Бақылау барысы
Көркем сөз. «Аула тазалықшысы» А. Меңдібай.
Балабақша ауласында, Көмектесем мен де оған,
Таң атқаннан кешке дейін, Жинап қоқыс, қағаздарды.
Тынбай еңбек ететін Құметтеймін, қадірлеймін,
Бар тазалық сақшысы. Еңбексүйгіш адал жанды.
Ауланы да тазалайды,
Ағашты да бұтайды.
Су себеді гүлдерге де,
Шаршамайды, тынбайды.
Балаларға сұрақтар:
Балалар біздің балабақшамызда кімдер еңбек етеді?
Ал, біздің ауламыздың әсем де, таза болуына кім қарайды?
Аула сыпырушы қандай жұмыстар атқарады?
Біздер ол кісіге қандай көмек көрсете аламыз?
Аула сыпырушының да балабақшада өзіндік үлкен орны бар. Ол балабақша ауласының тазалығына, гүлдер мен ағаштардың жақсы өсуіне, аулады сендерге зиян немесе кедергі келтіретін бөгде заттардың болмауына қарайды. Ол кісінің еңбегін дұрыс бағалап, көмектесіп отыруымыз керек. Қажетсіз заттарды кез келген жерге лақтыруға, ауланы бүлдіруге болмайды.
Еңбек: аула сыпырушыға көмек жасау: кесілген бұтақтарды, жиналған қоқыстарды тасу.
Мақсаты: Үлкендер еңбегін бағалауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Итеріспек»
Мақсаты: Күштілікке, ептілікке, ойын кезінде бірін-бірі түсіне білуге баулу.
Жаттығу ойындары: Қимылдарын дамыту.
Мақсаты: кедергілер арасынан, затты құлатпай ирелеңдеп жүгіруге жаттықтыру.
Мақал-мәтелдер: Ердің атын еңбек шығарар.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Тамыз
Серуен №5
Ағаштар мен бұталарды бақылау.
Мақсаты: Балаларды айнала қоршаған ортамен, таныстыруды жалғастыру. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру. Балабақша ауласында өсіп тұрған ағаштар мен бұталар туралы балалардың білімдерін молайту.
Бақылау барысы
Тәрбиеші әңгімесі
Жер бетінде адамға өмір сыйлайтын, шипалы қасиетке толы алуан түрлі өсімдіктер өседі. Ағаштардың шөптердің, гүлдердің, бұталардың әрқайсысының орны әр бөлек. Олардың өздеріне тән қасиеттері бар. Ағаштар ең қажетті оттегін бөліп, ауаны тазартады. Өмірде тұрмысқа қажетті көптеген заттар жасалады.
Өсімдіктердің ішінде шөптерге, гүлдерге, бұталарға тоқталсақ, олардың түрі біздің елімізде өте көп. Олардың емдік қасиеттері ертеден белгілі. Осындай өсімдіктер біздің балабақша ауласында да кездеседі.
Балаларға сұрақтар
Біздің балабақша ауласында қандай ағаштар өседі?
Қандай гүлдер өседі?
Қандай бұталар бар?
Ағаштар мен бұталардың қандай айырмашылықтары бар?
Достарыңызбен бөлісу: |