Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі



бет87/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§4. Қолжазба үлгілерінің түсінігі


Сот сараптамасын жүргізуге қажетті материалдарды дайындау келесі операциалардан тұрады: 1. Сараптамалық зерттеуге жататын істің жағдайларын, заттай дәлелдемелерді және басқа да объектілерді бөліп сараптаманың түрін және мақсатын анықтау. 2. Қажетті материалдарды жинау (салыстырма үлгілерін), оларды тиісті тәртіппен буып-түю және дайындау. 3. Сараптамалық мекемені немесе сарапшыны таңдау. 4. Сараптаманы тағайындаудың процесуалдық жағынан дайындау. 5. Сараптама тағайындау туралы қаулыны және материалдарды сараптамалық мекемеге жіберу немесе оларды сарапшының өзіне беру.
Тергеуші сараптаманы тағайындау қажет деп тапқаннан кейін белгілі бір дайындық шараларын жүргізеді. Бұл дайындық сатысының дұрыс әрі толық болуы сараптаманың жүргізілуіне, сондай-ақ іс бойынша дәлелдемелер қатарына жататын сарапшының қорытындысының объективті, сенімді болуына үлкен әсерін тигізеді. Яғни, іс бойынша қандай жағдайлар, объектілер зерттеуге жататынына толық көз жеткізу. Сараптаманың міндеттерін дәл әрі нақты анықтау керек. Бұл мәселені шешу кезінде қиындықтар туындаса, тергеуші маманды шақыру арқылы шеше алады. Қолжазбатану материалдары болып сарапшының дұрыс және негізделінген қорытынды беру үшін қажет болатын фактілі мән-жайларды алып анықтайтын және сараптамалық зерттеуге жіберілетін, зерттелінетін, салыстырылатын объектілер мен қылмыстық істің материалдары жатады. Сарапшыға зерттелінетін оқиғамен, объектімен себепті байланыста болатын фактілі мән-жайлар көрсетілген материалдар жіберілуі тиіс. Қолжазбаны зерттеу үшін үлгілерді алу ҚІЖК-не тергеу әрекеті болып және жеке тарау ретінде кіргізілініп отыр. Қолжазбатанудың объектілері болып - арнайы білім қолдану нәтижесінде дәлелдемелерді алудың қайнар көзі болып табылатын, тергеуші және сотпен жиналып сарапшыға ұсынылатын дәлелдемелік ақпараты бар материалдық заттар табылады. Қолжазбатану сараптамасының заты тергеуші мен соттың қойған сұрақтарымен анықталады. Оған белгілі ғылыми-техника саласының арнайы білімінің көмегімен анықтайтын мән-жайлар жатады.
Сараптаманы тағайындап отырған адам сараптамаға сапалы және нақты материалдардың жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті. Сарапшы ұсынған материалдар шеңберінде толық, жан-жақты және объективті зерттеу жүргізу үшін тағайындалады. Зерттеудің толық және объективті болуына сарапшы жауапты болса, қолжазбатану материалдарының сапалылығына, шынайылылығына және толықтылығына сараптама тағайындаушы адам жауапты.
Сараптама тағайындаған адам қолжазбатану зерттеуіне жіберілетін мәліметтердің жеткіліктілігі жөнінде, қылмыстық істің қандай материалдары қажет екенін анықтауы үшін сарапшыдан кеңес алуға, сонымен қатар, қолжазбатану объектісін қарауға, алуға, салыстырмалы үлгілер алуға сараптамалық кеңес үшін маманды шақыруға құқығы бар. Сарапшының сараптаманы дайындау мен жүргізуде осындай белсенді роліне карамастан ол өз бетімен басқа мекемелерден сараптамалық қорытынды беру үшін материалдарды талап етуге құқығы жоқ. Қолжазбатанудың барлық материалдары сарапшыға тек қана сараптама тағайындаған адам атынан берілуі керек. Қажет материалдары жеткіліксіз болған жағдайда сарапшы тергеушіден (соттан) талап етуге құқығы бар, ал өз бетімен іріктеуге құқығы жоқ.
Криминалистика ғылымында салыстырмалы үлгілерге — белгілі бір түрдің, топтың объектілерінің қасиеттеріне ие болатын немесе жекеленген заттармен қарым-қатынасқа түсудің салдарынан олардың белгілерін өзінде бейнелейтін әртүрлі материалдық заттарды жатқызады. Сондықтан, олар бейнесін қалдырған заттарды анықтаудың делдалы болып пайдалануы мүмкін. Идентификациялық белгілердің пайда болуына байланысты салыстырмалы үлгілер екі түрге бөлінеді. 1. Белгілі бір топтар, құрамдар, құрылыстар объектілерінің тікелей өкілі ретінде. 2. Қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде жекелеген объектілердің материалды белгілерін өзінде қалдыруы.
Бірінші топтағы салыстырмалы үлгілердің ерекшеліктері бұл – зерттелетін объектілер сияқты олардың да сондай қасиеті, құрамы және құрылысы бар. Сондықтан, олар пайда болуы немесе бір классификацияланған топқа жатуына байланысты ортақтығын анықтау үшін қолданылуы мүмкін. Сараптамалық зерттеулерде мұндай салыстырмалы үлгілерді қолданудың басты шарты болып, зерттелінетін объектілермен химиялық құрамы, физикалық қасиеттері, биологиялық шығу тегі, технологиялық белгілерінің сәйкестігі. Екінші топтағы үлгілер зерттеу процесінде идентификациялау объектілері ретінде қолданылады. Бұл үлгілердің ерекшелігі – шығу тегінің белгілі болуында. Олар арнайы тергеушілермен салыстырмалы зерттеу үшін алынады. Екінші топтағы үлгілерді сараптамалық зерттеуде пайдаланудың мүмкіндігін көрсететін басты шарт – тексерілетін объектілердің үлгілерде күмәнсіз бейнеленуі. Салыстырмалы үлгілер пайда болуына байланысты еркін және эксперименталды болып бөлінеді. Қолжазбатану сараптамасы бойынша салыстырмалы үлгілердің үш түрі бар: еркін, эксперименталды, шартты-еркін. Қолжазбатану сараптамасына байланысты салыстырмалы үлгілерді қарастырайық. Мәтін, қол таңбаның орындаушысын анықтау тек қана салыстырмалы материалдарды дұрыс жинау кезінде мүмкін болады. Сондықтан да салыстырмалы зерттеу үшін үлгілерді дайындау мәселесі өте маңызды. Сарапшының жоғарғы біліктілігі, көп жылдық тәжірибесі, зерттеу кезінде жоғарғы дәрежелі әдістерді қолдануы, сараптама үшін қажетті, керекті салыстырмалы үлгілері болмаса, оған ешқандай да көмегін тигізбейді. Үлгілерді жинау кезінде жіберілген кемшіліктер сараптамалық қателіктерге әкелуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде тергеу мен сотты жалған жолға бұруы ықтимал. Ұсынылатын үлгілерге қойылатын басты талаптар: олардың анықтылығы, яғни қолжазбаның күмәнсіз орындаушымен жазылуы, үлгілердің сапалылығы мен қажетті сандық көлемі. Тиісті сапалылығы - зерттелінетін құжат пен үлгінің жасалу уақытысына, жазу шапшаңдығына (темп), тілі, орындалу амалы, мәліметтері, құжаттың мазмұны мен орындалу жағынан салыстыруға келуімен байланысты. Үлгілердің қажетті көлемділігіне зерттелінетін мәтіндегі белгілердің барлығына толық, жан-жақты салыстырма жасауға мүмкіндік беретін үлгі көлемі жатады.
Енді үлгілердің түрлеріне тоқталайық. Еркін салыстырмалы үлгілер арнайы сараптама үшін орындалмайды. Олар мүлдем тергелінетін қылмысқа қатысты болмауы да мүмкін. Қылмыстық істің жағдайына, зерттелінетін объектінің сипатына, сарапшының алдына қойылған мәселелеріне байланысты еркін үлгілер – құжат мәтіндері, қол жазбалар, автобиографиялар, арыз, анкета, жеке хаттар, конспектілер т.б. түрінде айыпкердің (сезіктінің) орындалуымен жүзеге асырылады. Олар қылмыстық іс қозғалғанға дейін пайда болады және қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ. Еркін үлгілерді тергеуші тергеу әрекеттерін жүргізу барысында (тінту, алу) немесе мекемелер мен жеке адамдардан алады. Бұл үлгілер әдеттегі жазумен орындалады және қасақана бұрмаланбайды. Қолжазбаның эксперименталды үлгілерінің еркін үлгілерден айырмашылығы – олар сараптама жүргізу үшін арнайы алынады.
Эксперименталды үлгілердің алынуының қажеттілігі әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тергеуші зерттеуге қажетті көлемде еркін үлгілерді жинай алмауы. Кей жағдайларда қажетті еркін үлгілер саны жағынан жеткілікті, бірақ олар зерттелінетін объектіден өзгеше (зерттелінетін құжат мәтіні қарындашпен, ал ерікті үлгілер сиямен жазылған).
Эксперименталды үлгілерді алудың ерекшелігі – олар арнайы дайындалған жағдайларда алынады және жасандылық элементтерін жою үшін, кездейсоқ жағдайлардың әсерін жою үшін үлгі алуда сан жағынан шек қойылмайды. Эксперименталды үлгілерді тергеушінің жеке өзі немесе маманның қатысуымен алады. Тергеуші қолжазбатану зерттеулері үшін үлгілер алу туралы қаулы мен қолхат ала отырып, сезіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні таныстырады, тергеу әрекетіне қатысушы өзге адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Қолжазбаның эксперименталдық үлгілерін жасау процесі кезінде зерттелінетін құжатты үлгі алынып отырған адамға көрсетуге не көшіруге беруге болмайды. Бұл зерттелінетін құжатқа ұқсастырып немесе керісінше, зерттелінетін кұжаттың орындаушысының жазуын өзгертуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл өз алдына қолжазбатану зерттеулерін қиындатады. Эксперименталды үлгілер мәжбүрлеу арқылы алынуы мүмкін. ҚІЖК-де сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алудың хаттамасын дайындауы туралы көрсетілген. Үлгілерді орындаушысына көрсетіп, оның өз қолымен жазғанын растайтын қолы қойылады. Сараптамаға жіберілетін зерттеу объектілері мен үлгілері тиісінше буып-түйіп, мөрмен бекітіліп, хаттамаға қоса тіркеледі.
Шартты-еркін үлгілер – қылмыстық іс қозғалып, оның пайда болғаннан кейінгі жазылған қол жазбалар. Көбінесе олар іспен байланысты (түсініктемелері, арыз, шағым т.б.), бірақ арнайы сараптама үшін орындалмаған. Бұл үлгілер ерекше түрдегі үлгілер болып есептелінеді. Өйткені оларды не ерікті, не эксперименталды үлгілер қатарына жатқыза алмаймыз.
Енді қолжазбаның еркін үлгілеріне қойылатын талаптар туралы айтып кетейік. Ерікті үлгілер ретінде алынатын мәтіндер мен қолжазбалардың белгілі сапалы қасиеттер болуы керек. Салыстырмалы материалдардың сапасы жөнінде айтқанда, терең және жан-жақты зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін қасиеттері қарастырылады. Бұл үлгілердің зерттелетін құжатпен салыстыруға болатын жағдайда ғана мүмкін. Үлгілер зерттелетін құжатқа сәйкес келуі тиіс:
І. Жазуы мен тілі бойынша. Зерттелетін құжаттағы әртүрлі жазу мен тілде жазылған мәтіндердің, атап айтқанда: жазу белгілерін, сөйлем құрау ерекшеліктерін, баяндау стильдерін салыстыру мүмкін емес.
2. Жазылу уақытысына қарай. Зерттелетін құжат пен еркін үлгінің жасалу уақытының үзілісі минималды болу керек. Қолжазудың белгілері мен тұрақтылығы уақыт өтуге байланысты өзгереді. Мектеп кезінде қол жазудың тұрақтылығы туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Бұл қолжазудың қалыптасатын кезеңі. Сондықтан, үлгіні зерттеу құжаты жазылған уақыт аралығындағысын алу қажет. Ересек адамның қолжазуы қалыптасқан болып табылады. Үлгі мен зерттеу құжаты арасында бірнеше жыл болуы мүмкін. Ал жасы ұлғайған, кәрі адамдардың жазу дағдысы ішінара бұзылып, қол жазудың өзгеруіне әкеледі. Әрі бұл процесс тез жүруі мүмкін. Сондықтан қартайған адамдардың жасаған құжаттарын зерттегенде салыстырмалы материалдар сол кезеңге байланысты болуы тиіс.
3. Мазмұны жағынан және белгіленген мақсатына байланысты болуы қажет. Мысалы: бланк бетіне жазылған мәтіннің салыстырма үлгісінің осындай бланкке жазылуы.
4. Қолжазбаның материалына байланысты. Үлгілерді жазу материалдарының сәйкес келуі маңызды мәселе (қалам не қарындашпен, бірдей қағаздарға жазылуы).
5. Жасалу амалдары бойынша. Зерттелінетін мәтін белгілі бір шрифтке сәйкестендіріп жазылса. Мысалы: баспа әріптері формасында, сызба ретінде немесе сол қолмен.

  1. Құжатты жасау шарттары бойынша. Ерекше жағдайларда жасалса: отырып, тұрып.

  2. Жазуды орындаған адамның хал-күйіне байланысты.

  3. Жазудың шапшаңдығына байланысты болуы керек. Тез жазылған қол жазбаларға – лекция конспектілері т.б. Жай шапшаңдықпен жазылған – ресми құжаттардың мәтіндері.

Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаса, сарапшы өз міндетін орындай алмауы мүмкін. Маңызды мәселелердің қатарына берілген үлгілердің сандық көлемі де жатады. Еркін үлгілер саны 10-15 болуы керек.
Қолжазба мен қол таңбаның эксперименталды үлгілерін алу.
Эксперименталды үлгілер еркін үлгілер сияқты зерттелетін объектіге жазылуы жағынан, тіліне, мазмұны, хат материалдары, жасалу амалына, мүмкіндік болса құжатты жасау жағдайына және жазудың шапшаңдығына қатысты салыстыруға келетіндей болуы қажет. Бірақ эксперименталды үлгілерді алудың өз ерекшелігі бар. Эксперименталды үлгілерді алу кезінде жазатын адамға әдеттегі жағдай жасалынуы тиіс (көзілдірік киетін болса). Эксперименталды үлгілер тергеушінің айтуы бойынша (диктовка) жазылады немесе тергеушінің ұсынған тақырыбына шығарма жазу нәтижесінде алынады. Алдын-ала айту шапшаңдығы белгіленеді. Мүмкіндік болса, зерттелетін құжат мәтінін 3-4 рет жазғызу керек. Ал, егер мәтіннің мазмұнын жазатын адамның білуі қажет емес деп тапса, онда кездесетін сөздерді басқа байланыста келтіріп, жазғыздыртады. Арасына уақыт салып қолтаңба үлгілерін бірнеше рет алу қажет. Эксперименталды үлгілерді алу кезінде зерттелінетін объектілердің жасалу жағдайының бәрін ескерту керек. Қолтаңбаның үлгісін алу барысында жазатын адамның қолтаңбасының барлық варианттарын жазуды сұрайды. Ал біреудің атынан қол қойғанын тексеру кезінде, сол кісінің фамилиясын бірнеше қатар жазғыздыру қажет.
Еркін үлгілерді алғанда маман-қолжазбатану тергеушіге іздеу жоспарын құрып бергені дұрыс. Онда: қай тілде, қай графика негізінде, қандай құжат түрінде, қай мерзім кезіндегі үлгілерді жинау керек екендігі көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет