Мазм ұ н ы Кіріспе



бет34/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
мустапаева

Өзін-өзі бағалау.
Бұл әдісте қатысушылар өздерінің білімдері жайлы мағлұмат жинайды, оларды талқылап, алға жылжуларына қорытынды жасайды. Өзін-өзі бағалауды жүргізгендегі міндетті шарттары – оқушылардың оқытылатын тақырыпты өтер алдында және жұмысты орындар алдында олар барлық жұмысты бағалау межелерімен (критерий) таныс болулары қажет.


Ыстық орындық
Үй тапсырмасын не сабақты бекітуге тиімді. Орындықта отырған оқушықойылған сұрақтарға тез жауап беруі қажет. Жауап бере алмаған жағдайда орындықысып, оқушы күйіп қалуы мүмкін деп ескертіледі.
Виртуалды теннис топта отырған оқушылар ортадағы жатқан топшамалардыңбіреуін ала отырып, ішінде жазылған сөзге анықтама береді. Дұрыс жауап берсе,ұпай алып, қайта топшама алу құқығына ие болады. Жауап берілмеген жағдайдабасқа оқушылардан көмек сұрайды. Дұрыс жауап берген оқушы ойынды жалғастырады.


Радиоға қоңырау шалу
Өткенді қайталауға не жаңа сабақты бекітуге тиімді.Радио жүргізуші сайланады. Ол қонаққа 3-4 адамды шақырады. Радиожүргізушіретінде бағдарлама жүргізе отырып, радиоға қоңырау шалушылардың сұрақтарына қонақтаржауап беруі қажет. Ролдерді сомдауға да үйретеді.


10 негізгі сөз
Сабақты бекітуге тиімді тәсіл. Әр оқушы өтілген сабақтан ең негізгі деген10сөзді жазады. Қасындағы көршісімен ақылдасып бірігіп 10сөз шығарады. Оданкейін топпен талдап, талқылап негізгі 10сөзді жазады.


Бес бармақ әдісі
Бас бармақ – Бүгін мен жаңадан нені үйрендім?
Балан үйрек - Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім? 
Ортан терек – Менің көңіл-күйім?
Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым?
Кішкене бөбек – Маған ұнамады.
Жақсы мұғалім – кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Кез-келген дәстүрлі сабақтардағы бағалау – оқушы өтілген тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтып береді немесе демонстрациялайды. Ал 21- ғасыр мектебіндегі бағалау мақсаты кең көлемді және әртүрлі болып келеді, нәтижесінде оқу сапасы артады.
оқушы қажеттілігін бағалау
– оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс жасауын марапаттау
– оқу барысын бақылау
– қаншалықты түсінгенін тексеру және тақырып мазмұнын қаншалықты мағыналы түсінгеніне қарай марапаттау (тек теориялық түрде ғана түсінгені жеткіліксіз)
– түсінгенін демонстрациялау (түсінгенін практикада қолдана білу)
-Оқушылардың оқу жетістігінің нәтижесін көру, білім деңгейін анықтай алу, пәнге деген ынтасын, күш-жігерін қалыптастыру,өзіне деген сенімділігін арттыру.
Бағалау әдістері:
– оқу тапсырмалары арқылы бағалау (пікірталастар, күнделіктер, оқытуды дамыту үшін қолданылатын барлық материалдар);
– топта, жұпта, сыныпта талқылау;
– өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;
– оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, марапаттар, жетістіктер т.б.)
Сабақ қызық болғанда ғана оқушыға барлығы түсінікті болады. Демек, сабақ оқушы үшін қызық болуы тиіс. И.Герберттің айтуы бойынша «қызығушылық» оқу уәжінің синонимі екенін есте сақтау керек. барлық оқытуды тізбектесек: «қалаймын- орындаймын- қызығушылықпен орындаймын-жекелеп-әрқайсымызға маңызды» (И. С. Якиманская), осы құрылымның ортасында және қызығушылық тұрғанын байқаймыз. Осы түсінікті оқушыларда қалыптастыру үшін, оқушының белсенділігін арттыруымыз, өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз етуіміз керек; қосымша мәліметтерді сабақта да, үйде де жігерлене іздеу; проблемалық жағдаят туғызу; оқыту әдісінің әртүрлілігі; сабақ үстіндегі атмосфералық ортаны қалыптастыруымыз керек.

Кесте - 7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет