Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері



бет158/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§7. Малды тану үшін көрсету ерекшеліктері

Әр малдың өзіне тән сыртқы белгілері бар. Сондықтан малдың ұрланғаны туралы қылмыстық іс қозғалғанда оның осы сыртқы белгілерін білетін жәбірленушіге немесе куәге тану үшін мал да көрсетіледі. Көрсету объектісі ретінде малдың өзімен бірге оның мүшелері – басы, сирағы, тұяғы, терісі, т.б. пайдаланылады. Тергеу әрекетінің бұл түрін қолданғанда да жалпы заңдылық қатаң сақталуы тиіс. Айталық, мал тек ұрланған малдың сыртқы белгілерін жақсы білетін адамдарға ғана көрсетілуі тиіс. Тіпті, кейбір қажеттілік туған кезде малдың тұқымын, жасын дәл анықтау үшін бұған арнаулы мамандар, мысалы, мал дәрігерлері де шақырылады. Мұндайда танушы адамдар бұрын жауап алынған куәлер, жәбірленушілер, сезіктілер де болуы мүмкін. Сондықтан ұрланған малдың белгілері туралы бұрын жауап алынбаған адамдардың дәлелдемелері айғақтық мәнге ие бола алмайды. Сондай-ақ, көрсету кезінде малдың көруші адамға байқатқан мейірім райының мәні үлкен болғанмен, ол да айғақ ретінде пайдаланылмайды.


Ұрланған мал соған ұқсас малдармен бірге көрсетілуі тиіс. Әдетте, малдың иесі ұрланған малының ерекше белгілерін, оның мінезін, табиғатын жақсы біледі. Одан күткендегідей жауап ала алуы үшін тергеушінің де мал шаруашылығынан белгілі бір дәрежеде білімі болуы тиіс. Өйткені жауап мал шаруашылығында қалыптасқан, малдың дене мүшелерінің орналасуының, дамуының ғылыми жүйесіне негізделіп алынады. Ең алдымен: малдың тұлғасы, тұқымы, жасы т.б. басты белгілері сипатталады. Содан соң жеке белгілері – басы, көзі, құлағы, тісі, кеудесі, т.б. бейнеленеді. Одан әрі ерекше белгілері – салынған ендері, жарақаттан қалған тыртықтары, т.б. көрсетіледі. Сондай-ақ, ұрланған малдың иесіне кездескен кезде байқататын мінез-қылықтарының да маңызы зор. Тергеуші мұның бәрін де назардан тыс қалдырмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет