Мазмұндама Желіні жобалау және жүргізу. Кабельмен жұмыс жасау


UDP хабарларын беру хаттамасы



бет4/8
Дата25.01.2023
өлшемі73,35 Kb.
#166348
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2пк
тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, Автоматтандырылған басқару жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлері, Tema-4-Arhitektura-EVM, osn mpt uch p, Вариант №1, Технологии, Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу, Алгоритм практика Азиза 2пвт (1), желі практика Азиза, 8, 1пк, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «
UDP хабарларын беру хаттамасы.

UDP (User Datagram Protocol) хаттамасы TCP хаттамасына қарағанда өте қарапайым транспорттық хаттама болып келеді. UDP хаттамасы дейтаграмманы жеткізіп беруді қамтамасыз етеді, бірақ оларды дәлелдер алуды талап етпейді.


UDP хаттамасы мәліметтерді қосылуларды орнатусыз – ақ жеткізіп беру талап етілген жағдайларда пайдаланады. Мұндай байланыс негізінде сенімсіз, өйткені оның хабарлары дұрыс қабылданды ма және ол ол тіпті алындыма, сол туралы жіберушіге хабарланбайды. Қателердің туындауын тексеру үшін пакеттің бақылау сомасы пайдаланылады, бірақ қателіктер ешқандай өңделінбейді – олар немесе жойылады немесе олардың өңделінуі өте жоғары қолданбалы деңгейде орындалады.
UDP арқылы қолданбалы процеспен жіберілетін мәліметтер бөлшектерге бөлінбей, белгіленген орынға бір бүтін секілді жетеді. Мысалы, егер жіберуші – процесс порт арқылы бес хабарлама берсе, онда алушы – процесс порттан бес хабарды есептеуі қажет. Әрбір жазылған хабарлар көлемі әрбір оқылғандардың көлемімен сәйкес келуі қажет.
UDP хаттамасы мәліметтерді берудің қарапайым механизмі қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады. Сонда қате бақылауы немесе орындалмайды (мысалы, TFTP – Trivial File Transfer Protocol – қолданбалы хаттамасы – файлдарды берудің қарапайым хаттамасы) немесе қолданбалы деңгейде орындалады (мысалы, SNMP – Simple Network Management Protocol басқарушы хаттамасында немесе NFS – Network File System файлдық жүйеде пайдаланады).

Транспорттық хаттама негізінде мәліметтермен алмасу бағдарламасы.


TCP тек төменде жатқан деңгейдің хаттамаларымен ғана емес, сонымен қатар қолданбалы деңгейдің хаттамаларымен және қосалқы анықтауышымен де өзара әрекеттесуі қажет. Қолданбалы деңгеймен байланыс сервистік қарапайымдар жинағы көмегімен жүзеге асырылады. Сервистік қарапайымдар хаттама стандартында анықталынады, ал қолданбалы бағдарлама үшін олар сокеттермен жұмыс кітапханасы формасында жеткілікті.


Қосылуларды орнықтыру кезінде жақтардың немесе тараптардың әрбірі ашық қосылулар деп аталатын кейбір операцияларды орындайды. Ашықтар пассивті немесе активті болуы мүмкін. Ереже юойынша жақтардың бірі қосылулардың активтік ашылуын, ал екіншісі – пассивтік ашылуын жүргізеді, сонда қосылулар орындалады. Екі режимдер де нақты ережеге бағынады. Пассивтік қосылуларды кейде серверлік деп, ал активтікті – клиенттік деп атайды.
Активтік қосылулар кезінде қолданбалы деңгейдегі процесс ТСР – дің бағдарламалық қамсыздандырылуын сол ЭЕМ – ге сұраныстың сервистік қарапайымдылығына сокет номерімен қосылуды орнатуға береді. Содан кейін ТСР алушыға қосылуды орнатуға сұраныс жібереді және жауабын күтеді. Қосылулар орындалғаннан кейін активтік пройесс (клиент) мәліметтердің берілуін және қабылдануын ынталандырады.
Пассивтік қосылулар кезінде қолданбалы бағдарлама ТСР – дің бағдарламалық қамсыздандыруын жойылған жүйеден қосылуға сұранысты күту режиміне ауыстырады. Сұраныс қашан келіп түссе, ТСР – дің бағдарламалық қамсыздандырылуы қосылуды орнатуды жүзеге асырады, содан кейін пассивтік процесс (сервер) мәліметтерді қабылдауға және беруге дайын болады.
Сокеттердің бағдарламалық интерфейсі ОЖ UNIX үшін жасақталынды. Бұл интерфейсті сақтап тұрушы функция кітапханасы UNIX және LINUX типті барлық ОЖ ядроларына кіреді. Дегенмен бұл бағдарламалық интерфейстермен жұмыс принциптері TCP/IP сақтап тұрушы жұмыс принциптері TCP/IP сақтап тұрушы.
ОЖ – тің көпшіліктеріәнде қолданылады. ТСР хаттамасы үшін пассивтік (сервер жағында) қосылулар сокетпен бірге келесі функцияларды орындалуға әкеледі:
- Сокет жасау және оны (ОЖ – те UNIX типінде socket функциясында) типінде орнату;
- Нақты бір қосылуға сокетті ретке келтіру (порттың адресін және номерін көрсетеді – ОЖ – те UNIX типті функция bind);
- Коиенттердің кезегін жасау (ОЖ – те UNIX типті функция listen);
- Сокетпен қосуға келетін сұранысты күту (ОЖ – те UNIX типті функция accept);
- Клиентпен мәліметті қабылдау және беру (ОЖ – те UNIX типті – функциялары read, write, send, recv және олардың модификациялары);
- Коиентпен жабық қосылулар (ОЖ – те UNIX типті – функция close);
Қосылуға ендіруші сұраныс алып сервер бір уақытта екі есептерді шешуі қажет: қолданбалы хаттамамен сәйкес қосылуды коиентпен орнатуды қамтамасыз ету (мәліметтерді клиентке беру және қабылдау) және басқа клиенттерден қосылуға жаңа сұраныстардың келіп түсуін күту. Әдетте дамыған ОЖ – те бұл проблема бірнеше процестердің параллельдік орындалу мүмкіндігінің арқасында шешіледі. ОЖ – те UNIX типінде жаңа процесті жасау fork фуекциясының көмегімен шешіледі, бұл кезде жаңадан құрылған процеспен негізгі процесте жасалынған барлық қосымшалар сақталынады.
ТСР хаттамасы үшін сокетпен активтік (клиенттер жағында) қосылулар келесі функциялардың орындалуына әкеледі:
- сокет жасау және оның типін анықтау (ОЖ – те UNIX типте функция socket);
- сервермен қосылуды орнату (порттың адресімен номерін көрсетеді – ОЖ – те UNIX типті функция connect);
- мәліметтерді қабылдау және беру (ОЖ – та UNIX типті – функциялар read, write, send, recv және олардың модификациялары); сервермен қосылудың жабылуы (ОЖ – де UNIX типті – функция close);
4. IP адресіндегі адрестеу. IP-адрестерінің түрлері: жергілікті, желілік, символдық.
IP-адрестеу
Интернетке қосылған әрбір ЭЕМ-нің өзіндік қайталанбас физикалық адресі болады. (IP-адресі). Адрес нүктемен бөлінген 4 ондық саннан тұрады, олардың әрқайсысы – 0 мен 255 санының арасындағы кез келген сан. Желідегі компьютерді осы сандарға қарап анықтайды. Мысалы: 194.84.93.29немесе 128.29.15.124
Осылай адрестеу жүйесі 2564» 4,3 миллиард компьютер адресін анықтай алады. Дәлірек айтқанда физикалық адрес 32-разрядты екілік сан (4 байт) ретінде жазылады.
Физикалық адресті пайдалану ыңғайсыз (адамдарға цифрлар тізбегін есте сақтау қиын), сондықтан мұндай адрестерге символдық(домендік) адрестерді сәйкестендіреді.Символдық адрестер белгілі мағынасы бар сөз тіркестерінен тұрады.
Символдық немесе домендік адрестер былай жазылады:
Протокол://машина аты.домен аты[/каталог/ подкаталог/файл аты]
Бірінші орында көрсетілетін қызмет протоко-лы тұрады, мысалы,http. Келесі ЭЕМ аты, онан кейін домен аты, мысалы, http:/www.microsoft.com. Адрес соңында кейде сервердегі каталог аты мен файл аты (Web-парақ), мысалы, /mpress/cpnew.htm.
Бірнеше домендік адрестерден мысал келтірейік:
http://www.bilim.kz
ftp://ftp.mathsoft.com
http://www.translate.ru/ras/erre.asp
Аймақтық домен аттары
Домен аты 2—4 сөзден тұрады, жоғарғы (оң жақ шеткі) домен желі торабы орналасқан елді немесе ұйымның типін (АҚШ-та) көрсетеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет