Мазмұндама, эссе жаздыру арқылы, түрлі тақырыптарда оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл байлығын сөздік қорын молайту



Дата22.12.2016
өлшемі137,66 Kb.
#4278
түріМазмұндама
№ 127 жалпы орта мектеп

Шығармашылық тақырыбым

Оқушының тіл байлығын дамыту

Мақсатым: Оқушылардың тіл байлығын шығарма

мазмұндама, эссе  жаздыру арқылы,

түрлі тақырыптарда оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, тіл байлығын сөздік қорын молайту.

Орындаған: Г.К.Дуйсекулова



2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Баланың тіл байлығын дамыту.
Оқу іс әрекетінің мақсаты:

* Балалардың қарым - қатынастарын бір - біріне деген сыйластығын, қоршаған ортаға деген және сүйіспеншілігін арттыру.
* Сауат ашу сабағынан алған білімдерін қорыту мақсатында кестемен жұмыс, текшелерден сөз құрап, дыбыстық талдау жасау.
* Оқушылардың дыбыс, әріп, сөз, сөйлем туралы білімдерін бекіту. Мәтінді оқыту.
* Жаз туралы суретті плакаттан қысқаша әңгіме құрату, тіл байлығын дамыту.
* Жеке - жеке тапсырмалар беріп, белсенділігін, қызуғышылығын, сөздік қорын, ой өрісін дамыту.
*  Ы. Алтынсариннің өлең – шумақтарын айтқызу.
Көрнектілігі: Кесте, текшелер, суретті плакат, әр балаға таратпа материалдар, сөз жұмбақтар т. б.
Методикалық әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, тақпақ айту, әңгіме құрау.
Ұйымдастыру: Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Сәлем дейік үлкенге.
Кіріспе сөз:
- Балалар біз бүгін жыл бойы сауат ашу сабағынан нені үйрендік, яғни дыбыс, сөз, сөйлем туралы, сөздерге дыбыстық талдау жасай келіп, жаз туралы әңгіме құрап, мәтін оқып, тақпақтар айтамыз.
- Көзімізді жұмайық
- Дыбыс естіледі
- Сонда дыбыс әріп туралы не айтамыз?
- Дыбысты құлақпен естиміз, әріпті көзбен көреміз, оқимыз, тақтаға, дәптермен жазамыз.
Сұрақ:
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Екіге: жуан және жіңішке
Дауысты дыбыс қалай айтылады?
Созылып, әндетіліп, еш кедергіге ұшырамай.
Дауыссыздар қалай аталады?
Қысқа, созылмай, кедергіге ұшырап айтылады.
Нешеге бөлінеді?
Қатаң, ұяң, үнді.
Тапсырма:
Жуан дауысты дыбыс.
Жіңішке дауысты дыбысты кестеден көрсету
Жалпы әріптердің жиынтығын не дейміз?
Алфавит.
Әріптерді қоссақ не шығады?
Сөз.
Сөз, сөйлем туралы айту.
Мамыр, Отан, аға, бала, сабақ сөздерін текшемен жаздыру.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөзді, сөзге қосып бір тиянақты ойды білдіреді.
Сөйлемнің неше түрі бар?
Хабарлы, сұраулы, лепті.
Мысалы: Мен ойнадым.(Хабарлы)
Сен сабақ оқыдың ба? ( сұраулы)
Жасасын, Қазақ елі! (Лепті)
Сөйлем қалай жазылады? Бас әріппен. Сөйлем біткен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Нүкте.
Тыныс белгілер: нүкте, үтір, сұрақ белгісі, сызықша.
Сөзді неге бөліп оқимыз?
Буынға.
Та - ма - ша, те - ре - зе, ба - ла - лар, жаз. Буынды қалай білеміз?
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Сергіту сәті:
Балалар биыл Ыбырай Алтынсарин атамыздың туғанына170 жыл толды.
Біз қандай шығармаларын білеміз?
*«Әке мен бала»
*«Бақша ағаштары
*«Асыл шөп»
* «Бай баласы мен жарлы баласы»
Қысқаша өмір баяны туралы - Бекзат.
Өлеңдері: 1. « Кел балалар оқылық».
2. «Өнер білім бар жұртта
3.«Балқожаның оқудағы баласына жазған хаты»
Сөйлем құрату
Оқушы мектепке барады. Сара ойнады. (дыбыстық талдау жасату)
Тапсырмалар:
1. Нүкте орнына әріп жазу.
2. Сөздерді дұрыс жаздырту.
3. Буынға бөлу.
4. Буындарды дұрыс қою.
5. Табиғат дегеніміз не?
Бізді қоршаған орта тау, тас, ауа, жер, ұшқан құстар, ағаштар т. б.
6. Үй құстарының атын жазу
*Суретпен әңгіме құрату
7. Тексті оқыту.
8. Жаз өлеңі
9. Қорытынды рефлексия, сұрақтар.

Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру арқылы ізденімпаздық қабілеттерін дамыту (баяндама)

Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру арқылы ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
(баяндама)

Менің кейінгі екі жылда технология сабағын беруде түйінді мәселем: Оқушыларға шығармашылық жұмыстар беру арқылы ізденімпаздық қабілеттерін дамыту болып табылады.


Шығармашылық сөзінің төркіні - «шығару»,«іздену», «ойлап табу» деген ұғымды білдіреді.Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген мағынаны білдіреді екен.
.Шығармашылық жұмыс беру арқылы баланың ізденімпаздық қабілетін дамытудаға апаратын бірден- бір жолы деп есептеймін.
Шығармашылық тапсырмаларды оқушының қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қызығушылықтары ескере отырып, қабілетіне байланысты ұсынуға болады. 
Оқушыларға қойылатын талап:
• Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
• Қорытынды жасап отыру.
• Қосымша материалдар табу, іздену.
• Өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру
Мысал ретінде «Технология» пәні бойынша «Интерьер» тақырыбына өткізілген «Пәтерді әрлеу» сабағына қысқаша тоқталып кетсем. Сабақтың мақсаты:композицияның интерьер үшін маңыздылығы, интерьердегі функционалдық аумақтары жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:оқушыларды эстетикалық талғамға,зейінділікке, мұқияттылыққа,өмір сүретін және адам қызметіне оптималды жағдай жасау білуге, қажетті сәтте шеберлікпен орындай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбына байланысты сыныпты функционалдық аумақтарға «қонақ бөлмесі», «ас үй бөлмесі», « балалар бөлмесі» болып үш топқа бөлдім.
1 тапсырма :Еске тусіру.«Интерьер жайлы не біледі.»
2 тапсырма;сурет салу .топтастыру«Композиция туралы біз не ойлаймыз»
3тапсырма: шығармашылық жұмыс.
«Әсемдік әлеміне» атты шығармашылық жұмыс.
3 тапсырмада таратылған құралдар бойынша « қонақ бөлмесіне» ,«ас бөлмесіне» және «балалар бөлмесіне» әр топ әрлеу жасап, әсемдік жасауларын ойлап құрастыру болды. 
Шығармашылық тапсырмалар орындауда шағын топтармен жұмыс жасау – бұл ең әйгілі стратегиялардың бірі, өйткені ол оқушылардың жұмысқа қатысуына, ынтымақтастық дағдысын тәжірибеден өткізуде, тұлға аралық өзара қарым – қатынаста (белсенді тыңдау, жалпы пікір қалыптастыру, түрлі көзқарастың шығуына рұқсат беру, өзгені тыңдап, өзін тыңдата білу) зор мүмкіндіктер береді.
Берілген тапсырманы оқушылар үлкен қызығушылықпен орындады. Бұл сабақта сынып топ болып жұмыс істей алды. Бірінің білмегенін бірі айтып , білгендерін ортаға салып,берілген материалдарды тиімді пайдаланып ізденімпаздық қабілеттерін көрсете білді.
Топпен жұмыс жасауда оқушыларды сырттай бақылап, тек қажет болған жағдайда ғана көмекке барған жөн. 
Іскерлік және білім дағдылары тапсырмалар арқылы тексеріліп, бағаланады.
Міне .осындай сабақтарда сыныптағы оқушылардың және жеке оқушының қабілетін , шығармашылық мүмкіндігін зерттеп білуге мүмкіншілік туындайды.Оқушының жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады .Осындай мәселерді ескере отырып, сабақ беретін сыныптардың ішінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын, соған талпынысы бар оқушыларды сабақ барысында анықтаймын. Осы оқушылармен жеке жұмыс жасап, күрделі тапсырмалар бере бастаймын. Мысалға: өткен 2011-2012 оқу жылында 5-сынып оқушысы Аубакирова Айлананың қабілетін , қызығушылығын байқап. жыл бойы жеке жұмыс істеп «Кесте біздің өмірімізде» атты ғылыми жоба жазылды. Ізденіп еңбектің ,талпыныстың арқасында үлкен жұмыс жасалап,облыстық ғылыми жұмыс сайысында жүлделі орынға ие болды.
Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін,өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Оқушымен бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындап, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Шығармашылық жұмысын жүргізу барысында оқушылар төмендегідей іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады :
- өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеу;
- іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану;
- өз пікірін, ойын ашық айту;
- өз бетімен қорытынды жасау;
- өзі үшін жаңалық ашу.
- қызығушылығын қанағаттандыру.

Демек,оқушы өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп,зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі.


Қорыта айтқанда, істелген жұмыстардың нәтижелері неден көрінеді:
1. Оқушылардың білім көрсеткіштерінің артуы;
2. Қоғамдық жұмысқа белсенділіктің артуы, үйірме, сыныптан тыс шаралар, әр түрлі сайыстар т.б.;
3. Өткізілген шаралардың сапасының жақсаруы.
Қорытындылай келе, бұл көрсетілген нәтижелер ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттілігінің көрсеткіші ғана емес олардың жан-жақты дамуы мен болашақтағы мамандығына дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын алады деп есептеймін.
Ең маңыздысы, қолөнеді үйрену арқылы ұлттық дәстүрлер мен ұмыт болған қолөнерімізді қайта жандандырып, барын жаңартып, көнесін ескінің көзі деп сақтауға үйретіп, оларды күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде қолдана білуіміз керек. Бұл оқушылардың уақыт талабына сай адам болып тәрбиеленуі мен білім алуына негіз болады деп ойлаймын.
Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен оқушыны шығармашылық жұмыстарға баулу арқылы ізденімпаздық қасиетін дамыту - басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет