Оқиға болған жерді қарау кезінде келесідей сұрақтарды шешу үшін: а) атыс қарулары шын мәнінде қолданылған ба? ә) қандай қару және оқ -дәрілер қолданылған? б) қандай объектілерде ату іздері бар? в) атылған оқтың бағыты мен ара қашықтығы қандай? г) қаруды атқан тұлғаның ату үстінде ықтималды тұрған жері? д) өзін-өзі ату фактілеріне жата ма? е) қарудың атылу жағдайы қандай, ол құлау, бір нәрсеге соғылу нәтижесінде атылып кеткен жоқ па және басқа да сұрақтарды анықтап алу қажет.
Қаруды қарау, бекіту және алу. Оқиға болған жерде табылған қару-жарақты қарау кезінде міндетті түрде төмендегідей тәртіп талаптары сақталуы тиіс:
қаруда қалған іздер: қол іздері, қан тамшылары мен басқа да дененің ұсақ бөлшектері (тері, ми және т.б.) өшіп қалмас үшін оқпанның ауызғы бөлігінен (оқ шығатын) ұстауға болмайды, сонымен қатар, өзінің қол іздерінің қару бетіне түсіп қалмауы үшін қаруды кедір-бүдір жерінен немесе шетінен, болмаса қолға қолғап киіп ұстау қажет;
қарудың оқпанын өзіне немесе қоршаған ортадағы адамдарға қаратып ұстауға болмайды, оны жоғары қаратып ұстау қажет;
қару оқпанына қандай да бір заттарды кіргізуге, тығуға, салуға болмайды, бірақ оқпанның ішіндегі күйе, порох және т.б. бөлшектердің жоғалтып алмас үшін оқпан ұңғысына абайлап қалпақ кигізу керек.
міндетті түрде қарудан оқты алып тастау қажет;
қару оқпанын ешқандай затқа тақауға болмайды;
шаппалы күршекке, атқыш ілмекке тиісуге болмайды;
қаруды құлатуға болмайды.
Қару табылған жағдайда, ең алдымен түйінді және детальды фототүсірілім ережелері сақталына отырып масштабты сызғышты қолдану арқылы фотосуретке түсіріледі. Фотосуретке қарудың түрі мен оның табылған жері ғана емес, сонымен қатар оның жеке бөлшектерінің: оқпан, серіппе (курок), бекітпе (затвор) және т.б. жағдайлары көрсетіле отырып түсірілуі қажет. Қару соққысының немесе оның құлау іздерін табу мақсатында қоршаған ортадағы барлық объектілердің – еденнің, құмның беткі қабаттары қаралады. Содан кейін екі бағыттағы жылжымайтын объектіге және мәйіттің қолына дейінгі арақашықтық анықталады.
Қаруды қарау үшін оны таза қағаздың үстіне қойып тексеру қажет. Хаттамада қандай да бір бөгде объектілердің (қол, шаш, ми, тері бөліктері және т.б. іздерінің) табылған жерлері туралы мәліметтер жазылады. Тергеуге қажетті объектілер арнайы пакеттерге салынып буылып-түйіледі. Қарудан магазині ажыратылады, ал патрон салғыштан (патронник) патрондар алынады. Хаттамада магазин ішіндегі қалған патрондардың саны мен олардың маркілік және т.б. белгілері бекітіледі. Аңшы мылтықтарынан оның оқпаны ажыратылады. Бұл тәртіп ережелері револьверді буып-түйю кезінде қолданылмайды. Өйткені олардың каморалары атылған гильзалардан да, патрондардан да ажыратылмайды. Себебі олардың каморалардан атылған гильзалар да, патрондар да шықпайды. Маркілік белгілері бойынша хаттамада қандай камора (немесе патрон) оқпанға қарсы орналасқандығы жөнінде белгіленеді және каморадағы гильзалар мен патрондардың орналасу жүйесі жазылып бекітіледі. Қарудың оғын алып тастағаннан кейін оның маркілік белгілері, жеке құрылымдық (конструкциялық) ерекшеліктері анықталады.
Қылмыскерлер қарудың оқпанына, әсіресе аңшы мылтығының оқпанына тазарту жасаған жағдайларда, тергеуші алғашқы кезде сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек екендігін білмейді. Тазартудан кейін, мысалы, ең соңғы атылған оқтардың түрін анықтау мүмкіндіктері жойылады. Қарудың атылу мерізімі жөніндегі сұрақтарды анықтау қажет болған жағдайларда оны тазартуға сүртуге болмайды. Аталған және басқа да сұрақтарды шешу мақсатында қару оқпандары жабыстырғыш ленталар арқылы бекітілген қағаз қалпақшаларымен жабылуы қажет. Қарудың мерзімін анықтауға байланысты зерттеулер жүргізу үшін олар сараптамаға жедел түрде жеткізілуі тиіс. Себебі олар қару табылған алғашқы 5 тәулігі ғана – бұл сұрақтарды дұрыс әрі нәтижелі шешудің кепілі бола алады.
Сонымен, оқиға болған жерде табылған атыс құралына қарау жүргізіп, оны сипаттау кезінде хаттамада келесідей мәліметтер міндетті түрде көрсетіліп жазылуы тиіс:
қарудың табылған жері, оның жағдайы мен оқпан ұңғысы қай тұсқа қарай бағытталған;
зауыттық немесе қолдан жасалған ба;
моделі, калибрі мен нөмері;
металының және басқа да сыртқы қабатының түсі, жағдайы, тұтқасында және оқпанында зақымдану іздері бар ма, жоқ па;
механизм жағдайы (сақтандырудың, бекітпенің, серіппенің);
магазиндегі, патронниктегі патронның бар-жоғы және саны;
оқпан ұңғысынан күйік иісі сезіле ме және басқа да бөгде зат іздерінің болуы (қан, ми бөлшектері, құм және т.б.).
Оқиға болған жерді қарау кезінде атыс қаруының зақымдалған жерлерін зерттеу – оның атылуы жағдайы бойынша құрылған болжауларды ары қарай жүзеге асыруға және басқа да заттай дәлелдемелерді іздестіруге мүмкіндіктер туғызады.
Қаралып отырған қарудың моделін анықтау үшін негізгі көңілді – оның зақымдану сипатына (оқтың, бытыраның ойылып қалған, шаншылып қалған жерлеріне), порох-түйірінің формасына және ыстың, күйенің бөлініп шыққан жерлеріне, егер болған жағдайда «штанцмарканың» формасына бөлу керек.
Ату ара қашықтығы – крест тәріздес жыртылыстардың болуына (болмауына); бытыралардың зақымдалу мөлшеріне, сонымен қатар атудың қосымша іздері, басқа да құрамдас бөліктерінің бар немесе жоқтығына байланысты белгіленеді. Атудың қосымша іздері жақын емес ара қашықтықтағы тосқауылдардан да кездесуі мүмкін екендігін естен шығармау қажет. Оқ бірінші тосқауылды тесіп өткен кезде өзімен бірге басқа да қосымша іздерді қоса ала кетеді, сөйтіп барып кездесетін екінші тосқауылға тиеді. Сондықтан да бұл бірінші тосқауыл ма, жоқ па соны анықтап алу керек.
Атудың бағыты келесідей материалдың: оқ каналдарына, оқтың тесіп кірген және шыққан саңылауларын біріктіретін сызықтарға, сондай -ақ бір рет атудан екі объектінің қатар зақымдануына байланысты анықталады. Белгіленген бағыт бойынша жүре отырып оқты алыс емес жерден атқан адамның ату кезіндегі тұрған орнын анықтауға болады.
Оқтың бағытын анықтау үшін арнайы құрал-жабдықтар қолданылуы мүмкін. Барынша оңай тәсілдер де бар, мысалы: қағаз түтікшелерінің көмегімен бақылау әдісін (визирлеу) жасауға болады.
Мәйіттегі атыс қаруынан қалған жарақаттарды қарау кезінде мәйіттің денесі мұқият қаралады. Денесі мен киіміндегі жарақаттардың орналасуына және олардың формасына, жарақаттың жиектеріне, қабатталу (отложение) аймақтарына аса көңіл бөліп қарау қажет. Сонымен қатар, оқтан түскен жарақат жәбірленушінің киімінен табылса, саңылаудың жиегіндегі мата жіптерінің ұзындығына, ал жарақат жәбірленушінің денесінде болса, онда жарақат жиегінің терісіне көңіл аудару керек. Міндетті түрде мәйіттің киіміндегі, денесіндегі, оның айналасындағы қан дақтарына аса көңіл бөлінуі тиіс. Бұл ату кезіндегі жәбірленушінің орналасу жағдайын анықтауға мүмкіндіктер береді. Жақыннан ату іздері сондай-ақ, мәйіттің қолдарынан атыс қаруы табылған кезде мақтаның (тампон) көмегімен іздер алынып олар жеке пакеттерге салынады.
Оқиға болған жерді қарау хаттамасына тек қана нақты мәліметтер енгізіледі. Ату іздері табылған заттарды хаттамада сипаттау кезінде мыналар көрсетіледі: із табылған зат, оның орналасқан жері, жарақаттың түскен орны, жарақаттың түрі, өлшемі мен басқа да ерекшеліктері. Мысалы, бытыраның шашырап тиген іздері болса, онда оның жайылу жиілігі, тию саны өлшенеді.
Мәйіт денесіндегі жарақатты хаттамада сипаттау кезінде оның денесінінің қай бөлігі жарақаттанғандығы, киіміне келтірілген зақымдар, оның кезектілігі мен саны, жыртылған жерлері және де киімінің түймелену жағдайы көрсетіледі.
Оқтарды табу, бекіту және алу. Табылған оқтардың дәлелдемелік маңызы бар екендігі сөзсіз. Оқиға болған жерді қарау кезінде ең алдымен қару қанша рет атылғандығын анықтау керек және атылған барлық оқтарды іздестіру қажет. Оқтарды іздестіру – тесіп шыққан және жанасқан зақымдарды қарау арқылы бұл объектілерді зерттеу кезіндегі анықталған бағыттардан басталады. Анықталған бағыт бойынша кездесетін барлық объектілер – құм, қар, шөптер және т.б. мұқият қаралады. Егер алдын ала зерттеу барысында оқтар туралы дәлелді мәліметтер анықталмаған жағдайларда, ол жерден табылған металдың барлық бөліктеріне аса көңіл бөлу қерек. Оқтар деформацияға ұшырауы мүмкін. Оқтың қабықты бөлігі адамның денесінде қалып қойюы немесе оның жанына түсуі, ал өзегі (сердечник) адамнан бірнеше қашықтыққа ұшып барып түсуі мүмкін. Оқтар ұшып келе жатқанда кездескен алдындағы объектіге соқтығысуына байланысты рикошет болған жағдайларда, олар ұшу бағытын өзгертеді. Сондықтан да оқтардың қасындағы объектілерден іздестіру қажет.
Егер объектіге кірген оқтар мен заттарды тұтастай алуға мүмкіндіктер болмаса, объектінің оқ және заттар тұрған бөлігі оғымен бірге кесіліп алынады. Алынатын объектілер масштабты сызғыштың көмегімен детальды әдіспен фотосуретке түсіріліп бекітіледі. Тосқауылдың алынатын бөлігінің ішкі және сыртқы, жоғарғы, төменгі беткі қабаты белгіленеді.
Мұндай әрекеттерді жүзеге асыру кезінде заттар мен объектілердегі ату іздерін бүлдіріп алмай, оларды ұқыптылықпен ұстау қажет.
Оқтарды табу шараларына байланысты, олар нөмірленіп, оқиға болған жердің схемасында белгіленеді және буып-түйіледі. Оқтағы бөгде іздердің жойылып кетпеуін міндетті түрде қамтамасыз ету керек. Бұл объектілер оқтың атылу жағдайы туралы кейбір мәліметтерді алуға мүмкіндіктер береді.
Оқтарды қарау хаттамасында: а) оқтың формасы; ә) құрылымдық ерекшеліктері (қабықты, жартылай қабықты және қабықсыз); оқтың түпкі бөлігінің сипаты; б) жасалған металының түсі; в) өлшемі, ені, диаметрі; г) оқтың гильзаға бекітілу тәсілі; д) жоғарғы немесе түпкі бөлігіндегі сандық және әріптік, сондай-ақ арнайы бояулармен белгіленген маркілік белгілері; оқпан ойықтарының іздері (олардың саны мен бағыты, көлемі, сипаты, иілу бұрышы және т.б.) сипаттала отырып бекітіледі.
Табылған оқтар жеке-жеке буып-түйіледі. Мәйіттен алынған оқ құрғатылады және қабаттасқан екі мақтаның ортасына салынып буып-түйіледі.
Бытыралар табылғанда хаттаманың сипаттау бөлімінде бытыралардың саны, олардың формасы мен диаметрі, сонымен қатар, олардағы іздердің сипаты көрсетіліп жазылады.
Егер, оқ аңшылық қарумен атылған болса, оқиға болған жерден тығын немесе төсегіштер (прокладкалар) табылуы мүмкін. Бұл объектілер жөнінде хаттаманың сипаттау бөлімінде, олардың табылған жерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар келесідей: а) тығынның, төсегіштердің (прокладканың) жасалған материалдары, олардың түсі; ә) формасы мен өлшемі; б) маркілік белгілері; в) ату іздері туралы мәліметтер толығымен қамтылып көрсетілуі тиіс. Тығынды, төсегішті (прокладканы) қараған кезде: олардың табылған орны, түсі, құрамы, саусақ іздері бар ма, жоқ па, ондағы жазулар, суреттер т.б. да ерекшеліктері бекітілуі тиіс.
Тығындарды тапқан кезде, әсіресе, қолдан жасалғандарын, оны бүлдіріп алмас үшін өте мұқият болу керек. Қолдан (қағаз түйірлері мен мата кесегінен) жасалған тығындар табылған кезде олардың ерекшелік сипатын анықтау үшін таза қағазға оралады және хаттамаға бекітіледі. Киізден жасалған тығындардың бүйіргі беткі қабатын (кесу іздерін табу мақсатымен) мұқият қарау қажет. Олар ұзыннан созылған жол тәріздес болып келеді. Мұндай іздер табылған жағдайларда тексерілетін тұлғалардан, олардың қолданылған құралдарын іздестіру қажет.
Гильзаларды табу, бекіту және алу. Атылған гильзалардың жатқан жерін (орнын) табу жөніндегі мәселелер көбінде қолданылған қарудың түрлеріне байланысты болып табылады. Атыс қаруларының бірқатар модельдерінің гильзалары автоматты түрде алынбайтын болғандықтан, оларды әртүрлі жерлерден тауып алуға болады. Қаруды атқан адам гильзаларды кез-келген жерлерге лақтырып тастауы мүмкін. Мұндай ситуациялар револьверді қолданған кездерде кездеседі. Кейбір жағдайларда гильзалар автоматты тапаншалардың оқпанында да қалып қоюы мүмкін. Бұған атылу мерзімінде тапаншаны қолымен ұстап қалу нәтижесінде бекітпе бөлігінің қабында гильзаның қысылып қалуы бірден-бір себеп болады.
Оқтың тосқауылмен түйіскен бұрышы және қарудың моделі мен дистанциясы туралы (автоматтандырылған қарудың гильзасын іздестіруге байланысты) мәліметтер оның бағытын анықтаудың көрсеткіші болып табылады.
Егер салыстырмалы жақындықта атылғандығы туралы мәліметтер анықталса, онда міндетті түрде атқан тұлғаның іздерін (аяқ киім, темекі қалдықтарының және т.б. іздерін) іздестіру керек. Содан кейін табылған іздердің бағытына сүйене отырып гильзаны іздестіру учаскесін белгілеп алу қажет. Гильзаларды іздестіру барысында ұшып келе жатқан гильза алдында тұрған қандай да бір тосқауылмен соқтығысып, ұшу бағытын өзгертуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.
Кейбір жағдайларда гильзаларды табу өте қиынға соғады, олар қардың астында, шөптердің арасында қалуы мүмкін. Сондықтан металл іздейтін құралдарды пайдалану керек. Бұл операциялар нақты белгіленген жерлерде жүргізіледі.
Ал кейде керісінше алдымен гильзалар табылып, кейінен сол гильзалар бойынша қарудың моделі, атқан адамның ату кезіндегі тұрған орны анықталуы мүмкін.
Нөмірлену кезектілігі сақтала отырып гильзаның табылған жері (орны) хаттамаға бекітіледі және схемасы сызылып көрсетіледі. Гильзалар масштабты сызғыштың көмегімен детальды түсірілім әдісі бойынша фотосуретке түсіріледі.
Гильзалардан қол іздері табылуы мүмкін, сондықтан да гильзаны қарау кезінде оның түпкі және ауызғы бөлігінен ұстаған жөн.
Хаттамада гильзаны сипаттау кезінде міндетті түрде келесі жәйттер көрсетіледі:
-оның табылған орны ( жері) мен жағдайы;
-гильзаның материалы, түрі формасы (цилиндірлі, бөтелке тәріздес), өлшемі (ұзындық диаметрі және ішкі диаметрі); (РИСУНОК 34: Сурет 34. Штангенциркульмен гильзанын ішкі диаметрін өлшеу.) (РИСУНОК 34-1: Сурет 34-1. Штангенциркульмен тереңдікті өлшеу.) (РИСУНОК 34-2: Сурет 34-2. Штангенциркульмен гильзанын сыртқы диаметрін өлшеу.)
-маркілік белгісі;
-оқты орнықтыру әдісі;
-боек ізінің сипаттамасы (формасы, орналасуы, размері);
-кем-кетігінің, ақауының, сызаттың, бөгде заттар мен жанған порох иісінің болуы.