Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


VII-ТАРАУ. ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ



бет112/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

VII-ТАРАУ.

ЗАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАРДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ




§1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зертеудің түсінігі және оның міндеттері

Заттар мен материалдар – қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсілдері, сондай-ақ қылмыскерлер мен қылмыстық оқиғаның жағдайы туралы ақпарат көздері ретінде өте ертеден қолданып келеді. Орта ғасырдың өзінде-ақ алтын тиындардың немесе әшекей бұйымдардың сандық құрамын зерттеу арқылы олардың жалған екендігі анықталған. Асыл тастарды морфологиялық талдау арқылы тастардың жалғандығын анықтауға немесе ұрланған заттың құнын білуге мүмкіндіктер болған. Бірақ В.С. Митричевтың теориялық еңбектерінің арқасында «Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу» тарауы криминалистикалық техниканың жеке бір тарауы ретінде соңғы жиырма жылда қалыптаса бастады.


Әлемде бізді барлық заттар мен материалдар қоршап тұрады. Қылмыс жасаған кезде субъектілер заттай көрсеткіш іздер немесе айғақ іздер болуы мүмкін объектілердің құрылысын, құрамын және құрылымын еріксізден немесе әдейі қасақана өзгертеді. Бұл салада жаратылыстану және техникалық ғылымдардың жетістіктерін қолдану жолымен макро- және микро көлемінде алынған заттар мен материалдарды зерттеуге және іздестіруге қажетті дәлелдемелік маңызы бар ақпараттарды алуға болады. Бірақ бұл жерде «бұл криминалистикалық зерттеуге жата ма» - деген сұрақтар жиі туындайды, басқаша айтқанда заттар мен материалдарды сот өндірісі процесінде зерттеу мен бұл объектілерді ғылымда, техникада, өндірісте зерттеудің ара қатынасы қандай екндігі туралы криминалистердің арасында әлі күнге дейін өзара пікірталастықтар туындауда. Жоғарыда криминалистикалық техника бөлімінің жүйесіне жаңа тарауды кіргізу қажеттілігін негіздейтін критерийлерді көрсетіп өттік. Оларға мыналар жатады:

    • заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу объектілерін табу, бекіту және алу ерекшеліктері;

    • оларды зерттеу әдістемесін өңдеп жетілдіру;

    • объектілерді табу, бекіту, алу және зерттеу қорытындыларын процесуалдық рәсімдеу.

Бұл тарау барлық осы аталған критерийлерге сәйкес келеді. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу объектісі ретінде қарастырудың ерекшелігі «ғылым орталығында» жеткілікті көлемде алынған нақты заттай дәлелдемелерді зертейтін және оларды зерттеуге қажетті әдістеменің қалыптаспағанында.
Олар негізгі ғылымдардың бірі ретінде криминалистикаға сүйенбей өңделіп жетілдірілуі (жасалуы) мүмкін емес. Сонымен қатар ұсынылған немесе табылған объектілердің қаншалықты көлемде алынғандығына қатысты және оның барлық белгілері мен қасиеттерінің көрінісімен байланысты тек криминалистика ғылымы арқылы шешілетін мәселелер туындайды. Сондықтан да өнеркәсіптік немесе ғылыми зерттеулерде қолданылатын бірыңғай стандарттық әдістемелерді қолдануға болмайды.
Бұларға келесідей мысал келтіруге болады, жәбірленушінің денесіндегі жарақаттан алынған металл бөлігі мен сезіктіні тінту кезінде алынған пышақты зерттеу объектісі ретінде алайық. Егер пышақ немесе металл бөлшегінің тек құрамы мен түрін ғана анықтау керек болса, бұл мәселелерді криминалистика ғылымын қолданбай-ақ өнеркәсіптік бірыңғай стандартты зерттеу әдістемесін қолдану арқылы шешуге болады. Бірақ мұндай әдістерді қолдану нәтижесінде алынған криминалистикалық маңызды ақпараттардың дәлелдемелік маңызы төмен болады және бұл зерттеу нәтижелері пышақ пен металл бөлшегінің тек өте үлкен топқа жататындығын ғана анықтауға мүмкіндіктер береді. Сынған бөлік бойынша объектінің бір бүтінге жататындығын, оның өзіндік қасиеті мен жағдайын, заттың тарихын немесе биографиясын, оны жасау технологиясын немесе сыну және т.б. себептерін анықтау керек болған жағдайларда криминалистика ғылымын қолдану қажеттілігі туындайды.
Мұндай мәселелерді шешу үшін арнайы әдістеме қалыптасуы қажет, сонда ғана алынған ақпараттардың дәлелдемелік маңызы алғашқы жағдайға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Қолайлы жағдайларда пышақтың сынған бөлігі бойынша да жекелей идентификация жасалынуы мүмкін. Заттар мен материал шеңберінің кеңдігіне қарамастан, оларды зерттеу кезінде шешетін кейбір ортақ мәселелерді қалыптастыруға болады.
Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу процесінде шешілетін диагностикалық мәселелер келесідей топқа бөлінеді:

    • қарапайым (тікелей) – олар заттар мен материалдардың құрамын, табиғатын, қолдану аясын, қасиетін анықтаумен байланысты мәселелер. Мысалы, мөлдір тасты сары металдан жасалған жүзік 583-ші сынамалы алтыннан, ал тас 0,4 карат салмағындағы фианитпен, сондай-ақ пышақтың жүзі №…маркілі болаттан жасалынғандығын, тінту барысында алынған ақ түсті ұнтақ-героин, ал бөтелкедегі сұйықтық – этил спирті екендігін анықтау мәселелері.

    • күрделі (құрамалы) мәселелер, оларға заттар мен материалдардың бастапқы жағдайының өзгеру себептерін, оның құрылымы мен құрамына әсер ететін фактілерді және өндіріс технологиясын; сондай-ақ бұйымның қарастырып отырған материалдардан жасалғандығын анықтау мәселелері жатады. Мұндай мәселелер көбінде тергеуден болған себептерге әкелетін жолды бақылап анықтауға мүмкіндіктер береді.

Диагностикалық зерттеу тәртібіне сәйкес күрделі мәселелермен жұмыс жасаудың бастапқы кезеңінде алдымен өнімге әсер ететін қарапайым мәселелер шешіледі, яғни заттар мен материалдардың құрамы мен құрылымы анықталады. Осы мәліметтер негізінде оқиғаның механизмін немесе оның кейбір элементтерін қалпына келтіру жұмыстары жасалуы мүмкін. Мысалы, өрттің шыққан жерінен жасыл түсті өрт ұшқынының қалдығы табылды. Талдау жүргізу арқылы оның құрамы мен құрылымына тұз бен марганец тотығы кіретіндігі анықталды. Жану жағдайын талдау – нақты температурада тотықтандыру болған жағдайда мұндай қосылыстар калий перманганатының бөлінуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін және бұл қосылыс кезінде үлкен көлемде жылу бөлініп, соңында өртке әкеліп жануға бастама болатындығын көрсетті.
Идентификациялық мәселелер – диагностика процесінде анықталған белгілерді жиынтығы бойынша салыстырмалы зерттеу арқылы шешіледі. Объектінің нақты жекеленген ұқсастығы өте сирек анықталатындығын айтып кеткеніміз жөн (әдетте құрама зерттеу кезінде бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау мақсатында сыртқы құрылысы тұрақты объектілер). Мәселен, адам өлтіру ісі бойынша мәйіттің денесін ашу кезінде жарақаттан металл бөлшегі алынды. Ол қылмыс құралы – пышақтың сынығы болуы мүмкін. Сезіктіні тінту кезінде пышақ алынды, оны зерттеу нәтижесі пышақтың жақында қайралғандығын көрсетті. Сондықтан да бұл пышақтың бөлшегі болғанымен де, оның жүзінде бөлінген сызықтар болмаған. Бірақта пышақтың жүзінің беткі қабат бөлігі мен орталық бөлігін морфологиялық салыстырмалы зерттеу жолымен олардың екеуінде де бірдей микрожолдардың бар екендігі анықталды. Пышақ пен бөлшектің сандық элементтік құрамы сәйкес келді, бұл екеуі де бір болаттың бір маркасынан жасалғандығын куәландырады. Олардың құрылымын зерттеу нәтижелері болаттың және микробөлшектердің термаөңдеу жағдайларының бірдей екендігін көрсетті. Белгілердің жиынтығы бойынша мынандай қорытынды шығарылды: бұл пышақтың жүзі бұрын микробөлшекпен бір бүтін болған.
Өкінішке орай заттар мен материалдарды әсіресе, сыртқы құрылысы тұрақсыз-сұйық және сусымалы заттарды жекелей идентификациялау негізді және мүмкін болғанымен де, олар көбінде кешенді зерттеу барысында анықталады. Әдетте объектіні белгілі бір топқа жатқызу шешімі мүмкіндігінше оның шекарасын қысқартады. Мысалы, ұсынылып отырған қағаз целлюлоза – қағаз фабрикасында жасалған және белгілі бір партияға жатады; жол-көлік оқиғасы болған жерден табылған лак-бояу қабатының бөлшегі мен ВАЗ автокөлігінің лак-бояу қабатының жалпы топтық қатыстылығы бір.
Заттар мен материалдарды диагностикалық және идентификациялық зерттеу – объектілердің өзара байланысу фактілерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Мысалы, зорлау ісі бойынша сезіктінің киімінің ткані мен жәбірленушінің киіміндегі талшықтардың қатыстылығын анықтау. Өзара байланыс фактілері, әдетте бірқатар заттар мен материалдарды кешенді сараптау барысында анықталады. Мысалы, жол-көлік оқиғасына байланысты іс бойынша жәбірленуші мен автокөлік жүргізушісінің арасындағы байланыс лак-бояу қабаттарының бөлшегін, шыны, талшық, жанармай материалдарын зерттеу кезінде анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет