Мазм ұ н ы Кіріспе



бет23/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
мустапаева

18.Атмосфера орнату
Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз.
Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін —Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?


19.Көршіңізге айтыңыз
«Көршіме айтамын» әдістемесі оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.
Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушыларданөз ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз
— Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраңыз.


20.Идея туралы пікір
Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз, бұл ой туралы басқалардың пікірін сұрай отырып, ойлау логикасын дамытыңыз.
Мысалы: “Сіздер _________идеясы туралы не ойлайсыздар?


21.Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
“Джимми, Сандраның жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Сандра, Карлдың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Карл, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”


22.Күтіңіз және түйіндеңіз
Оқушыларға олардан күткен негізгі сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол кезде сұрақты басқаша қойыңыз – анық жауапты, азат жолды және т.б. біріктіру арқылы пікірталасты түйіндей отырып, оқушылардан жалпы қорытынды беруді сұраңыз.


23.Дұрыс емес пікір
Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз.Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық» фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.
«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын… ендеше талқылап көрейік...».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет