Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


криминалистикалық идентификация тек заңда көрсетілген субъектілермен ғана жүзеге асырылады



бет19/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
криминалистикалық идентификация тек заңда көрсетілген субъектілермен ғана жүзеге асырылады.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген анықтамаларды жалпылама қорыта келе, біз Л.Н Мороздың берген анықтамасына жүгенеміз: «криминалистикалық идентификация – соттық дәлелдемелерді алу мақсатында заңда бекітілген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, объектінің сәйкестігі мен айырмашылық қасиетін көрсететін белгілерге салыстырмалы зеттеулер жүргізу процесі түрінде жүзеге асырылады».
Криминалистикалық идентификацияның маңызын бағалау өте күрделі процесс болып табылады. Идентификация – дәлелдеу тәсілінің өте кең тараған түрі. Идентификацияның көмегімен: қылмысқа дайындалу әрекетінің орнын, қылмыс жасалған, қылмыстың ізін жасырған жерлерді; қылмыскердің қылмысты жасауға қолданылған қару құралдарын; қылмыскерді, жәбірленушіні, қылмыстық қол сұғылған заттарды идентификациялауға және т.б. анықтауға болады.
Көріп отырғанымыздай, дәлелдеу кезінде көптеген жағдайлар идентификациялауға жатады. Бірақ-та олардың әрқайсысы әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мысалы: қылмыскердің жеке басын оның қолжазбасы, дауысы, бейне келбеті, аяқ, қол іздері, шашы және т.б. бойынша идентификациялауға болады.
Бүгінгі таңда криминалистикалық идентификация теориясы криминалистикадағы жеке ілімдердің ең жетілдірілген түрлеріне жататындығы осы жағдайлармен түсіндіріледі.
Барлық танымал кеңестік криминалистер криминалистикалық идентификация мәселелерімен тікелей немесе жанама түрде айналысты.
Криминалистикалық идентификация теориясы – тарихи жағынан жеке криминалистикалық теориялар арасынан ең алғаш пайда болып, білімді жүйелендіру құралы ретінде қалыптасқан ілім болып табылды.
Криминалистикалық идентификация теориясының қалыптасуы мен даму тарихын төмендегідей 3 – кезеңге бөліп көрсетуге болады:
1-кезең – теориялық негізі мен оның негізгі жағдайлары және қағидаларының пайда бола бастауынан XX-ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі кезеңдерді хронологиялық түрде қамтиды;
2-кезең – бұл 80-жылдарға дейінгі әртүрлі идентификациялық зерттеу әдістемелерінің қалыптасу кезеңі;
3-кезең – криминалистикалық идентификация жағдайлары және т.б. қайтадан қарастырылып нақтыланатын кезеңдер жатады, ол бүгінгі таңда орын алуда.
Криминалистикалық идентификация теориясы – қылмыстық оқиға туралы дәлелдемелік ақпараттарды, сондай-ақ объектінің тепе-теңдігін анықтауға байланысты әдістемелік ұсыныстар мен тәртіп-ережелерінен тұратын ғылыми ілімдердің жиынтығы.
Криминалистикалық идентификация процесуалдық және процесуалдық емес формасында қарастырылады.
Идентификацияның процесуалдық емес формасы қолданбалы және жедел болып екі түрге бөлінеді. Идентификацияның қолданбалы түрі –мұражай, ғылыми-зерттеу институттарының, азаматтардың талаптары бойынша жүзеге асырылады. Ал идентификацияның жедел түрі қылмыстық іс қозғалғанға дейін орындалады. Идентификацияның нәтижелері жедел-іздестіру қызметінде қолданылады.
Идентификацияның процесуалды формасы:

  1. сот сараптамасы;

  2. тану үшін көрсету;

  3. объектілерді қарау шеңберінде жүзеге асырылады.

Тану үшін көрсету және қарау тергеу әрекеттері шеңберіндегі идентификация тергеушімен жүргізіледі. Сот сараптамасы шеңберінде қолданылатын идентификация процесуалдық түрде өте кең таралған.
Идентификациялық зерттеулер бірнеше түрлерге бөлінеді. Криминалистикалық идентификацияның классификациясы идентификация объектілерімен ғана емес, сонымен қатар олардың табиғи қасиеттері мен басқа да параметрлерімен байланысты. Идентификация деңгейіне байланысты мынадай идентификация түрлері ажыратылады:

  • объектінің бір текке жататындығы;

  • топтық қатынастылығы;

  • жекеленген сәйкестігі анықталады.

Идентификацияланатын объектінің табиғатына байланысты:

Идентификацияланатын объектіге байланысты идентификацияның келесідей түрлері бар:

  • ойдағы бейне бойынша идентификациялау;

  • жеке объектілерді материалды бекітілген бейнесі бойынша идентификациялау;

  • шығу қайнар көздері бойынша идентификациялау;

  • бүтінді бөлшек бойынша идентификациялау.

Мысалы, табылған қолдың ізі арқылы сезіктіні идентификациялау жеке объектіні бейненің материалдық бекітілуі бойынша идентификациялауға жатады; оқиға болған жерде табылған сым-темір бөлшектерін сезіктінің автокөлігінің багажынан табылған сым-темір бөлшектерімен идентификациялау – бүтінді бөлшек арқылы идентификациялауға жатады; бір сезіктіден табылған пакеттегі есірткіні екінші сезіктіден табылған пакеттегі есірткімен идентификациялау – шығу қайнар көзі бойынша идентификациялау түріне жатады.
Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне байланысты тергеу және сараптамалық идентификация деп бөлеміз.
Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс қаруы, көлік құралдары және т.б. идентификация түрлерін бөліп қарастыруға болады.
Криминалистикалық техниканың салалары бойынша – портретті (ауызша суреттеу), трасологиялық, баллистикалық, қолжазбатану және т.б. түрлері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет