Мазмұны: -кіріспе 2-негізгі бөлім Сүйінбай Аронұлының шығармашылық тақырыбының ерекшеліктері 2С. Аронұлының халқымыздың айтыс өнерінде қалдырған елеулі орны 3-Қорытынды 4-пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе



бет2/3
Дата21.01.2022
өлшемі430,05 Kb.
#113258
1   2   3
Байланысты:
Гылыми жоба
Еңбек жоспар
Негізгі бөлім

Сүйінбай Аронұлы поэзиясы XIX ғасырда жырланса да, оның толғауларЛ өлеңдері біздің заманымызға дейін жетеді. Сол заманда бұкарашыл әдебиетті пайда болуына, халык арасынан акындар шығуына әрине, сол кездегі тари>а әлеуметтік жағдай эсер етпей койган жок. Хангали Сүйіншәлиев пікірі бойынша: «XIX гасырдагы казак эдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынаі біраз ілгерленген, когамдық мэні зорайып, әлеуметтік беті айкындала бастағаи эдебиет»,-деген. Осыдан барып XIX гасыр әдебиетімізде дэуір көрінісі айкын бейнеленіп, заман сыры жан-жакты ашылып, қоғамдык ұлттың сананың ояна бастағаны, әлеуметтік теңсіздіктер қоғамдык кайшылыктар жырланып, казак акындарының ел ісіне белсене араласып жаткан кезеңі танылады.Жыр дүлдүгя Сүйінбай акын өзінің шығармаларында үнемі калың еңбекші көптің атынан сөйлеп, карапайым халыктың үміті мен мұрат-максатын бейнелейді. Сүйінба|і Аронұлының «Акиык» жинағына толғаулары, сын-сыкак өлеңдері мен арнаулары және айтыстары енген.

Сүйінбай акын көбінесе елінің байлығын, барлығын мактан етпейдіі Өнерді.өленді мұрат тұтады. Бұл турасында Ілияс Жансүгіровте, ол: «Сүйінбам өленді кәсіп еткен, ұлы дүбірде жарыска түскен, өлеңді ойдан желше соктыра беретін жез таңдай акын. Ел әуезінше айтсак, «дарыған» акын. Мұнын өлеңдерінін өзгешелігі — көбінесе жырмен сокканы. Сүйінбай шұбыртып жырласа, төгіп жібереді, сипалап кетеді»,-дейді ірі таланттың өзіндік мәнеріні стилін дәл тауып айтып Сүйінбай акын шығармалары- образды сұлу суретті жырлар. Онда терең мазмұнға сай көркем бейне, сом тұлғалар дараланыпі көркемдік шыңга көтеріледі. Әсіресе үстемдер бейнесін жасауда олардын типтік мінездерін танытарлык суреттер конымды бояулар аркылы реалистік өнер дәрежесінде тұлғаланды. Ал датка, ұлык, болыс, би, ояз сияқтыларды суреттеуде Сүйінбай Аронұлы Абай Құнанбаевтың «Болыс болдым мінекей!»

Сүйнбай акын заманынан озып шыккан халык кайраткері, сыншыл акын. Ол әлдекімдер кұсап, өлеңді өлең үшін айтпайды, өленді туган елнін тагдырына, болашагына байланыстырып айтады. Әлсіз, корғансыз адамдарды жактайды, солардың мұң-шерін жырлайды Еңбекші көптің үстем тап өкілдеріне карсы күрескен колдап, эділеттіліктің жебеуші жактасы болған Сүйінбай Аронұлы- жер дауы, жесір дауы, ер кұны тәрізді маңызды, мэнді, жауапты жиындарда халык атынан сөйлеп, өз шешімін өткізе алган ділмар-дипломат шешен. Өзі катыскан мәміле-мәжілістерде ел билеген сұлтан, төрелерді, атка мінер болыстарды шенеген. Әркашан да елдің намысын жактаушы уэкілімін деп санаган.

Сүйінбай акын Бұкар жырау, Шернияз Жарылғасұлы, Дулат Бабатайұлы, Шал акындар сиякты өзінің жас кезең, картая бастаган шагі.ін суреттейді.Сүйінбай Аронұлы өз өлеңдерінде көбінесе сын-сыкак, ащы сарказмді колданған. Сүйінбай акын көбінесе бай, төрелерге арнап мыскыл өлеңдер шығарған. Соның бірі «Өзге төре өлсе де Сөк төре өлмейді» өлеңі. Осы арнауында Сүйінбай акын Сөк төренің елге жайсыз канаушы екенін жиналган көп алдында көзіне айтып, жерге каратады.

Сөк төренің атасы-хан Абылай,

Хан боламын дей ме екен ол да сондай?!

Өзге төре өлсе де Сөк өлмейді,

Осы пұшык кұдайдың кенже ұлындай.

Алды-артыңа, ей төре, карап сөйле,

Бірінші аттың иесі — мен Сүйінбай!

Күш іздесен көрейік сеніменен,

Меніменен, канеки, шыкшы былай!

Сүйінбайдың, әсіресе, айтысқа түскенде қынынан суырылған қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен ақындық стихиясымен қауышқандай әсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары нағыз шашасына шаң жуытпайтын жүйріктің айғағы. Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағүрлым ұзарып, биіктеді, тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті.Оның бірі: Сүйінбайдың Қаңтарбаймен сайысқа түсуі

Сүйінбай Аронұлының бір күрделі айтысы — ол Қаңтарбаймен сайысқа түскені Əлеуметтік қайшылыққа, өмір жайлы толғанысқа толы бұл айтыстың жөні бөлек. Екі ақын да бар мүмкіндігінше толғанады; іштей түлеп, шиыршық атып, бір-біріне қарсы тұрады. Мүлт кетер, кідіріп қалар, сөзден тосылар ұрымтал жерді аңдиды. Айтыс өте бір шиеленіскен қызық жағдайда өтеді.

Албан жəне Дулат руларының көптігін айтып састырмақ болған Қаңтарбайға Сүйінбай Екей руы аз болса да, оның Сұраншыдай батыры бар екенін, талай жауды тойтарғанын мадақтайды. Ол Албан мен Дулатқа да қорған болғанын айтады:

 Қаңтарбай:



Міне, отыр Сыпатайым он бір батпан,

Дұшпанның ерегіссе көңілі қайтқан.

Болғанмен өзім кедей, ел-жұртым бай,

Жауарбай сексен нарға көген артқан.

 Кетпей ме ашуланса елім қаптап,

Кетеді қаптаған соң жерге таптап,

Қасқа аттың төбеліндей кедей едің,

Көрпеңді көсілсеңші бойға шақтап.Сүйінбай:

Сұраншым отыр, міне, судай тасып,

Сарыкемерді жау келіп шапқанында,

Сыпатай босып кеткен шөлге қашып.Соңында бұл айтыста Сүйінбай өзінің ақындық өнерін асырып, Қаңтарбайды жеңіп кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет