III-ТАРАУ.
ҚАЗАҚСТАНДА КРИМИНАЛИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ
Атақты австриялық заңгер Ганс Гросс 1893 жылы “сот тергеушілеріне арналған нұсқау криминалистиканың жүйесі ретінде” атты еңбегін жарыққа шығарды, онда: қылмысты тергеудің техникасы туралы жаңа бөлек ғылымының пайда болғаны және оны «криминалистика» деп атағанын жария етті.
Криминалистиканы құқықтық пән деп жариялай келе, Гросс оны нақ осы ғылым негізінде табиғи-техникалық ғылымды дәлелдеу процесінде көптеген қолдаулар табады деді.
Көптеген жылдар өтті, осы ғылымның міндеттері кеңейе түсті, қылмысты дер кезінде тергеу мен ашуға бағытталған, тергеудің тактикалық және әдістемелік мәселелерін құрастыратын жаңа тараулар пайда болды. Криминалистикалық ғылымның басқа салалары (қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық іс жүргізу құқығы) сияқты криминалистиканың жалпы міндеті қылмыспен күресу болып табылады.
Сондықтан да Криминалистика пәні басқа да қылмыстық құқықтық пәндер сияқты негізгі пән болып, барлық заң саласындағы оқу мекемелерінде оқытылады.
Қазақстанда криминалистиканы оқыту 1935 жылы Алматы мемлекеттік заң институтының ашылуымен тығыз байланысты. Ол кездері криминалистика пәні қылмыстық құқық кафедрасының оқу пәніне кірген. Кафедраны меңгеруші болып М.Т. Шаламов басқарды, кейін ол Бүкіл одақтық сырттай заң институтыныда (қазіргі Ресейде) профессор болып қызмет етті.
1947 жылы осы кафедрадан “Қылмыстық іс жүргізу мен криминалистика” кафедрасы бөлініп шықты, оны республика мен баяғы кеңестер одағында атақты криминалист ғалым заң ғылымдарының кандидаты, доцент В.А. Хван басқарды, ол Қазақстандағы сараптама криминалистикалық мекемелерінің құрылуы мен жұмыс істеуіне үлкен ықпал етті. Осы кафедрада криминалистика пәнімен қатар қылмыстық іс жүргізу, сот медицинасы, сот ісін жүргізу, сот психиатриясы, бухгалтерлік есеп пен сараптама пәндері оқытылды.
1939 жылы оқу базасы ретінде сабақ жүргізуге қолдану үшін кафедра жанынан криминалистикалық лаборатория ашылды. Криминалистикалық лаборатория сабақ жүргізумен қатар, тергеу және сот органдарының нұсқауы бойынша әртүрлі криминалистикалық сараптамаларды жүргізді. Осындай сараптамалық зерттеулерді құқық қорғау органдары үшін Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей, Алтай өңірлерінде алғаш рет жүргізген институттың оқытушылары – заң ғылымдарының кандидаттары В.А. Хван мен Д.Я. Мирский (кейін Ресей федерациясының Москва жоғары мектебінде профессор болып, Бүкілодақтық ҒЗИ сот сараптамасында қызмет атқарды) жұмыс істеді.
Сараптама мекемесінің функциясын криминалистикалық лаборатория республика Әділет министрлігі жанындағы жеке ғылыми-зерттеу сот сараптама лабораториясын ашқанға дейін, яғни 1951 жылдың сәуіріне дейін орындады.
Осы жылдары оқыту жұмысы мен криминалистикалық сараптама жұмыстарын біріктіріп жасаған кафедра доценттері А.М. Агушевич, В.А. Хван, Д.Я. Мирский, А.Д. Жоров, Ш.М. Жоров, Ш.М. Мажитов, Н.А. Жангельдин болды. Сот сараптамасы ғылымын ары қарай дамыту қажеттігі үшін және Республика құқық қорғау органдарына көмек көрсету: сараптама жүргізу, кеңестер беру, тергеу әрекеттеріне маман ретінде қатысу, сондай-ақ тергеушілермен әдістемелік жұмыс жүргізу үшін Алматыдағы сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты құрылды, онда да сараптамашы ретінде қылмыстық процесс пен криминалистика кафедрасының оқытушылары жұмыс істеді.
Институттың директоры болып доцент Хван В.А. тағайындалды, ол криминалистика мен қылмыстық процесс кафедрасын меңгеруді жалғастыра берді. Доцент В.А. Хван сот сараптама институтына директор болып ауысқаннан соң, он жылдай кафедраға заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.М. Мажитов басшылық етті. Кафедрада жақсы материалдық-техникалық база болуына көп көңіл бөлінді, криминалистика мен сот сараптамасынан сабақ беру үшін фототехника, микроскоптар, қажетті ғылыми-техникалық құралдар, арнайы мақсаттағы приборлар алынды. Оқытушылық жұмысқа атақты ғалымдар мен өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер шақырылды. Сот медицинасы курсынан Қазақстанда осы ғылымның негізін қалаған проф. С.М. Сидоров, сот психиатриясы курсын – атақты профессор А.П. Штесс, сотта сөз сөйлеу өнерінің курсын Ф. Малевич, сот сараптама курсын профессор А.Ф. Аубакиров оқыды.
Кафедра өндіріспен үнемі тығыз байланыста болды, яғни криминалистика, сот медицинасы мен психиатриялық пәндері сараптама мекемелері мен сот-тергеу органдарының қызметтерінің базасымен және олардың талаптарын ескере отырып жүргізілді.
Осылармен бірге алғаш рет соғыстан кейін және одан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға көп көңіл бөлінді және ғылыми деңгейге сай кафедра оқытушыларын толықтырды. 1953 – 1956 жылдары криминалистика ғылымы бойынша кандидаттық диссертацияларын А.М. Агушевич, Н.А. Джангельдин, Ш.М. Мажитов өте жақсы қорғап шықты. Республикадан тыс мамандар шақырылды В.И. Попов (1958 ж.), И.А. Сапожников (1959) және Н.М. Карацев (1961 ж.)
Оқытушылық жұмысқа әртүрлі жылдары сот сараптама институтынан з.ғ.к. Б.М. Мұқашев, Е.Ғ. Жәкішев, Г.А. Мозговых, А.А. Исаев, Р.Б. Тапалова, Р.Д. Гомозовалар ауысып келді, олар тергеу және сараптама жұмыстарында үлкен тәжірибелері бар оқытушылар. Лабораториялық және тәжірибелік сабақтарды жүргізгенде техникалық оқыту құралдарын кеңінен қолданады. Криминалистикалық лаборатория – тергеу портфелі мен басқа да криминалистикалық құрал-жабдықтармен, аппаратурлармен, криминалистік-техникалық зерттеу приборлармен қамтамасыз етілген.
1966 жылы қылмысты алдын алу мен оның себептерін зерттеудегі одақтық институтта тергеушінің іздестіру қызметінің проблемалары туралы докторлық диссертацияны, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті В.И. Попов қорғады. Бір жылдан кейін оған профессорлық атақ берілді. Осы 1967 жылы кафедрада «сот психологиясы» деген жаңа курс енгізілді. Алғашқы жылы осы курсты проф. В.И. Попов оқыды, ал 1968 жылдан кафедраның аға оқытушысы Г.Г. Досполов оқыды, ол осы пәннен “Жауап алу психологиясы” туралы кандидаттық диссертациясын қорғады. Жоғары деңгейлі ғылыми-оқытушылық кадрлар артып криминалистикадан студенттердің дайындық деңгейін жоғарылатты, осы салада ғылыми проблемаларды жоспарлауды тереңдетіп, өрісін кеңейтті.
Криминалистика курсының оқу пәні ретінде дамуы, оның криминалистикалық проблемалары мен әдістерін және болашақ мамандарды оқыту негізінде жедел-тергеу жұмыстарын оқыту үшін 1971 жылы қылмыстық процесс кафедрасынан криминалистика жеке кафедра болып бөлініп шықты.
Кафедраға заң ғылымдарының докторы, профессор В.И. Попов меңгеруші болды. Осы жылдары кафедрада 7 заң ғылымдарының кандидаты, доценттер жұмыс істеді: А.М. Агушевич, Н.А. Жангелдин, Е.Ғ. Жәкішев, Г.Г. Досполов, М.Ш. Мажитов, Г.А. Мозговых, В.Е. Розенцвайг. Кафедра аспиранттар дайындауды да дұрыс жолға қойды Г.М. Мұқашев, А.В. Попов кандидаттық диссертацияларын қорғап шықты. Кафедра ғалымдары әртүрлі ғылыми диссертацияларды талқылауға, жалпы Одақтық конференциялардың теориясы, тергеу жағдайлары туралы мәселелерді талқылауға белсенді түрде қатысты. Кафедрада «Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу әрекеттерін дамытудың проблемалары» деген тақырыпта Одақтық конференция өткізілді. Польша, Болгария, Германияның криминалист ғалымдарымен бірге кафедра оқытушысы Еркін Ғазизұлы Жәкішев «Экономикалық-криминалистік құралдарымен тонауды зерттеу» М, 1980 ж. , «Экономикалық анализ арқылы жасырын тонауды ашу» атты еңбектерін 1981 жылы жазды (Москва).
Барлық тергеу әрекеттерінің тактикалық негізін құрастыра отырып, кафедра ғалымдары мынадай: «Тергеу әрекеттерінің тактикалық негізі»; «Оқиға болған жерді қарау» (авторы В.И. Попов); «Криминалистикадан арнайы практикум жүргізу» (авторы В.А. Хван) 1964ж.; «Қылмысты тергеуді жоспарлау» 1957ж.; «Жауап алудың психологиясы» (авторы Г.Г. Досполов) 1976ж.; «Алдын-ала тергеудің мәселелері» (В.И. Попов, Е.Ғ. Жәкішев) 1984ж.; «Криминалистиканың тонау қылмыстарымен күресудегі ролі» 1991ж; «Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және методологиялық негіздері» 1977 ж. т.б. оқу құралдарын шығарды.
Соңғы жылдары көптеген әдістемелік оқу құралдары жарық көрді.
Профессор В.И. Попов құрметті демалысқа шыққан соң 1984 жылдан 1987 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін доцент Е.Ғ.Жәкішев атқарды, ал қазіргі уақытта 2000 жылдың қыркүйек айынан бастап профессор А.А. Исаев меңгеріп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |