Мазм ұ н ы Кіріспе



бет26/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
мустапаева

38.Сөйлеу арқылы ойлану
Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі.
Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды ынталандырыңыз:
— талқылауға арналған жаттығу;
— құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;
— мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын арттырады).


39.Сұрақты төңкеріңіз
Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз.
Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ
«Демократиялық ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады.


40.X жәнеY
Оқушылардан неліктен X Y-тің үлгісі болатынын сұраңыз, мысалы, неліктен алма жемістің үлгісі болып табылады? Неліктен түлкі сүт қоректілердің үлгісі болып табылады?Осылай құрылған сауал фактілердің қайталануын болдырмай, нақты ойлануға жетелейді.


41.Білетініңіздің барлығы
Оқушылар тарауды оқуға кірісудің басында ________ туралы не білетінінің барлығын жазады.Сосын мұғалім қайталауды болдырмас үшін, алынған ақпаратты пайдалана отырып, оқуды тиісті жолмен жүргізеді.


42.Түзетулер
Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт бөліңіз).


43.Үлдірленген критерийлер
Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз.


44.Прогрессбілдіру
Бағалауды прогресті білдіру үшін, сол арқылы олардың не істеп жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз.
-Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз;
-Оқу журналын пайдаланыңыз;
-Оқушылар оларға қол жеткізгендігін атап көрсете отырып, алдыңғы мақсаттарға сілтеме жасаңыз;
-Сізде оқушының прогресі нақты бейнеленген мақсаттар сызбасы болсын;
-Бағалау үдерісі мен оқушының өзіне мақсат белгілеу үдерісін байланыстырыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет