Мазм ұ н ы Кіріспе



бет24/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
мустапаева

24.Сұрақ құрастыру
Мынадай:
Жалпыға түсінікті қате ұғамдарға қарсы шығатын;Талқылауды талап ететін дайу тудыратын;Екіұштылықты зерттейтін және талқылау мен айқындылық енгізуге көмектесетін сұрақтар құрыңдар
25.Оқу күнделігі
Оқу күнделігін бастаңыз, онда оқушылар оқу туралы және ол бойынша шолуы туралы ойларын жазып қалдыра алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған тапсырмалар, мақсат, тапсырма кестелері және т.б. кіруі мүмкін


26.Қайтадан құрастыру
Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту үшін қолданыңыз.
Бұл оқушыларға жақсартуға бағытталған кері байланысқа назар аударуға мүмкіндік береді.Бұл үдеріс сонымен бірге кері байланыстың құнды екендігін қуаттайды және оқушыларға қолайлы атмосферада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


27.Түйінді сәттер
Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын.


28.Жақсарту жөніндегі нұсқаулық
Оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданыңыз.
Оқушылардан сыныптастарының жұмыстарын бағалаған кезде түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытыңыз.
Нұсқаулық ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылаңыз (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).


29.Түсініктемелермен жұмыс
Оқушыларға мына түсініктемелермен жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз —
— сабақта оқушымен жеке әңгіме жүргізу үшін уақыт бөліңіз.
— оқушыларға арналған жинақта жазбаша түрде диалогтарыңыз болсын.
— диалогты анағұрлым формалды ету үшін түсініктемелерді немесе мақсаттарды қадағалау парағын қолданыңыз.


30.Топтық кері байланыс
Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады.Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет