Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет115/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§ 4. Топырақтану

Қылмысты алдын ала тергеуде және сотта мынандай кейбір мәселелерге, яғни қылмыс болған жердегі адамның, жануардың, заттардың, көліктің жылжуына, орнынан қозғалуына олардың арақатынастары мен тағы басқа жағдайларға көңіл аудару керек. Бұл жағдайларда киімге, аяқ киімге, көліктің кейбір жерлеріне жабысқан заттарға (топырақ, шөп т.б.) қарап қылмыстың қай жерде болғанын, қандай топырақпен байланысты екенін анықтауға болады.


Бүгінгі таңда топырақтану зерттеулері жақсы дамыған, ол жеке ғылыми бағыты ретінде танылады.
Топырақтану сараптамасы криминалистикадағы топырақтану тәсілінің негізінде дамып, табиғатты зерттеу ғылымдарының басқа, яғни геология, минералогия, микробиология, агрохимия, биохимия табыстарының соңғы жетістіктерін пайдаланады.
Топырақтану арқылы келесідей жағдайлар анықталуы мүмкін:
1. зерттейтін заттарға жабысқан объектілер және ол заттың қай жеріне жабысқандығы;
2. жабысқан заттың топырақпен байланыстылығы, болмаса басқа заттармен байланыстылығы;
3. жабысқан түйіршіктердің бір жерден, не болмаса әр жерден екендігі;
4. топырақтың қай жерден екендігі;
5. затқа жұққан топырақ оқиға болған жердің топырағына жататындығы немесе жатпайтындығы және оқиғамен байланыстылығы;
6. затқа жабысқан заттардың бір-бірімен арақатынас жағдайлары.
Көрсетілген сұрақтар топырақ зерттеу сараптамасының негізі болып саналады. Бірақ, іс жүзінде қылмысты тергегенде басқа да (жабысқан заттардың пайда болуы және оның уақыты, зерттейтін заттардың қандай жағдайларда сақталғандығы және де алынған топырақ елдің қандай мекеніне жататындығы жайында ) сұрақтар туындайды. Сарапшыға кейде топырақтың «ұқсастық», «бірыңғайлылық», «теңестіру» және оның «химиялық құрамын» анықтау мәселелері жөнінде орынсыз сұрақтар қойылады. Сұрақтарды бұлай қою дұрыс емес, «химиялық құрамы», «ұқсастық»-деген сөздер өздігінен еш нәрсені білдірмейді. Себебі табиғаттағы әртүрлі заттардың ұқсастығы болуы мүмкін. Сондықтан ол заттың шығу тегі жөнінде теріс қорытынды шығарылады. Мысалы, топырақ пен шынының химиялық құрамын зерттегенде бірдей элементтерді табуға болады: силициум, марганец, феррум т.б. Сондықтан, «химиялық құрамы», «ұқсастық» дегендер заттың табиғаты жөнінде ештеңе білдірмейді. Екі түрлі топырақты салыстырмалы зерттегенде «бірыңғайлылық» - деген сұрақ ештеңені көрсетпейді. Себебі, «бірыңғайлылық» - дегеніміз әртүрлі топырақтардың бірлігі, не болмаса топырақтың араласуы. Әртүрлі топырақты зерттегенде «бірдейлік», «теңестіру» - деген сұрақтарды қою әдістемелік жағынан дұрыс емес. Себебі, «бірдейлік», «тепе-теңдік», тек қана бір затта болады. Әртүрлі топырақты салыстырмалы түрде зерттегенде «теңдік» - дегеніміз сол топырақтардың бір жерден болуын көрсетеді. Алайда зерттеуге жіберетін топырақтардың саны бірнешеу болады.
Сонымен топырақтану зерттеу сараптамасы бүгінгі таңда келесідей мәселелерді шешеді: топырақтың табиғатын анықтау; топырақты сұрыптау; топырақты біріктіру; оқиға болған жердің басқа да жағдайлармен өзара байланысын анықтау.
Көптеген жағдайларда заттардың өзара қатынасын әртүрлі сарапшы-мамандардың қатысуымен шешуге тура келеді. Олар: топырақ зерттеу, талшық және бояу-сырларды тексеретін, жануарларды, өсімдіктерді зерттейтін сарапшылар т.б.
Тергеуші оқиға болған жерді қарау арқылы ластанған заттың қандай жерде және қандай жағдайда болғанын анықтауы тиіс, яғни ол анықталған заттың қоршаған ортасын білуі керек. Бұл жағдайда тергеушінің қоршаған ортадағы болған мән-жайды анықтауы шешуші роль атқарады. Қоршаған ортаны белгілеу жалпылама, не болмаса сандық сипатта болады. Мысалы, сулы жердің солтүстік жағында жол, ал басқа жақтарында ағаштар. Бұл жалпылама сипаттама, ал сандық сипаттамаға мынандай мысал келтіруге болады: оқиға болған жердің ұзындығы -20 м, ені –10 м, оңтүстігінде –150 м жерде ағаштар, ал солтүстігінде жол бар.
Қоршаған орта табиғи жағдайда болуы немесе жасанды болуы (адам қолымен жасалуы) мүмкін.
Табиғи дегеніміз – сулар, сайлар, қыраттар, шөптер және т.б..
Қолдан жасалғандарға (жасандыларға) мысалы, мыналар жатады: жолдар, егістіктер, бау-бақшалар, бақтар және т.б..
Табиғи ортаны анықтау өте қиын, себебі бір жердің топырағы екінші жермен бірдей болады. Ал қолдан жасалған жағдайда бір жермен екінші жердің топырағының айырмашылығы бірден көзге түсіп тұрады.
Қоршаған ортаның нақты белгілері айқын болса, тергеуші топырақтану зерттеу сарапшысына осы жердің көлемін, сипатын және басқа белгілерін көрсетеді. Егер ол жердің айқын белгілері болмаса тергеуші сарапшының өзін сол жерге шақырады. Сарапшы немесе маман сол жерден топырақты қандай үлгіде алу керек екендігін анықтайды. Топырақ зерттеу сарапшысына алынған заттарды жіберуден бұрын тергеуші төмендегідей мәселелерді шешіп алуы керек:

  • оқиға болған жерді қарау, тексеру, оның аумағын, шекарасын анықтау;

  • оқиға болған жерден зерттеуге үлгі топырақты алу, оларды буып-түю;

  • ластанған заттарды табу, бекіту, алу және буып-түю немесе орау;

  • оқиға болған жер жөнінде кейбір деректерді жинау (жерде тыңайтқыш, қоқыстар бар ма және т.б.);

  • оқиға болған уақыттан топырақ үлгісін алғанға дейінгі аралықта ауа-райы қандай болды (жаңбыр, жел, ауаның температурасы, топырақтың ылғалдылығы және т.б.);

  • оқиға болған уақыт пен заттың үлгісін алу арасында өзгерістер болған жоқ па (киімді, аяқ киімді өзгерту, оларды тазалау, я болмаса ор қазу, жер жырту т.б.). Сонымен, тергеушінің жұмысы тек зерттеу үшін үлгі алу емес, сол жерді тексеріп қарау.

Енді осы жұмыстардың әрқайсысын жеке қарастыратын болсақ, заттай дәлелдемелерді тексергенде мына мәселелерге көңіл аудару қажет: заттай дәлелдемелердің беті лас болып, ал оқиға болған жер құрғақ болса, онда бұл жерде жаңбыр жауғандығын не жаумағандығын анықтау керек; егер заттың бетіндегі топырақтың түсі сол жердің топырағына ұқсамайтын болса, онда оқиға басқа жермен байланысты болуы мүмкін.
Заттай дәлелдемелерді тексеру таза қағаздың бетінде жүргізіледі. Топырақтың үлкен бөлігі жеке оралып, оның қай жерден алынғандығы көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер қатты қағазға оралып, жәшікке салынады. Су заттар қатты қағазбен жабылып бөлме температурасында кептіріледі. Әрбір затты буып-түйгеннен кейін оның сыртына не нәрсе екендігі жазылады және қол қойылып, мөр соғылады.
Егер сарапшыға заттай дәлелдемелерді (киімдерді, аяқ киімді т.б.) жіберу мүмкін болмайтын болса, оларға жабысқан түйіршіктерді ақырын алып, орап, қай жерден алынғандығы хаттамада көрсетіледі.
Аяқ киім табанындағы тағадағы және аяқ киімнің үстіндегі ластарды ақырын алып, орап, қай жерден алынғандығы жазылады. Тағадағы балшық, не болмаса із жақсы сақталатын болғандықтан оған аса көңіл аудару керек.
Оқиға болған жер аумағындағы топырақтың беткі қабаты құрғақ болса немесе бұл аумақ көгал болса, онда бұл заттай дәлелдеме басқа қайнар көзден ластанғандығын білдіреді.
Оқиға болған жерді анықтау сол жердің топырағын алумен анықталады. Зерттеуге жіберілетін топырақтың үлгісі қанша болу керек екендігі сол жердің топырағының құрамына, шөптердің түрлеріне байланысты (егер, жер әртүрлі болса үлгі көп болады). Топырақтың үлгісі келесідей екі түрге бөлінеді: 1) салыстырмалы түрі – бір жерден немесе бірнеше жерден алынады; 2) бақылау түрі – сол ортаның айналасынан алынады. Мысалы, аяқ киімнің табанындағы балшық (сезікті адамның жұмыс істейтін жерінің, болмаса тұратын жерінің балшығы)-бақылау түріне жатады.
Топырақ үлгілері (салыстырмалы және бақылау түрлері) -50 гр.; -200 гр. – дейін алынады. Үлгі топырақ болса, оны полиэтилен-дорбасына салу қажет. Үлгі жол бойында дұрыс сақталуы үшін оны ораған зат мықты болуы тиіс. Топырақтың әрбір үлгісін қай жерден, қандай тереңдіктен алынғандығы, уақыты, нөмірі хаттамада бекітіледі. Топырақтану зерттеу сарапшысына топырақ үлгісі оқиға болған жерді қараудан кейін көп уақыт өткізбестен дереу жеткізілуі керек. Себебі уақыт өткен сайын топырақтың қасиеттері өзгереді. Топырақ үлгісін қандай тереңдікте алу, тексерілетін заттың қаншалықты тереңдікке кіргеніне байланысты. Мысалы, тексерілетін объект етік болса, онда үлгі-топырақ 1-2 см тереңдіктен алынады.
Алынған үлгілер хаттамада толық, әрі жан-жақты сипатталып, оларға нөмірлер қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет