§2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі).
Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы)
Объект ұғымы – криминалистикалық идентификация теориясының басты мәселесі болып табылады. Объектілерді анықтау – идентификацияның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер қалай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде қалай жинақталады деген мәселелерді шешуге маңызды әсер етеді. Криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердің даму деңгейімен байланысты.
XX-ғасырдың 1-жартысындағы идентификациялық объект шеңбері мен XX-ғасыр аяғындағы идентификациялық объект шеңберінің арасында елеулі айырмашылықтар бар.
Криминалистикалық идентификация объектілерінің түсінігіне байланысты пікір-таластық талдаулар екі кезеңнен өтті.
Бірінші рет пікір-таластық 1940 жылдары профессор С.М. Потаповтың мақаласының шығуына байланысты болды. С.М. Потапов криминалистикалық идентификация объектісіне – заттарды, адамдарды, олардың ойлау қабілетін, әрекеттерін, құбылыс пен уақытты және басқаларды жатқызды. Профессор С.М. Потаповтың көзқарасы бойынша криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі материалдық заттар, құбылыс және ойлармен қамтылуы тиіс. Нақты айтқанда, объект ұғымына түсінік кең мағынада беріледі. С.М. Потаповтың мақаласына байланысты көптеген сыни еңбектер жазылды. Жазылған сыни көзқарас жайындағы пікір-таластықтар 60-жылдары тоқтады.
Криминалистикалық идентификация объектілеріне «қандай материалды дүниедегі объектілерді жатқызуға болады» - деген сұрақтарға байланысты 70-жылдары жаңа пікір-таластар туындай бастады.
Бір көзқарастар бойынша (бұл дәстүрлі идентификацияның өкілдері) криминалистикалық идентификация объектілеріне сыртқы құрылысы бар, толық тұрақты формадағы заттарды жатқызылды. Ал бұл қатты денелер болып табылады.
Басқа көзқарастар бойынша, криминалистикалық идентификация объектілеріне кез-келген субстанциядағы материалды денелердің қалыптасуынан тұратын заттар, яғни, қатты, сұйық, газ тәріздес заттар жатқызылды.
Ганс Гросстың пікіріне байланысты кез-келген материалды субстанциядағы объектілерді жекелей идентификациялау мүмкіндігі танылған.
XX-ғасырдың екінші жартысынан бастап жоғарыдағы пікірлер бойынша көптеген материалды объектілерді теңдестіру жұмыстары сараптама тәжірибесінде ғылыми-техникалық құралдар мен аналитикалық әдіс-тәсілдерді кеңінен ендіре отырып жүзеге асырыла бастады. Бұл мәселеге байланысты зерттеу әдістемесін өңдеп жетілдіру мен айналысқан криминалистердің арасынан В.С. Митричевтің еңбегі орын алды деуге болады. В.С. Митричевтің бастамасымен объектілер шеңбері кеңінен қарастырылды, объектілерге қатты денелер ғана емес, сонымен қатар, сұйық, газ тәріздес, сусымалы заттар кеңінен енгізіліп дәлелдеу мүмкіндіктерін арттырды.
Криминалистикалық идентификацияның объектісі – жалпы қайталанбайтын идентификациялық белгілер жүйесі мен салыстырмалы тұрақты түрде болатын материалдық заттар болып табылады.
Идентификацияның объектісіне тек қатты заттар ғана жатпай, сонымен қатар сұйық, сусымалы, газ тәріздес объектілер де жатады.
Объектілерді жекелеу келесі ғылыми ережелерден құралады:
Достарыңызбен бөлісу: |