Мазмұны: -кіріспе 2-негізгі бөлім Сүйінбай Аронұлының шығармашылық тақырыбының ерекшеліктері 2С. Аронұлының халқымыздың айтыс өнерінде қалдырған елеулі орны 3-Қорытынды 4-пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе



бет3/3
Дата21.01.2022
өлшемі430,05 Kb.
#113258
1   2   3
Байланысты:
Гылыми жоба
Еңбек жоспар
Қорытынды:

Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерде дүниеге келген.Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған.Ол жасынан жыраулығымен елге танылған, өлеңге жасөспірім шағынан үйір болып, 13-15 жасынан ақындық жолын қуады.Жамбыл ақын «Менің пірім- Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтқан. Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы- жауынгер, ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. «Өтеген батыр» жырын шығарып, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Көроғлы», «Тотының тоқсан тарауы» дастандарын жырлаған.Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігіменел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған.Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арсына танылған.Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене қатысқан.Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан , төрелерден, бай- болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған.Қазақ халқының тарихи- қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан- жақты көркем суреттелген.Сүйінбай поэзиясы терең философиямен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек айшықтарымен ерекшеленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Үмбетов М. «Пірім менің Сүйінбай».

2.Сүйіншәлиев Х. «Қазақ әдебиетінің тарихы».

3.Маұпырұлы С. ,Сыдықов Т. «Қазақ әдебиеті»



Сүйінбай Аронұлы(1815-1898)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет