Криминалистикалық автортанудың ғылыми негізін – адам тілінің сөйлеу шарты мен заңдылығын, тілдің жекелену себебін, динамикалық тұрақтылығын, жазба тілінің алуан түрлілігін анықтау туралы және қылмысты тергеу мақсатында оны зерттеу әдістері жөніндегі білімдер жүйесі құрайды. Криминалистикалық автортану келесідей салааралық ғылым мәліметтерін жинақтайды: адамдар арасындағы қатынас теориясы – коммуникациялық, лингвистикалық, психологиялық және психолингвистикалық, криминалистикалық мәліметтер (идентификация теориясы, криминалистикалық қолжазба). Сонымен қатар, қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде де қолданылады.
Жалпы анықталатын мәселелер екі топқа бөлінеді:
Идентификациялық – бір немесе бірнеше құжаттың нақты авторын анықтаудан (идентификациялық мақсатта);
Идентификациялық емес – автордың ұлтын, топтық қатынасын, яғни оның білім деңгейін, кәсібін, жазу тілінің стильдік дағдысының болуы, әлеуметтік-демографиялық көрінісі туралы және т.б. (классификациялық-диагностикалық мақсатта) жағдайларын анықтаудан.
Соңғы уақыттарда бұқаралық ақпараттар құралдарда (СМИ) тіл тигізуге байланысты келтірілген моральдық зиянды өтеу арыздары көбеюде. Осы саннаттағы істер бойынша ақиқатқа жету үшін соттар автортану сараптамасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын лингвистикалық сараптаманы тағайындайды. Сараптаманың шешуіне идентификациялық сипаттағы сұрақтар қойылады:
мәтінде осы азаматты қорлайтын және тіл тигізетін сөздер, сөз тіркестері кездесе ме?
мәтін авторының азамматқа беріп отырған мінездемесі қандай?
басылымда моральдық және т.б. қағидаларды сақтау көз-қарасымен азаматтың жеке басын, қызметін негативті жағынан сипаттайтын мәліметтер, мән-жайлар бар ма?