Жазу машинкаларын идентификациялау. Әрбір жазба машинкалары жоғарыда көрсетілген жалпы белгілерімен қатар жазба мәтінінен көрініс табатын жеке белгілермен де сипатталады. Жазба машинкасын ұзақ уақыт қолдану салдарынан, оның механизмдерінің немесе шрифтарының өзгеріске ұшырауы нәтижесінде пайда болған белгілер жатады: а) белгінің бойлық осінің вертикальдан ауытқуы; б) белгінің вертикаль немесе горизанталь бойынша жылжуы; в) белгі таңбаларының қосарланып немесе жағылып түсуі; г) белгінің біркелкі емес боялуы, ол жұмыр біліктің сыртқы қабатының тегіс болмауына және клавиштердің айқасып қалуына байланысты; д) қағаз шығару механизмінің дұрыс істемеуі нәтижесінде жолдардың паралельді болмауы. Осы өзгерістер жөндеу жүргізу нәтижесінде жөнделуі мүмкін.
Мәтін бойынша нақòы жазу машинкасын идентификациялау жалпы және жеке белгілерді салыстыру және зерттеу жолымен жүзеге асады. Бұл белгілер зерттеліп отырған мәтіннен және тексерілетін жазба машинкасының еркін және экспериментальды үлгілерінен көрініс табады.
Жаңа машинкаларды идентификациялау кезінде зерттелетін мәтіндегі таңбалардан көрініс табатын литер микрорельефінің белгілері қолданылады. Бұл белгілер жоғары жиілікті электð алаңында фотоға түсіру әдістермен анықталады (фотографирование в поле токов высокой частоты ТВЧ).
Жеке белгілердің сәйкес келуі мен айырмашылығын қамтамасыз ететін ең тиімді, әрі көмекші әдістердің бірі – проективтік геометрияда математикалық аппаратты пайдалануға негізделген графикалық идентификациялық алгоритм болып табылады.
Машинкада жазылған мәтіннің орындалу мерзімі белгілі бір уақыт аралығында еркін үлгіде машинкада жазылған мәтіннің жеткілікті мөлшерде болуына байланысты анықталуы мүмкін.