Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет22/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
Жекеленуші белгілер – өте сирек кездеседі. Олар шығу тегімен, өндіру технологиясымен, қолдану шарттарымен, қылмыс жағдайларымен байланысты. Объектінің жеке сәйкестігін анықтау үшін, міндетті түрде жалпы және жеке белгілерін немесе топтық, бір тектік және жекеленуші белгілерін анықтау қажет.


§3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы


Криминалистикалық идентификация процесуалды түрде тергеушімен (анықтаушымен), сарапшымен және сотпен жүзеге асырылады.
Криминалистикалық идентификацияның негізгі процесуалдық түрі ­ бұл тану үшін көрсету, сот сараптамасын жүргізу болып табылады. Бірақ, теңдестірудің қарапайым актілерін жүргізу кезінде құжаттар мен заттарды қарау, куәландыру т.б. сол сияқты тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Мысалы, тергеу барысында тергеуші құжаттардың жыртылған парақ кесінділерін немесе жүзі, ұшы зақымдалып бөлініп қалған қанжар т.б. табады. Мұндай жағдайларда тергеуші екі куәгердің қатысуымен аталған объектілерге бүтінді бөлшек бойынша құрастырып қарау әрекетін жүргізе алады.
Куәландыру әрекеті кей жағдайларда сезіктінің жеке басын идентификациялау үшін де жүргізіледі. Тергеуші куәландыру процесі негізінде татуировка, туа біткен (мең, қал) дақтарды және басқа да жеке идентификациялық белгілерін анықтайды. Бұл анықталған сыртқы белгілердің жиынтығы тергеушіге сезіктінің жеке басын анықтауға мүмкіндіктер береді.
Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде нәтижелі пайдалану, жүргізілген процесуалдық әрекеттің сапасына ғана емес, сонымен қатар іс бойынша процесуалдық шешім қабылдайтын субъектілердің дұрыс бағалануымен де байланысты.
Идентификация нәтижелері ­ басқа да дәлелдемелермен қатар істің жағдайына байланысты, оларды жинақтап, толық, жан-жақты және объективті түрде қарау арқылы ішкі сенім негізінде бағаланады.
Идентификация қорытындыларын дәлелдеме ретінде бағалау төмендегідей екі кезеңнен тұрады:

  • бірінші кезең, сарапшының қорытындысы негізінде процесуалдық және ғылыми бағалау;

  • екінші кезең, сараптама шеңберіндегі идентификация көмегімен анықталған дәлелдемелік маңызы бар жағдайларды бағалау.

Бағалаудың бірінші кезеңінде –­ сарапшының берген қорытындысының мазмұнына; мамандандырылу деңгейіне; зерттелетін объектіге сәйкес тәжірибесіне; алған үлгілері мен басқа да зерттеуге қолданылған қаулыда немесе анықтамада көрсетілген материалдарына талдау жасалады. Сарапшының қолданылған тәсілдері, олардың саны мен кезектілігі, сондай-ақ пайдалану жағдайлары мен сарапшымен бағаланған қорытындылары, оның қорытындысының логикалық дұрыстығы талданады.
Идентификациялық зерттеулер жүргізу кезіндегі сарапшының қорытындысы бірнеше нұсқада болуы мүмкін:
1. іздестірілетін объектінің тепе-теңдігін анықтау мүмкіндігінің болмауы идентификациялау үшін алынған іздердің жарамсыздығына байланысты, мысалы, есіктің тұтқасындағы қол іздері кіммен қалдырылғанын анықтау мүмкін емес.
Идентификациялауға мүмкіндік бермейтін себептер мен негіздер міндетті түрде көрсетілуі тиіс;
2. ықтимал (болуы мүмкін): мысалы, оқиға болған жерден табылған гильза ­ сезіктіден алынған нөмірі жоқ тапаншадан атылуы мүмкін; оқиға болған жердегі шегелер мен сезіктінің күртешесінің қалтасынан табылған шегелер бір шеге жасау мәшенкесімен дайындалып шығарылуы мүмкін; жәбірленушінің денесіндегі жарақат сезіктіден алынған пышақтан түсуі мүмкін және т.б.
Мұндай нұсқаға келесідей қорытынды түрлерін жатқызуға болады:
-жәбірленушінің көйлегінен табылған талшықтар мен сезіктінің шалбары материалының жалпы топтық қатыстылығының болуын;
-жәбірленушінің аяқ киімі табанындағы қатпарланған топырақ пен Н. үйінің учаскесіндегі топырақ жалпы топтық қатыстылығының болуы мен олардың бір топырақ түріне жататындығын;
-суық қару жүзі мен Н-ның үйінен табылған металл бөлшектерінің бір топқа жатуын;
Ықтималды қорытындылар бойынша сарапшы тек объектілердің жалпы белгілермен қатар жеке белгілерін де анықтайды, бірақ анықталған жеке белгілер саны аз болғандықтан олардың идентификациялық деңгей маңыздылығы төмен болып табылады;
3. мақұлданбаған тұжырым (қорытынды): мысалы, кепілдеме қағазындағы мөртаңба - ''Каспий'' банкісінің мөрімен басылмаған; мәйіттен алынған оқ, тінту барысында алынған ''Наган'' револьверімен атылмаған; жәбірленушінің қолы байланған темір мен Н-нің үйінен табылған темір бұрын бір бүтінді құрастырмаған; К-дан алынған мариуахуанасы бар пакет пен ұшақ салонынан алынған мариуахуанасы бар пакеттің шығу қайнар көздері бір жерден емес және т.б.
Сарапшының мақұлданбаған тұжырым қорытындысы әртүрлі жалпы белгілердің негізінде немесе жалпы белгілер сәйкес келгенімен де жеке белгілер бойынша анықталады;
4. мақұлданған тұжырым: мысалы, бас бухгалтердің атынан берілген кепілдеме қағазындағы қойылған қол Н-нің өзімен орындалған; жәбірленуші мәйіттен және сезіктіден алынған бытыра бұрын бір бүтінді құраған; жәбірленуші мен сезіктінің киімдеріндегі қатпарланған лак-бояу бөлшектерінің шығу қайнар көздері бір; ''фомиктен'' табылған лак-бояу қабаттарының үгінділері Өтепов көшесіндегі 8-ші үйдің кіре беріс есігінің бояу қабатына жатады.
Дұрыс шешімді қорытындылар беру үшін сарапшы жалпы белгілердің сәйкес келуіне ғана емес, сонымен қатар қайталанбайтын жүйені құрайтын жеке тұрақты белгілердің де сәйкестігіне көңіл аударуы қажет.
Сарапшының құзыретіндегі процесуалдық ереже талаптарын дұрыс орындауына және сараптамалық зерттеудің әдістемелік талаптарымен сәйкес жіберілген материалдардың толықтығына тергеуші (прокурор, сот) көз жеткізе отырып, бағалаудың келесідей кезеңдеріне өтеді.
Сарапшының қорытындысын бағалаудың екінші кезеңі дәлелдемелік маңызы бар идентификацияларды анықтаудан тұрады.
Жоғарыда көрсетілген қорытынды нұсқа түрлерінен шыға отырып, дәлелдемелік маңыз – ол тек мақұлданған тұжырым түрде берілген, яғни, дұрыс немесе дұрыс емес деген сияқты қорытындыларды көрсетеді. Дегенімен де басқа да, нақты айтқанда: қорытындының ықтималды түрі жанама дәлелдеме ретінде бағаланады деген пікірлер де бар.
Ықтималды қорытындылардың дәлелдемелік маңызы болмағанымен де, олардың қандай да бір дәрежеде пайдасы бар. Олар тергеушінің ұстанған бағытының дұрыстығын бекітетін белгілі бір дәрежеде болжаулар жасауға мүмкіндік береді. Ықтималды қорытындылар көмегі арқылы ақиқатқа жету жолы ашылуы мүмкін.
Тәжірибеде кеңінен тараған кемшіліктердің біріне сарапшының тектік және топтық қатыстылық бойынша берген қорытындысын тергеушілердің (сот, прокурордың) іздестірілетін объектінің тепе-тең деп пайымдауы саналады. Мысалы, сарапшының пышақ жүзінен табылған талшық пен жәбірленушінің көйлек матасының жалпы топтық қатыстылығы бір және олар мақта мата түріне жатады деп берген қорытындыларын тергеушілер бағалауда, олар пышақ жүзіндегі талшықтар жәбірленушінің көйлегінікі деп санайды.
Сарапшының бұл тұжырымдары бір жағынан объекттің оқиғаға қатыстылығын жоққа шығармайды, екінші жағынан алып қарастыратын болсақ қылмысқа қатысты басқа да объектілер болуы мүмкін.
Шын мәнінде бұл қорытындылар ықтималдық сипатқа ие, олар кемшіліктерді болғызбай қоймайды және де ақиқатқа жетудің кепілдігі бола алмайды.
Идентификациялық тұжырымдарды мақұлданған және мақұлданбаған түрде бағалау – дәлелдеменің барлық процесін сипаттайтын келесідей қағидаларды сақтауы керек: біріншіден, маңызды, мәнді дәлелдемелер (соның ішінді сарапшының тұжырымының мәні мен маңызы) басқа дәлелдемелермен байланысты болуы тиіс; екіншіден, барлық дәлелдемелер (соның ішінде сарапшының қорытындысы) бір жүйені құруы қажет; үшіншіден, бір жүйедегі дәлелдемелер бір-бірімен өзара үйлесімді болуы, сондай-ақ олар басты дәлелдемемен сәйкес келуі тиіс; төртіншіден, әр дәлелдеме негізді болуы және жоққа шығарылмауы керек; бесіншіден, қарастырылып отырған болжауға негізделген барлық дәлелдемелер жиынтығы басқа да әртүрлі болжауларды болғызбауы тиіс.
Басқа процесуалдық формада яғни, тану жолымен жүргізілетін идентификация қорытындыларын бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Идентификацияның барлық кезеңдерін толығымен, яғни ойдағы бейне бойынша идентификациялауды түгелдей ­тергеушінің өзі жүзеге асырады. Атап айтқанда: танылатын идентификацияланатын тұлғадан жауап алуды; дублерларды, куәгерлерді іріктеп алу мен басқа да дайындық әрекеттерін және тануды (идентификацияны) жүргізуді, сондай-ақ тану қорытындыларын бағалауды, сол сияқты идентификациялық процестердің барлығын тергеушінің өзі орындайды.
Негізінде бағалау қызметі танылушы тұлғалардан жауап алу кезінен басталады және тану әрекетін жүргізу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселеге байланысты бір шешімге келуге ықпалын тигізеді.
Тану жүргізу бойынша дұрыс шешімге келу кезінде оның қорытындыларын бағалау теңдестіру фактісін анықтау қажеттілігін тудырады. Тану әрекетін жүргізуге байланысты қабылданған шешімдер теңдестіруді мүлдем жоққа шығармайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет