Топырақта өсімдіктерге қажет су, ауа, жылумен қатар коректік заттардың болуын оның коректік режимі дейді.
Көптеген анализдердің нәтижесінде өсімдіктер организмдерінде әртүрлі элементтердің болатыны анықталды.Олардың ішіндегі басым көпшілігі C, H, O, N, P, K, Ca, Mg, Fe макроэлементтер. Бұл элементтерді өсімдіктер жеке молекула түрінде емес, олардың қосылыстары түрінде пайдаланылады. Өсімдіктер үшін әр элеметтің өз орны бар.
Макроэлементтермен қатар өсімдіктерге микроэлементтерде қажет. Оларға B, Mn, Zn, Cu, Mo, Al, J және басқалары жатады.
Өсімдіктерге ең көп қажет азот, фосфор және калий (N,P,K).Көптеген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда аталған элементтердің қоры топырақта жеткілікті. Мысалы, Кравцовтың деректері бойынша қара топырақтардың бір гектарында N–12 тонна, P-6тонна, ал K -20 тонна екен. Осы келтірілген қорды өсімдіктер топырақтан алып пайдаланылатын мөлшермен салыстырсақ, ешқандай тыңайтқыш енгізбей-ақ жыл сайын жоғары өнім алуға болады екен деп ойлауға болады. Бірақ, істің мәні басқаша. Бұл келтірілген қордың көбін өсімдіктер пайдалана алмайды, өйткені олар көбіне органикалық қосылыс түрінде кездеседі, ал оларды өсімдіктер тікелей ала алмайды. Азоттың топырақтаорганикалық (10,4т/га), нитратты (60кг/га) және аммиакты (110 кг/га) түрлері кездеседі.
Өсімдіктер нитратты және аммиакты азотты сіңіре алатындықтан жоғарыда келтірілегн барлық азот қорының (12т/га) әр гектардан тек 170 кг ғана пайдаланады.
Фосфор топырақта аналық тау жыныстарында (аппатит, сильвенит), органикалық (көңде, қида –0,2-0,3%) және жылжымалы түрлердекездеседі.
Калий аналық тау жынысы құрамында (ортоклаз, далалық шпат және т.б.), органикалық (қи, көң -0,6)және жылмалы минералдық түрде болады.
Қазақстан топырақтарында фосфор аз, ал калий көп мөлшерде кездеседі.
Көптеген бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадан бос азоттты сіңіріп, оны өздеріне қажетті коректік заттарға айналдырады, біраз бөлігін топырақта қалдырады. Топырақтың коректік заттар режімін реттеу үшін оған ораникалық тыңайтқыштар (қи, көң, құстың саңғырығы, қорда) және жасыл тыңайтқыштар беру, танапта сабан қалдыру керек.
Минералдық тыңайтқыштарды (азот,фосфор, калий тұздары) пайдалану топырақтың коректік заттар режімін реттеудің басты жолдарының бірі.
Микротыңайтқыштар мен бактериалдық (азот бактерин, фосфоро бактерин) тыңайтқыштарды пайдаланудың өсімдіктер үшін үлкен мәні бар.
Топырақтағы микроорганизмдердің тіршілік қабілетін артыру үшін оларға қолайлы жағдай туғызу (оптималды температура +25-30С, ылғалдылық -45-60%, бейтарап топырақ ортасы, оттегінің топыраққа тұрақты келуі және тағы басқа) керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Ылғал топырақ режімдері
2. Топырақтың ауа режімі
3. Топырақтың жылу режімі
4. Топырақтың коректік заттар режімі
Негізгі әдебиеттер:
Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005
Жаңабаев Қ.Ш., егіншілік оқулық 2006
Қосымша әдебиеттер:
Жаңабаев Қ.Ш.,Саудабаев Т.С., Сейтов И.С., Өсімдік шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы, «Қайнар» 1994
Әуезов Ә.Ә.,
5 Дәріс Тақырып:Егіншілік заңдылықтары және оларды мол өнім алу үшін өндірісте қолдану
Мақсаты: Ауыл шаруашылық егіншілік заңдарымен таныстыру
Міндеті: Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін оның заңдылықтарын дұрыс пайдалана білуді үйрету
Кілт сөздер: егіншілік заңдары,масимум заңы, минимум заңы
Дәріс жоспар:
Егішілік заңдары
2.Өзара тепе-теңдігі заңы
3.Минимум,оптимум,максимум заңы
4.Қайтару заңы
1. Ғылыми егіншілік-мәдени өсімдіктердің өсу жағдайларының талаптарын,топырақ құнарлылығы туралы ғылымды,қоректік элементтердің өсімдіктерге жарамды түрлерге айналуын, топырақ және ауа-райы жағдайларын ескере отырып түрлі агротехникалық тәсілдердің көмегімен өсімдіктердің атмосфералық жауынды пайдалану коффициентін арттыруларын оқып-зерттеуге негізделген.
Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың оның өсіп-өну процесінде әрекеттестігі өте күрделі және жан-жақты болып келеді.Осы әрекеттестіктердің заңдылықтарын айқындау жұмыстары көптен бері жүргізіліп келеді, соның қорытындысында осы күнгі егіншілік немесе өнім алу заңдары қалыптасты. Өнім алу прцесінде өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың әрекет ету заңдылықтарын егіншіліктің жалпы заңдары дейді.
Егіншілікті қарқынды жүргізіп, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алу үшін оның заңдылықтарын дұрыс пайдалана білу керек. Ашылу мерзіміне байланысты егіншіліктегі бірінші заң–жасыл өсімдіктердің автотрофтылық заңы. Онда жасыл өсімдіктер ғарыштан күн сәулесі энергиясын, ауадан көмір қышқыл газын, топырақтан минералдық қосылыстарды пайдалана отырып өздеріне қажет органикалық заттарды түзеді делінген. Сондықтан өнімді көп алу үшін егістік алқапта оптималды мөлшерде мәдени өсімдік өсіріп, ал топырақта жеткілікті мөлшерде ылғал мен минералдық коректік заттар қорын жасау керек.
2. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті факторлардың өзара тепе-теңділігі мен бірі мен бірі айырбасталмайтындығы заңыныңмазмұны:“Өсімдік тіршілігіне қажетті факторлар бір –бірімен айырбасталмайды”.Бұл өсімдікке барлық факторлар қажет деген сөз. Осыдан барып өсімдіктер тіршілігіне керекті факторлардың теңмағыналылық заңы шыққан. Оны былай түсіндіруге болады. “Өсімдік өміріне (тіршілігіне) қажетті факторлар тең мағыналы”, яғни өсімдіктер үшін жарықтың, жылудың, ауаның, қоректік заттардың және ылғалдың маңызы бірдей.
3.Минумум, оптимум, максимум заңы. Оны бірінші рет неміс ғалымы Сакс ашқан болатын. Оның айтуынша “Ең жоғарғы өнім факторлар оптималды мөлшерде болғанда ғана алынады, ал егер олар минималды (аз) және максималды (көп) мөлшерде болса өнім төмендейді”.Бұл заңды 1840 екінші неміс ғалымы Ю.Либих толықтырады.
4. Қайтарым заңын XІX ғасырдың орта кезінде Ю.Либих ашқан. Оның анықтамасы бойынша: “Өсімдіктер өнімі құралғанда пайдалынылған барлық заттар (азоттан басқа) толығымен қайтадан топыраққа тыңайтқыштар түрінде артығымен қайтарылуы керек.”Бұл заңды бұзу, ерте ме кешпе топырақ құнарлылығының жоғалуына әкеліп соқтырады. Осы заңның нәтижесінде минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауттар салынды.
Тұқым алмастыру заңы бойынша «өзініңбиологиялықерекшеліктеріжәнеөсірутехнологиясыжағынаналшақтұрғандақылдардыжылсайын, немесебелгілібіруақытішіндеауыстырыпотыруарқылыалынатынөнімментопырақтыңқұнарлылығынарттыруғаболады».Осызаң негізінде егіншілікте ауыспалы егісжүйесі пайда болған.
Топырақ құнарлығының кеми беру “заңын” XVІІІ ғасырда француз экономисі А.Р.Ж.Тюрго шығарған болатын. Оның мәні мынада еді. “Өнім өндіруге сәйкес келмейтін еңбек пен шығынды көбейте бергенмен, әрбір қосымша өнімнің нәтижесі бірте-бірте кемиді, сондықтан жұмсалған шығынның ақталуы өте баяу болады, тіпті ақталмауы да мүмкін”.Осы аталған заңдарды егіншілікте қолдану өнімді молайтуға зор мүмкіншілік береді.
Қазақстан егіншілігінде аталған заңдарды пайдалана отырып өте жоғары рекордтары өнім алған дихандар бар.Мысалы, Шығанақ Берсиев (1881-1944ж) Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы Құрман ұжымшарында1943жылы тарының әр гектарынан 201 центнер өнім жинап әлемге атағы әйгілі болған.
Ыбрай Жахаев (1891-1981жж) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қызыл-Ту ұжымшарында күріштің әр гектарынан 171 центнер өнім жинап, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері мәртебесіне ие болған.
Бақылау сұрақтары:
1.Егіншілік заңдары жалпы түсінік
2.Өзара тепе-теңдігі заңы
3.Минимум,оптимум,максимум заңы
4.Қайтару заңы
Негізгі әдебиеттер:
1. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005
2. Жаңабаев Қ.Ш., егіншілік оқулық 2006
Қосымша әдебиеттер:
1. Жаңабаев Қ.Ш.,Саудабаев Т.С., Сейтов И.С., Өсімдік шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы, «Қайнар» 1994
6 – 7 Дәріс
Тақырып:Арамшөптер туралы түсінік және олардың ауылшаруашылығына келтіретін зияндылығы және агробиологиялық топтарға жіктеу.
Мақсаты: Қазақстан Республикасында кең тараған арамшөптер туралы мәліметтер беру
Міндеті: Студенттерді арамшөптермен күресті іс жүзінде нақтылы қолданып, оңтайлы нәтиже алуға үйрету
Кілт сөздер: арамшөптер, бейімделген арамшөптер, биологиялық ерекшеліктері.
Дәріс жоспар:
1.Арамшөптердің заңдылықтары мен зияндылық шектері
2.Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
3. Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу
Егістік жердерде өніп-өсіп, ауылшаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі.
Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі.
Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері (ені, ұзындығы) бірдей болып келеді. Сондықтан, ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды.
Арамшөптер топырақтың коректік заттарын ғана емес, сонымен бірге танапқа берілген минералдық тыңайтқыштардың 25-30пайызын пайдаланады.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады.Мысалы, қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса, ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді.
Кейбір арамшөптердің жемістері, тұқымдары улы болып, адамдарды және малдарды уландырады (қырықбуын, сарғалдақ, қара меңдуана, үйбидайық, кәдімгі қарамықша), ал жекелеген арамшөптердің жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді. Мысалы, ермен, жуа сүтке ащы, кермек дәм береді. Жусан жапырақтары ойран шөп тозаңдары адамдарда пішен қыздырмасын қоздырады.
Арамшөптер тамырынан бөлініп шығатын улы заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, итқонақ арамшөбінің тамырынан бөлініп шығатын улы зат жүгерінің биіктігін кемітесе, ал татар ақсүттігені тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін кемітеді. Ошаған, қарасұлы сияқты арамшөптер тікенектер, қылқандары, ілгіштері арқылы малдарға зақым келтіріп, олардан алынатын өнімдердің, әсіресе жүннің сапасын төмендетеді.
Арамшөптер басым болған алқапты бірнеше рет өңдеуге тура келеді, ол топырақтан үгітілуіне және ылғалдың жоғалуына әкеліп соғады. Жел эрозиясы қауіпі бар және жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін бұл өте зиян.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының өнімін күрт төмендетеді. Орыс агрономиясының классигі А.П.Костычевтың айтуынша арамшөптер алынатын өнімнің тең жартысын, қала берсе 30 пайызын төмендетеді екен.
Арамшөптердің ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін тигізетін зиянын анықтау үшін республиканың үш аймағында арнайы тәжірибе жүргізіліп төмендегідей нәтиже алынды (кесте 1)
Ауылшаруашылық дақылдарының түсіміне арамшөптердің тигізетін кері әсері
Кесте 1
Топырақ аймақтары
|
Дақыл аттары
|
Арамшөп саны, дана/м2
|
Түсім, ц/га
|
Бір өсімдіктегі көсек саны, дана
|
Қаратопырақты аймақ (Солтүстік Қазақстан облысы)
|
Жаздық бидай
|
8
60
190
|
14,0
5,5
2,9
|
-
-
-
|
Қарақоңыр топырақ аймақ (Батыс Қазақстан облысы)
|
Тары
|
0
4
9
|
20,0
12,0
5,8
|
-
-
-
|
Сұр топырақты аймақ (Оңтүстік Қазақстан облысы)
|
Мақта
|
5
45
90
|
-
-
-
|
17
8
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |