§7. Баспаханалық өнімдерін зерттеу
Баспа құралдарының көмегімен жасалған құжаттарды зерттеу.
Кейінгі кезде баспа құралдары лазерлік, матрицалық, жылжымалы принтерлер, әртүрлі кассалық аппараттар және т.б. арқылы орындалған құжаттар саны бірден өсіп кетті.
Осындай құжаттарды зерттеу кезінде әртүрлі идентификациялық және идентификациялық емес сипаттағы сұрақтар туындауы мүмкін. Идентификациялық емес сұрақтарға – классификациялық, диагностикалық және ситуациялық сұрақтар жатады. Мысалы: нақты құжатты дайындау үшін қандай таңба басатын құралдың түрі қолданылған, осы құжатты дайындау үшін бір немесе бірнеше таңба басатын құралдардың сай келуі мүмкін бе, таңба басатын құралдың қандай ерекшеліктері (ескірген немесе жаңа жабдықтар және т.б.) бар. Тергеуші зерттелетін құжаттардан басқа материалдарды, яғни таңба басатын құралдардың таңба үлгілерін, жөндеулер, бөліктерін ауыстыру туралы және өзге де мәліметтерді жинауы қажет.
Құжаттың жалғандығы туралы күдік туған жағдайда, құжат бланкілері техника-криминалистикалық зерттеуге жатады. Тергеу және сот тәжірибесінде ақша, акциздік маркілер, қызмет куәлігі және т.б. құжаттардың бланктерін қолдан (жалған) жасау әрекеттері кездеседі. Қылмыскерлер экономикалық реформа жүргізу кезінде қатаң есептегі бланктік құжаттарды қолдан жасай бастады. Сонымен қатар, күнделікті өмірде этикеткалар, ойын-сауық билеттері, жол жүру билеттері мен басқа да баспа өнімдерін қолдан жасау кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |