаны өңдеу қиынға түседі, сондықтан екі фазалы жезден бұйымдар жасау оларды ыстықтай басып өңдеу арқылы жүргізіледі.

Жезді таңбалау Л әрпінен (латунь) басталады, әрі қарай цифрмен құрамындағы мыстың мөлшері, болса легірлеуші элементтер жазылады. Мысалы, Л62 таңбасында 62% мыс, қалғаны мырыш. Легірлеуші элементтер келесідей жазылады:

Sn - О (олово); Pb – C (свинец) ; Fe – Ж (железо);

P – Ф (фосфор); Zn- Ц (цинк); Mn – Мц (марганец);

Mg – Мг (магний); Al – А (алюминий); Ni – Н (никель);

Si – К (кремний).



Көп компонентті жезді ажырату мысалы: ЛАЖ60-1-1, Л- жез, 60%Cu , 1%Al, 1% Fe, қалғаны Zn.



а)

-----→ Zn, %



б)
10.3-сурет. Мыс-мырыш диаграммасы (а); мырыштың мөлшеріне байланысты жездің механикалық қасиетінің өзгеруі (б).


Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет