Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет85/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

4. Қолжазбаның көлемі - әріптердің орташа биіктігіне қарай анықталады. Ірі көлемде әріптердің орташа биіктігі – 4мм-ден жоғары, орташа – 4мм-ãå äåéií аралығында, ұсақ көлемде әріп биіктігі – 2мм-ге дейін
(РИСУНОК 37, 37-1, 37-2: Сурет 37, 37-1, 37-2. Қолжазбаның өлшемі: Сурет 37. кіші өлшемді (2 мм-ге дейін) Сурет 37-1. орташа (4 мм-ге дейін) Сурет 37-2. ірі (4 мм-ден жоғары))
5. Жазбаның жылдам шапшаңдықпен орындалғандығы жазу құралын қағаз бетінен алмастан, әріптерді, олардың тіркестерін және сөздерді үзбей жазуды көрсетеді (жазбаның жоғары байланыстылығы), әріпті конструкцияда жеңілдетіп жазу, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақтарының үшкірленуінен көрініс табады.
Баяу жылдамдықта жазылған қолжазбадан жазу құралының қағаз бетінен жиі үзіліс алуын, сондай-ақ әріп конструкцияларының күрделілігін, штрихтардың басталуы мен аяқталу жақтарының доғалдануын байқаймыз. Жазба құралын қағаз бетінен үзбей орындалған әріптердің саны бойынша қолжазу төмен, орташа, жоғары байланыстағы деп бөлінеді. Біріншісінде 3 әріпке дейін, екіншісінде 3-6 әріпке дейін, ал соңғысында 6 әріптен жоғары орындалады. Бұл белгі тұрақты болып табылады, себебі жазба байланыстылық деңгейін ұзақ жаттығуларсыз көтеру мүмкін емес. (РИСУНОК 38, 38-1, 38-2: Сурет 38, 38-1, 38-2. Қолжазбаның байланыстылығы: Сурет 38. төмен (3 әріпке дейін) Сурет 38-1. орташа (3-6 әріпке дейін) Сурет 38-2. жоғары (6 әріптен жоғары)
6. Әріптердің қағаз бетіне батып жазылуы – жазба құралдарына салынған салмақ арқылы сипатталады. Қолжазбаның қатты, орташа және әлсіз басып жазу түрлері бар. Әріп штрихтарының ені тек басып жазумен ғана емес, сонымен қатар қағаздың сапасына, жазу құралының ерекшелігіне байланысты сипатталады.
7. Әріптердің, олардың тіркестерінің, сөздердің дұрыс орындалуынан көрініс табатын қозғалыстың кеңістікте тура орындалуы үйлесімділік болып табылады. Төмен үйлесімділікті келесілер көрсетеді: тік штрихтардың бөліну салдарынан әріптердің ирелеңдеп түсуі, әріптің иілген жерінің бұрыштануы, жекеленген элементтердің бір-біріне сәйкес келмеуі, әріптің басталуы мен аяқталуы кезіндегі штрихтардың (дәлме-дәл) тура келмеуі.
8. Қолжазбаны орындау қозғалысының құрылысы, формасы, бағыты, созылуы, саны, кезектілігі, үзілмеулігі және үдетілуі жағынан қарастырылады. Қолжазбада жиі кездесетін қозғалыс формасы – тіксызықты-бұрышты, дөңгеленген, доғал тәріздес, ілмек тәріздес болып келеді. Жазбалар қозғалыс бағытына қарай оң жақты және сол жақты болып бөлінеді. Әдетте сағат тіліне қарсы бағытталған сол жақты қозғалыстар жиі кездеседі. Керісінше оң жаққа қарай бағытталған қозғалыстағы қолжазбалар сирек кездеседі. (РИСУНОК 39-39-5: Сурет 39-39-5. Жазу кезіндегі қозғалыстың жалпы формасы: Сурет 39. иректелген Сурет 39-1. дөңгеленген Сурет 39-2. бұрышты-дөңгеленген Сурет 39-3. иректеліп-дөңгеленген Сурет 39-4. ілмекті Сурет 39-5. бұрышты)
Әріптердің бойлық осінің орналасуы тік және оңға бағытталған, тұрақты емес қолжазба түрін көрсетеді.
Қолжазба тұрақтылығының көрсеткішіне, жазба белгілері формасының, өлшемдерінің, қисаюының қайталануы және әртүрлі жағдайда
жазуды орындау барысында қағаз бетінде мәтіннің орналасу ерекшеліктері жатады.
Сонымен, барлық ғалым-криминалистердің еңбектерінде қолжазбаның мынандай жалпы белгілері көрсетілген: қалыптасуы (жазудың жылдамдығы), қолжазбаның өлшемі, шапшаңдығы, тігінен тұрған элементтердің қисаюы, байланыстылығы, жазбадағы қозғалыстың жалпы бағыты, жазбадағы жалпы қозғалыс формасы. Кейбір криминалистер жалпы белгілер қатарына басып жазу белгісін де жатқызады.
Жеке белгілерге жеке жазу белгілерін орындау барысындағы ерекшеліктер және олардың мектептегі жазу үлгілері нормалары мен қолжазбаның жалпы сипаттамасынан ауытқуы жатады. Мұндай ауытқулар әріптің кез-келген штрихтарынан көрініс табады: бастапқы және аяқтаушы, негізгі және байланыстыратын, сопақша және жартылай сопақталған, жол үсті және жол асты, сол және оң жаққа қарай бағытталған қозғалыстар; ілмектеліп және бұрышталып өзара байланысқан элементтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет