Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Қолжазбаны сипаттайтын қолжазу



бет83/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Қолжазбаны сипаттайтын қолжазу белгілері жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы белгілеріне қолжазбадан көрініс тапқан жазба қозғалыс дағдысының жалпы қасиеттері туралы мәліметтер жатады. Бұл мәліметтер жалпы жазу қозғалыс жүйесінен көрінеді.
Жеке белгілер жазба қозғалыс дағдысының жекеленген жақтарын, ерекшеліктерін сипаттап, жеке әріптерді немесе олардың тіркестерін орындау кезінде көрініс табады.
Қолжазбаны қозғалыс жүйесі ретінде жалпы белгілер сипаттайды. Оларға төмендегідей белгілер жатады:
1. Қолжазбаның маңызды белгісіне қалыптасу дәрежесі жатады. Яғни, жазба техникасын меңгеру деңгейін анықтау. Осыған сәйкес қолжазудың қалыптасу деңгейін төмен, орташа және жоғары деп бөлеміз. Қолжазбаның қалыптасуы орындаушының мәтінді жылдам, үйлесімді және тұрақты қозғалыспен орындау қабілетінен тұрады. Қолжазбаның қалыптасу деңгейі тек қана мәтінді орындаушы арқылы ғана төмендеуі мүмкін. Қолжазбаның жоғары деңгейде қалыптасуы үшін орындаушы ұзақ уақыт жаттығулар жасауы қажет. Осыған байланысты зерттеліп отырған құжаттағы қолжазу дәрежесі тексеріліп отырған адамның әдеттегі қалыптасқан жазуынан жоғары деңгейде болса, күдіктеніп отырған орындаушы бұл мәтінді орындамады деген шешімге келуге болады.
Қалыптасу деңгейі бірдей қолжазбаларды құрылысына байланысты ажыратамыз. Қолжазбаның жазба белгілері ресми жазбаға сәйкес болған жазу қарапайым болып саналады. Егер ресми жазуда ауытқулықтар болса, ал жазудың ауытқу сипатына сәйкес – күрделенген немесе қысқартылған болады.
2. Жазудың қисаюы – жазба белгісінің бойлық осі мен жол сызығының арақатынасы арқылы анықталады. Жазулар тік, оң және сол жаққа қарай қисайған болып бөлінеді. Жазудың қисаюы тұрақты белгілер қатарына жатпайды, сондықтан да жазбаны бүркемелеу мақсатында жиі өзгертіледі. (РИСУНОК 35, 35-1, 35-2: Сурет 35, 35-1, 35-2 Әріптердің вертикальді элементтерінің қисаюы: Сурет 35. солға қарай Сурет 35-1. тік орналасқан Сурет 35-2. оңға қарай)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет