Материалтану



бет3/25
Дата29.01.2018
өлшемі3,47 Mb.
#35768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

1. 4 Тапсырма

1.4.1 Оқытушы ұсынған сынық беттеріне сипаттама беру және макроысылмалардың құрылымын жұмыс дәптеріне салып, жазбаша сипаттау.

1.4.2 Микроскоптардың құрылысымен танысу.

1.4.3 Микроскопқа қойылған микроысылмалардың құрылымын жұмыс дәптеріне салу.

1.4.4. Салынған сурет бойынша химиялық реактивпен уланбаған және уланған микроысылмаларды анықтап, түсініктемесін беру.

1.4.5 Үлкейту кестесі бойынша микроскоптардың жалпы үлкейту шамасын табу.

1.1-кесте. МИМ-7 микроскобының үлкейту шамасы


Объективтің

фокустық арақашықтығы,

F, мм

Окулярдың үлкейту шамасы


7х

10х

15х

20х

23,2

60

90

130

170

13,8

100

140

200

300

8,16

170

240

360

500

6,16

250

320

500

650

2,77

500

720

1080

1440



1.5 Бақылау сұрақтары


1.5.1 Кристалдық торлардың негізгі типтері және сипаттамалары.

1.5.2 Металлографиялық микроскоптардың жұмыс атқару

принциптері.

1.5.3 Металдар мен қорытпалардың ішкі құрылымын анықтаудың

негізгі әдістері.

1.5.4 Макроскопиялық және микроскопиялық талдау арқылы

шешілетін мәселелер.

1.5.5 Ысылмаларды зерттеуге дайындау және оларды химиялық реактивтермен уландыру.

1.5.6 Улау процессінің мәні.

1.5.7 Металлографиялық талдаудың қандай түріне ысылмаларды айнадай жалтырату керек, себебі неде?

1.5.8 Микроскоптың үлкейту шамасын анықтау.



  1. Зертханалық жұмыс «МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ Қаттылығын ӨЛШЕУ»




    1. Жұмыстың мақсаты




  • Бринелль және Роквелл тәсілдері бойынша металдың қаттылығын тәжірибе жүзінде өлшеп үйрену;

  • Қаттылықтың өлшем бірліктерімен танысу


2.2 Материалдар мен жабдықтар
2.2.1 ТШ және ТК типті қаттылықты өлшеу құралдары;

2.2.2 Әртүрлі материалдардан қаттылығын өлшеуге дайындалған үлгілер жинағы.

2.2.3 МПБ-2 типті микроскоп

2.2.4 Қаттылықты аудару кестесі


2.3 Теориялық мәліметтер
Металдар мен қорытпалардың механикалық қасиеттерін анықтайтын негізгі көрсеткіштері: беріктігі, созылымдылығы, тұтқырлығы және қаттылығы арқылы сипатталады.

Қаттылық деп металдар мен қорытпалардың жергілікті деформацияға, демек бір дененің екінші денеге енуіне қарсылық көрсету қабілеті аталады. Материалдың қаттылығын анықтау үшін оның беткі қабатына есепті күшпен индентор (болат шаригі, алмаз конусы мен пирамидасы немесе инелер) батырылады. Материалдың бетіне индентордан түскен іздің диаметрін немесе ену тереңдігін өлшеу арқылы қаттылық анықталады. Осы зертханалық жұмыста Бринелль және Роквелл әдістерімен қаттылықты өлшеу қарастырылады.

Бринелль және Роквелл әдістерімен қаттылықты өлшеу статикалық (түсетін күш біртіндеп баяу беріледі) сынауға жатады.

Қаттылықты өлшеу арқылы металдың механикалық қасиетін анықтаудың басқа әдістерімен салыстырғанда көптеген артықшылығы бар, олар:


  • арнаулы үлгіні қажет етпейді,

  • өнімділігі жоғары;

  • қаттылықты өлшегеннен кейін тетіктер бүлінбейді, бастапқы жұмыстарын атқаруға жарамды.

  • қаттылықты анықтау арқылы металдардың басқа сипаттамаларын

болжаммен бағалау мүмкіндігі бар. Мысалы, металды созып сынаудағы беріктік шегін, в анықтауға болады.

в=  ∙ НВ, (2.1)


Мұндағы - материалға байланысты алынатын коэффициент:

 = 0,34 - болат НВ 120 - 175;

 = 0,35 - болат НВ 175 – 450;

 = 0,55 - жасытылған мыс, жез және қола;

 = 0,33-0,36 – алюминий және оның қорытпалары.

Ұштықты (индентор) үлкен жүктеменің әсерімен батыру кезінде металдың бетіне түскен ұштықтың аумағы пластикалық деформацияланып, ұштықтың орнында ойық қалады. Сынақтағы металдың қаттылығы жоғары болса ұштықтан түскен ойық кішкене болады.


2.4 Бринель әдісі бойынша қаттылықты (НВ) өлшеу
Бринелль әдісі бойынша қаттылықты өлшеуде сынақтағы үлгіге Д диаметрлі болат шарикті белгіленген күшпен мөлшерлі уақыт батыру керек (2.1 сурет). Қаттылықты өлшеу үшін ТШ типті қаттылықты өлшеу құралы пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет