Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі



бет118/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі

Адамның сыртқы бейнесінің элементтерін және олардың белгілерін негізге ала отырып, адамның сыртқы бейнесінің белгілері мен элементтер жүйесі дәстүрлі түрде топтастыру арқылы қарастырылады. Адам денесінің құрылыс белгілері мен элементтері және оның өмір сүру әрекетінің көрініс табуы - өзіндік белгілер деп аталады. Олар адамның өзіне ғана тән, оның сыртқы бейнесі бөлінбейді, тек өзіне тиесілі. Адамның сыртқы бейнесін толықтыратын белгілері мен элементтері ілеспелі болып табылады. Олар адам денесінің құрылыс элементтеріне жатпайды, бірақ қандай да бір көлемде өзіндік белгілер мен элементтерді анықтауға (жасын, жынысын, әдет-дағдысын, жүрісін және т.б.) мүмкіндік береді.


Ілеспелі элементтер мен олардың белгілеріне: киім, ұстап жүруге арналған ұсақ заттар адамның сыртқы бейнесі (немесе олардың бөлшегі) мен олардың белгілерін бейнелеуге қолданатын нәрселер.
Өзіндік элементтер мен олардың белгілері жалпыфизикалық, анатомиялық және функционалдық болып бөлінеді.
А. Адамның сыртқы бейнесінің жалпыфизикалық және демографиялық элементтеріне - оның жынысы, жасы, антропогендік типі жатады. Жалпы физикалық белгілер адамның анатомиялық, функционалдық және ілеспелі белгілерінен, адам денесінің жалпы құрылыс белгілерінен, бет белгілерінен, киімінен және басқа да белгілерден көрініс табады. Сондықтан да жалпыфизикалық элементтер мен оның белгілерін көбінде кешенді деп те атайды.
Адамның жынысы, жасы, оның түріне сырттай қарау арқылы анықталады. Мысалы: 20-25 жас аралығында, өйткені адамның сыртқы бейнесі кейде нақты жасына сай келе бермейді. Антропологиялық типі – азиат, европа, монғол және т.б. типтес деп салыстыру арқылы анықталады.
Б. Адамның анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер анатомиялық (немесе статикалық) деп аталады. Белгілердің келесі тобының физиологиялық негізі адамның динамикалық стереотип қозғалысынан туындап, қатар жүретін шартты-рефлекторлы процестері бар белгілерді құрайды. Бұл – әдеттегі, автоматтандырылған адам қозғалысы мен денесінің және оның жекеленген бөлшектерінің (жүрісі, дене бітімі, қолын бұлғап сөйлеуі, бетін қимылдатып сөйлеуі) жай-күйі. Осы топқа кіретін белгілер функционалдық немесе динамикалық деп аталады.
Ауызша суреттеу әдістемесінде адамның сыртқы бейне белгілерінің қалыпты вариациясы ғана емес, сондай-ақ патологиялық формалар да (анатомиялық және функционалдық аномалиялары) мәнді маңызға ие болады. Олар «ерекше белгілер» деп жеке топқа бөлінеді. Ерекше топты бірден көзге түсетін, яғни салыстырмалы түрде сирек кездесетін, көзге айқын түсетін, есте оңай сақталынып қалатын белгілер құрайды. Қосымша белгілер тобына адам киімдері мен басқа да ұстап жүретін сипаттағы заттар жатады. Бұл белгілер іздестіру шараларындағы тану әрекеттерін жүргізуге қолданылуы мүмкін.
Ауызша суреттеу анатомиялық белгілерді олардың көлемімен, пішінімен, жай-күйімен қарастырады, ал кейбір жағдайларда түсін, санын және көзге көріну деңгейін (мысалы: әжімдерді) көрсетеді.
Адам денесінің пішіні оның денесінің басқа бөлшектерін көзбен шолып салыстыру жолымен анықталады. Мысалы: маңдай биіктігі мұрын және ауыз өлшемдеріне қатысты, қолдың ұзындығы адам бойына қатысты анықталады.
Ауызша суреттеу кезінде үш сатылы, бес сатылы және жеті сатылы градациялар қолданылады. Мысалы: үш сатылы градация бойынша маңдай өлшемдеріне байланысты – төмен, орташа, биік деп сипатталады. Егер де оған өте төмен және өте биік деген сипаттау мөлшерін қосатын болсақ, бес сатылы градация пайда болады. Ал, осыған тағы да екі мөлшерді: орташадан төмен және орташадан жоғары деп қоссақ, жеті сатылы градация деп аталады. Бұл градацияларды қолдану мақсатына қарай жедел-іздестіру тәжірибесінде көбінде үш сатылы градация, ал сот сараптамасында бес және жеті сатылы градациялар пайдаланылады.
Дененің сыртқы пішінін сипаттау үшін геометриялық фигуралар мен сызықтардың терминологиясы (үшбұрышты, сопақ, тік, шығыңқы, ирелеңкі және т.б.) қолданылады.
Дене бөлшектерінің өзара орналасуы тік және көлденең жазықтыққа қатысты бекітіледі.
Шашқа, көзге, бет-әлпетіне, дақтарына, тыртықтарына, татуировкаға және басқа да ерекше белгілеріне қатысты ғана түстері көрсетіледі.
Бет-әлпеті екі түрлі көріністе сиаптталады: алдынан (бетпе-бет – фас) және жанынан (бір қырынан – профиль, ереже бойынша оң жағынан).
Анатомиялық (статикалық) белгілерді:
Адамның бойы қалыптасқан ереже бойынша үш деңгей шегімен анықталады: ер адамдар аласа (160 см.-ге дейінгі), орта (164-174 см.) және ұзын (174 см-ден жоғары) бойлы. Әйел адамдарына бұл деңгей мөлшері 5-10 см-ге кішірейтіледі.
Жалпы дене бітімі бойынша адамдар мықты, орташа және әлсіз деп ажыратылады. Адам денесіндегі май қыртысының шырайлығы бойынша арық, орташа, толық, сонымен қатар, өте толық және өте арық деп бөлінеді.
Басы. Адам басының көлемі жалпы дене бітімімен салыстыра отырып көрсетіледі, ал желкесінің формасы қырынан (тік, ішке кіріңкі және шығыңқы) бейнеленеді.
Шашы. Оның қалыңдығы, формасы, маңдайының алдыңғы бөлігіндегі шаштың өсу бағыты, таз болу және ақ шаштардың таралу дәрежесі, шаштың ұзындығы, прическасы, шаштың қиылу түрі, шашты бояу белгілері бекітіледі. Ал мұрты, сақалы және бакенбардысына байланысты оның ұзындығы, түрі, түсі көрсетіледі.
Бет-әлпеті. Алдынан қарағандағы жалпы формасы (дөңгеленіп келген, сопақша және т.б.), беттің қырынан қарағандағы жалпы пішіні (тік, (дөңес) кіріңкі және шығыңқы), толықтық дәрежесі мен түсі сипатталады.
Маңдайы. Қырынан қарағандағы биіктігі, орналасуы (ішке қарай кіріңкі, тік, шығыңқы) және жалпы пішіні сипатталады. Қас имегінің алдыға қарай шығуы және маңдай дөңестерінің болуы көрсетіледі. Бетпе-бет қарау жағынан маңдайдың ені бекітіледі.
Қасы. Ұзындығы, ені, қалыңдығы, орналасуы (сыртқа немесе ішке қарай иілуі, көлденең), пішіні және өзара орналасуы бойынша бейнеленеді.
Көзі. Өлшемі, формасы, көз қиығының орналасуы, көз алмасының шығыңқылық деңгейі және түсі сипатталады. Көз түстерінің әртүрлілігі, қылыйлығы, ақ дақтардың болуы, көз протезінің және басқа да ауытқулықтар көрсетіледі.
Мұрны. Биіктігі мен ені, мұрын үстінің ұзындығы, кеңсірігінің тереңдігі, мұрынның шығыңқылығы, қырынан қарағандағы мұрын үстінің пішіні, алдыңғы жағынан мұрын үстінің ені мен формасы, қырынан мұрынның орналасу негізі, мұрын ұшы мен танауының орналасуы мен формасы сипатталады.
Еріні. Оның қалыңдығы, сондай-ақ үстіңгі еріннің биіктігі мен шығыңқылығы бойынша сипатталады. Алдыңғы тістер болмаған жағдайларда еріннің тартылып тұруы байқалуы мүмкін. Ал тістері болған кезде үстіңгі еріннің көтеріңкі болуы немесе төмеңгі еріннің салбырап тұруы көрсетіледі.
Ауызы. Алдынан қарағанда ауызының көлемі мен бұрыштарының орналасуы (көлденең, көтеріңкі, түсіңкі) бейнеленеді.
Тістері. Көлемі, формасы, орналасу ерекшелігі мен түсі бойынша көрсетіледі. Тістерінің болмауы, зақымданғаны, пломбылар мен протездердің болуы, олардың жасалған материалдарының түстері көрсетіліп бекітіледі.
Иегі. Төменгі еріннің жиектерінен иектің ұшына дейінгі арақашықтықтың биіктігі бойынша (жанынан қарағанда), ені бойынша (алдынан қарағанда), иектің жоғары, төмен орналасуы бойынша сипатталады.
Құлақ. Жанынан қарағанда оның көлемі, формасы (сопақ, домалақ, тікбұрыш, үшбұрыш). Оның орналасуы (тік, жатыңқы), сондай-ақ сырғалықтың құлақ түйіншігі және де құлақ қалқанының басқа да бөлшектерінің ерекшеліктері көрсетіледі. Құлақтың анатомиялық ерекшелігінің әр түрлі болуы және тұрақтылығы оның үлкен ақпараттық және идентификациялық мәнін білдіреді.
Әжімдер. Егер әжімдер қалыпты морфологиялық варияцияларда (жасқа сәйкес) көрсетілсе, оның идентификациялық рөлі жоғары болмайды. Ал егер бұл әжімдер жас адамның бетінде көп кездессе немесе керісінше қарт адамның бетінде болмаса онда мұндай белгілер үлкен идентификациялық мәнге ие болады. Әжімдер өздерінің орналасуы бойынша маңдайдағы, қасы арасындағы, самайдағы, құлақтың түйініндегі, ауыздағы, беттегі ерін мен мұрын арасындағы және мойындағы болып бөлінеді. Сипаттау кезінде олардың орналасуы, саны, көрініс деңгейі, формасы, бағыты көрсетіледі.
Мойын. Биіктігі және жуандығы бойынша сипатталады; жұтқыншағы болса, оның көріну сипаты көрсетіледі.
Иық. Ені бойынша және орналасуы бойынша сипатталады (төмеңгі түсіңкі, тік, көлденең, көтеріңкі, кейде бір иық екіншісінен төмен болуы мүмкін).
Кеуде. Ені бойынша, шығыңқылығы бойынша (төменге қарай түсіңкі, шығыңқы) және кеуде бұлшық-еттерінің көріну деңгейі бойынша (кеуденің толықтығы) сипатталады.
Арқа. Арқа тік болуы мүмкін (жалпақ). Мойын, кеуде және бел жақтағы кішігірім бүктесінің болуымен және мойын омыртқасы аумағында қисаюдың болуымен (бүкір) сипатталады. Сонымен қатар, омыртқаның патологиялық қисаюы да ескеріледі.
Аяқ-қолы. Ұзындығы мен жуандығы бойынша сипатталады. Қолдың басын сипаттау кезінде олардың ұзындығы мен ені, алақанының үстінгі бетінде түктердің болуы, саусақтардың ұзындығы мен жуандығы, жекелеген саусақтың немесе ондағы буындардың болмауы, саусақтың қисық болуы және бүгілмеуі, буындардың жуандығы, тырнақтардың формасы мен көлемі, кәсібіне байланысты қолдың ойылуы мен тыртық іздерінің болуы көрсетіледі.
В. Функционалдық (динамикалық) белгілер.
Дене бітімі. Ол әр түрлі болуы мүмкін (дененің, бастың және қолдың қалыпты жағдайы). Дененің орналасуы бойынша дене бітімі еркін, ширақ және бос болады. Дене бітімін қолдың қалыпты жағдайы да сипаттайды: біреулер қолын қалтасында ұстауды әдет қылады, кейбіреулер бүйірін таянып жүреді, қолын бос ұстайды, қолын артына және алдына ұстап жүреді, сондай-ақ, киімнің төменгі жақ ұшын ұстап жүретіндер де кездеседі және т.б.
Жүріс-тұрысы. Жүріс-тұрыс адамның жүру кезіндегі әдеттегі қимылының ерекшелігін білдіреді, және жай, тез, жеңіл, ауыр, нық, қисалаңдап және теңселіп жүретін, секіріп жүретін, адымның ені мен ұзындығы бойынша үлкен және кіші, өкше бұрылысының үлкен және кіші болуы, қолды сілтіп немесе сілтімей жүруі мүмкін.
Ақсау кезінде қай аяғына қарай және қаншалықты қатты ақсаңдайтындығы көрсетіледі. Оның таяқты, балдақты, имек таяқты пайдалану немесе пайдаланбауы көрсетіледі.
Жұлқынып сөйлеу. Сөйлеумен бірге жүретін іс-қималдар жиынтығын білдіреді. Ол негізінен сөзді мәнерлеуді күшейту мақсатында жасайтын қолдың қимылдары мен, сөйлесу кезінде адамның басының немесе барлық денесінің әдеттегі қалыптасқан іс-қимылымен сипатталады.
Ым. Бет бұлшық-етінің әдеттегі қимылы. Өте дамыған және керісінше дамымаған болуы мүмкін. «Ауызша суреттеудегі» ымдау ерекшелігі нақты көрсетіледі: мысалы, қабағын түю, маңдайын тыжырайту, ернін тістеуі, ауызын қисайту, көзін жұму, қабағының астымен қарау және т.б.
Дауыс. Ырғағы бойынша, күші, ашықтығы, жоғарғылығы бойынша ерекшеленеді.
Сөйлеу мәнері. Сипаттау кезінде оның келесідей ерекшелігі көрсетіледі: жәй, жылдам, қалыпты, қозып, бөліп-бөліп сөйлеу, нақты, анық немесе анық емес, сөйлеу ақаулығы (кекештеніп, сақауланып және т.б.) белгілі бір акцентпен, белгілі бір жергілікті диалектімен, (мысалы, күрсіну), интонация, фразеологиялық және лексикалық ерекшеліктері.
Белгілі бір әрекеттерді орындау әдісі. Функционалдық белгілердің тобына белгілі бір әрекеттерді орындаудың көптеген стереотиптік ерекшеліктері де жатқызылады. Мысалы, темекі тарту әдеті, оны ұстап -өшірудің әдеті, амандасудың, шаш түзеудің, күлудің, бас киімді киюінің және т.б. әдеттер.
Адамның сыртқы бейнесінің функционалдық белгілері де идентификациялық мәнге ие және қылмысты ашу кезінде оларды ескеру керек. Белгілі бір адамдар қалыптасқан әдеттегі іс-қимылдың стереотиптері адамдарды теңдестіру міндетін қатесіз шешуге мүмкіндік беретін тұрақты идентификациялық жиынтық болып табылады. Бірақ анатомиялық белгілерге қарағанда сыртқы бейненің функционалдық белгілері оларды қабылдау кезінде (мысалы, оқиға болған жерден кетіп бара жатқанда қылмыскер ақсақ адамның жүрісін келтіреді, дауысын өзгертуі мүмкін және т.б.). Сондай-ақ, тұлғаны тану үшін ұсыну кезінде де оңай өзгеруі мүмкін.
Г. «Ерекше белгілер» және көзге бірден түсетін белгілер. Бұл бірден есте қалатын, көзге айқын көрінетін белгілер. «Ерекше белгілерге» аз кездесетін және тұрақтылығымен ерекшеленетін әртүрлі анатомиялық және функционалдық ауытқулар жатады. Анатомиялық ерекше белгілерге – дене бітімдерінің, оның мөлшерінің сәйкес келмеуі, түсіндегі ауытқулар, тыртықтар және басқа да бірден көзге түсетін дене құрылысындағы анатомиялық кемістіктер, аяқ-қолының қысқа болуы, омыртқаның қисаюы, бүкірдің болуы, қалдың, меннің болуы, ісіктер мен күстің болуы, терінің ерекше болуы, сондай-ақ олардың жекелеген түрлерінің боялуы, тері ауруларының болуы, татуировка жатады.
Функционалды «ерекше белгілерге» – адамның денесінің жекелеген бөліктерінің қалыпты жағдайы мен қимылының ауытқулары жатады: ақсаңдау, жүру кезінде тек қана бір қолын сілтеп жүру, бет бұлшық еттерінің жыбырлауы, сөйлеу кезінде әртүрлі ақаулықтардың (дефектінің) болуы, мысалы, кекештену және т.б. белгілер.
«Көзге бірден түсетін белгілер» – де анатомиялық және функционалдық сипатта болуы мүмкін. Оларға функционалдық белгілер (мысалы, жүру кезінде қолды сілтеудің ерекше тәсілдерінің болуы) және көзге тез түсетін дененің ашық бөліктерінде орналасқан анатомиялық белгілер (өте үлкен мұрын, еріннің қосарлануы және т.б.). Ерекше белгілер мен көзге тез түсетін белгілер оның табылған жері бойынша, көрініс табу деңгейі бойынша, мөлшері, формасы, ал кейбіреулері түсі мен түрі бойынша жеке-детальді түрде сипатталады.
Татуировканы сипаттау кезінде бейненің көрінісі, жазбалар, инициалдар және т.б. ерекшелерді көрсету қажет.
Киім, аяқ-киім, сақина, білезік, алқа, сырға, қолға және қалтаға салатын сағат, түтік және т.б. тұрақсыз оңай ауыстырылатын зат болып табылатындықтан олардың идентификациялық мәні тануға ұсыну кезіңде өзгеріссіз жағдайда адамда сақталғанына байланысты болады. Жеке заттардың маңызды мәні болуы мүмкін егер мүлтіксіз бақылау жағдайында олар тез қабылданып және есте тез сақталатын болса. Анатомиялық белгілерге қарағанда киім және басқа да жеке заттар мүмкіндігінше детальді түрде сипатталуы қажет (әсіресе танылмаған мәйітті қарау кезінде).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет