Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары



бет27/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
§3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалық құралдары

Сараптамалық тәжірибеде әртүрлі әдістер қолданылады. Әдістердің қандай қасиеттерді зерттеуіне байланысты оларды бірнеше топқа бөлеміз: 1.объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 2.объектінің физика-химиялық қасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 3.объектінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4.ақпаратты өңдейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар.


Бірінші топтағы әдістерге, негізінен, жарықтық және электронды микроскопия, сонымен қатар, интроскопия және профилография әдістері кіреді.
Сараптамалық тәжірибеде кең түрде тараған әдістерге жарықтық микроскопия әдісі жатады. Барлық сараптамалық мекемелерде бинокулярлы стереоскопиялық микроскоп МБС-2, әртүрлі модификациялы биологиялық микроскоптар, салыстырмалы микроскоптар және металографиялық микроскоптар бар. Заттай дәлелдемелердің көптеген түрлерінің морфологиясын зерттеуде стереоскопиялық микроскоп универсалды құралға жатады. Ал, биологиялық микроскоптың көмегімен, негізінен, талшықтардың, топырақ жердің, өсімдік объектілерінің, есірткі және психотропты заттардың бөлшектері зерттелінді. Салыстырмалы микроскопта көбінесе сот баллистикасының (оқтар, гильзалар), кейде трасологияның объектілері зерттеледі. Металдар мен қорытпалардың (сплав) беткі қабатының құрылымын зерттеуде металлографиялық микроскоптар қолданылады. XX-ғасырдың аяғында сараптамалық мекемелерде электронды микроскопияның әдістері қолданыла бастады. Электронды микроскопияның көмегімен көзге көрінбейтін объектілердің – талшықтар, қан, шаш, металл, қорытпалар және басқа да заттардың морфологиясын зерттеу мүмкін болды.
Осы микроскоптың көмегімен микро,-ультрамикро деңгейдегі морфологиялық белгілер анықталды. (РИСУНОК 1: Сурет 1. Stereoscan. Растрлы электронды микроскоп) Бұл белгілер объектінің табиғатымен, оны дайындау технологиясымен, қолдану шарттары және қылмыстың жағдайымен байланысты болып табылады. Яғни, дәлелдеудің диагностикалық және идентификациялық мәселелерін шешу мүмкіндігі туындады. (РИСУНОК 2, 2-1: Сурет 2, 2-1. Растрлы электронды микроскоптағы полиамид талшықтарының көлденең және бойлық қималары) (РИСУНОК 3, 3-1: Сурет 3, 3-1. Растрлы электронды микроскоптағы автокөліктің бояумен боялған беткі қабатының көрінісі) (РИСУНОК 4, 4-1: Сурет 4, 4-1. Растрлы электронды микроскоптағы қоян жүнінің талшығы)
Интроскопияның әдістері, негізінен, кедендік бақылауда қолданылады, оны сараптамалық тәжірибеде де пайдалануға болады.
Профилография әдістері арқылы – щуптық және оптикалық профилографтың көмегімен объектінің беткі қабат бедерінің сандық сипаттамасын алуға болады.
Сараптамалық тәжірибеде қолданылатын екінші топтағы әдістер көп және әртүрлі болып келеді. Бұл әдістер арқылы заттардың элементтік құрамын, оларда химиялық қосындылардың бар-жоғын, объектінің фракциондық құрамын және физика-химиялық қасиеттерін анықтай аламыз. Бұл эмиссионды спектралдық, микроспектралдық рентгеноспектрлік, нейтронды-активациялық талдаудың, ядерлі-магниттік (ЯМР) және парамагниттік резонанстың (ПМР), инфрақызыл спектрометрияның, абсорбциялы спектроскопияның, жұқа қабатты хроматографияның, газды пиролитикалық хроматографияның, газдысұйық хроматографияның және т.б. әдістері.
Үшінші топтағы әдістер де алуан түрлі болып келеді, олар объектінің қандай қасиеттерінің зерттелетіне байланысты болады. Сараптамалық тәжірибеде олардың көмегімен құжаттардың шынайы немесе жалғандығы анықталады. Көрінбейтін сәуле (инфракызыл, ультракүлгін, рентген сәулелерінде) спектірінде бояу және инфра люминесценция зерттелінеді. Зерттеу барысында фотоқұрылғылар, оптикалық квантты генераторлар (лазерлер), қаттылықты өлшегіш (твердомеры), диффузиялық-көшірме әдістері (диффузно-копировальный), түсажыратқыш (цветоделение) әдістері қолданылады.
Төртінші топтағы әдістер, негізінен, алынған нәтижелерді түсіндіру үшін күрделі құралдар мен жабдықтарға қосымша тіркеледі.
Дәлелдеу құралы болып табылатын сараптаманың қолданылу тиімділігі, шешілетін мәселелердің деңгейі сараптамалық мекеменің техникалық жағынан жабдықталу дәрежесімен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет