Мазм ұ н ы Кіріспе



бет22/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
мустапаева

12.Мұғалім шолуы
Мұғалім оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін сұрақтарды қолдана отырып, сабаққа немесе блокқа шолу жасайды.Сонымен қатар сабақтың тиімділігіне және оқу үдерісіне көмектесуге назар аударуға болады – мысалы, оқушылар оқу үдерісін жақсарту үшін қандай өзгерістер енгізу қажет екенін анықтай ала ма?
Мұғалім өз идеяларына сәйкес сабақты бағалау арқылы шолуды моделдей алады.


13.Оқушылардың шолуы
Оқушылар өзінің топтағы немесе дербес оқуына шолу жасайды. Бұл бүкіл сыныпқа арналған тапсырма, шағын тапсырма нысанында немесе блокты алдағы уақытта қайталауды жоспарлауға көмек көрсетуге арналған жаттығу ретінде жасалуы мүмкін.


14.Бағдаршам
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы:
·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.


15.Өзін өзі бағалау мақсаты
Оқушылар өзін өзі бағалауға сүйене отырып, мақсат белгілейді.Мұндай оқу мақсаттарын тіркеуге және кейінірек оны қайта қарауға болады (м-лы, дәптер тысының артында).Оларды мұғалім белгілеген мақсаттармен салыстыруға болады және егер мақсаттар әр түрлі болатын болса, оларды ортақ мақсат етуге болады.


16.2 жұлдыз, 1 тілек
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.


17.Құрастыр, сосын жауап бер
Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз–
· жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау;
·жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;
· жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;
· өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет