Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Тәжірибеде кездесетін құжаттарды келесідей түрлерге бөлуге болады



бет77/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Тәжірибеде кездесетін құжаттарды келесідей түрлерге бөлуге болады: тағайындалуы бойынша (қандай да бір фактілер мен құқықты куәландыратын және белгілі бір мәліметтерден тұратын құжаттар, мысалы: анықтамалық сипаттағы); шығу тегі бойынша (мемлекеттік мекемелерден шығатын, ресми және жеке тұлғалардан шығатын – ресми емес); дайындау тәсілі бойынша (қолмен, машинкамен, компьютермен жазылған, баспаханалық, құрама, жеңіл баспаханалық құралдармен дайындалған және фотосурет көмегімен жасалған); шығу кезектілігі бойынша (түп нұсқа және көшірме).
Кейбір жағдайда сараптамаға құжаттық емес сипаттағы объектілер де түседі (жазбалары бар – бөшкелердің ағаш қақпақтары, тақтай бөліктері, жәшіктердің бөлшектері, маталар, металдан жасалған пластиналар). Аталған объектілерді құжаттардың нақты түсінігі бойынша құжаттарға да, олардың жасалу әдісіне де жатқызуға болмайды. Бұл объектілер құжаттардың криминалистикалық сараптамасында зерттеледі, өйткені құжаттарды жеке зерттеуге өңделген әдістер құжаттық емес сипаттағы объектілерді зерттеген кезде жақсы нәтиже береді. Құжаттар қылмыстың құралы болған немесе қылмыстың іздерін сақтап қалған немесе қылмыстық әрекеттің объектілері болған жағдайда Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің баптарына сәйкес заттай дәлелдеме бола алады.
Заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар Қылмыстық Іс Жүргізу кодексіне сәйкес қарау хаттамасында толық сипатталып жазылып, мүмкіндігінше суретке түсіріліп және іске тіркелуі керек. Қандай да себептерге байланысты құжаттар қылмыстық істе сақталына алмаса, олар міндетті түрде суретке түсіріледі, буып-түйіледі, мөрленеді және анықтаушы, тергеуші, сот көрсеткен жерлерде сақталады.
Егер оқиға болған жерді қарау, тінту және т.б. да тергеу әрекеттерін жүргізу барысында құжат табылып, оған қарау әрекеті жүргізілмеген немесе құжатты тергеушіге – сезікті, айыпкер, жәбірленуші немесе куә ұсынған жағдайда құжаттарға жеке тергеу қарауы жүргізіледі.
Тергеушіден алынатын құжаттар, яғни заттай дәлелдемелердің бұзылып, зақымдануынан немесе қандай да бір өзгеріске ұшырауынан сақтауға барлық шараларды қолдануын талап етеді. Мұндай құжаттарды іске тігуге болмайды, олар бүктеме сызығы бойынша бүктеліп, жеке конвертте сақталады. Ескірген және жыртылған құжаттарды қағаз беттерінің астыңғы жағына жабыстыруға, қыстырғышпен қысып қоюға, қарындаш, қаламсап немесе үшкір затпен оларға белгі салуға болмайды. Көне (ескірген) және жанған (өртенген) құжаттарды мүмкіндігінше екі әйнектің арасына салып сақтау қажет.
Құжаттарды сараптамаға жібергенде оларды таза қағаздың арасына қойып тығыз конвертке салу ұсынылады.
Құжаттарды қарауды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісінде – қайшылықтардың болу мүмкіндігін анықтау мақсатында құжаттардың мазмұны зерттелінеді, ал екінші кезеңде – оның қандай да бір өзгерістерге ұшырағандығы анықталады.
Құжаттың мазмұнындағы қайшылықтар, оның жекелеген реквизиттерін салыстыру жолымен анықталады. Атап айтқанда: бланктерін, мөр және мөртаңбаларын, құжатты беру және бланкті дайындау мезгілдерін. Құжаттағы қайшылықтар, дұрыс дайындалған құжат үлгісімен салыстыру арқылы ғана анықталады. Егер құжат бірнеше данадан жасалған болса, олардың барлығын салыстыру қажет.
Бухгалтерлік құжаттарды қарау кезінде оған байланысты құжаттармен салыстырып, ондағы сандық мәліметтерге арифметикалық тексеріс жүргізу қажет.
Құжаттардың мазмұнын зерттеу кезінде – берілген мезгіліне көңіл бөліп, оларды күнтізбемен ал, кейбір жағдайда құжаттарды беру орныменен салыстыру қажет.
Құжаттың мазмұнын мұқият талдау арқылы құжатта берілген және көпшілікке танымал фактілер арасында, сондай-ақ істің нақты жағдайларындағы қайшылықтар анықталуы мүмкін.
Құжаттың мазмұнын зерттеу барысында интеллектуалдық және материалдық жалғандық анықталады. Құжаттағы материалдық жалғандықты, құжаттың мазмұнындағы өзгерістерді куәландыратын белгілерді анықтау үшін тергеуші қолда бар барлық техникалық құралдарды (лупаларды, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің көздерін өлшеу құралдарын, жарықфильтрлерді, электрооптикалық құралдарды) пайдаланғаны жөн.
Құжаттар шашыраңқы жарық, сондай-ақ тік және қиғаш түсетін бағыттағы жарық арқылы зерттелінеді.
Баспа мәтіндерін, мөр және мөртаңбаларын қарау кезінде сызғыш, циркуль өлшеуіштерін пайдалану тиімді. Олар әріптердің өлшемдері мен (биіктігін, енін) олардың арасындағы арақашықтығының айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік мөр-бедерлік шеберханада дайындалған мөр мәтініндегі әрбір сөздегі әріптердің арақашықтығы бірдей, ал дөңгелек мөрді бойлаған осьтер шеңбер радиусы бойынша орналасады. Құжаттарды қарау жағдайлары мен нәтижелері Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің баптарына сәйкес хаттамада: құжаттың атауы, оның нөмері, берілген күні, кімнің атына берілгендігі, құжаттың өлшемдері, оның жиектерінің (шеттерінің) сипаты, жыртылған жерлерінің, дақтарының, бүктеулердің болуы, құжатты дайындауға қолданған материалдардың түрлері (қағаздың түсі мен тығыздығы, бояғыш заттардың түсі), транскрипцияның, қолтаңбалардың және мөр мен мөртаңбалардың орналасуы, қарау кезінде анықталған жалғандық белгілер сипатталып жазылады.
Хаттамада қарау кезінде қолданылған техникалық құрал-жабдықтар, оларды қолдану шарттары мен тәртібі, техникалық құралдар қолданылған объектілер көрсетіледі. Қарау барысында табылған құжат және құжаттың белгілері фотосурет әдістерімен де бекітілуі мүмкін.
Тергеушіге құжаттарды қарау, бекіту және алу кезінде, әсіресе, электрографиялық көшірмелерді, құжаттық емес сипаттағы компьютермен теріліп принтерде басылған құжаттарды, ерекше жағдайларда мөртаңбалары басылған құжаттарды т.б. қарау кезінде мамандар үлкен көмек көрсетеді.
Құжаттарды криминалисткалық зерттеудің үш түрі қарастырылады:

  1. қолжазуды криминалистикалық зерттеу (қолжазбатану);

  2. мәтін авторын криминалистикалық зерттеу (автортану);

  3. құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу.

Қолжазуды криминалистикалық зерттеудің міндеті қолжазбаны орындаушыны немесе оның қасиеті мен қолжазуды орындау кезіндегі хал-күй жағдайын (жынысын, жасын, жеке және кәсіптік ерекшеліктерін, мас болу жағдайын т.б.) анықтау болып табылады.
Криминалистикалық автортанудың міндеті қолжазба немесе баспа мәтінінің авторын анықтау.
Техника-криминалистикалық зерттеудің мақсаты тергеуге маңызды құжаттың алғашқы мазмұнын өзгертудің және құжатты дайындаудың әдісі мен жағдайларын анықтау. Осы аталған міндеттерді шешу үшін арнайы ғылыми білімдерді және криминалистикалық әдістеме негізінде әртүрлі ғылым саласындағы әдістерді қолдануды талап етеді.
Құжаттарды криминалистикалық сараптаудың пәніне құжаттың түп нұсқасын немесе жалғандығын анықтау жатпайды. Бұл құқықтық мәселе болып табылатындықтан, оны тек қана тергеуші мен сот шешеді. Құжаттардың криминалистикалық сараптамасы – анықтама өндірісінде, алдын ала тергеуде және қылмыстық істер бойынша сот талқылауында және істерді азаматтық процесте қарау кезінде тағайындалады. Егер де ұсынылған құжаттың түп нұсқасына күмән келтірілетін жағдайлар туындаса, мұндай сараптаманы тағайындау құқығы мемлекеттік нотариусқа және нотариалдық әрекетті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік нотариат туралы заң) беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет