0,16
Шет елдерде Қазақстан азаматтарының құқықтарын бұзу
|
1
|
0,08
|
Кешірім жасау туралы өтініш
|
1
|
0,08
|
Мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы
|
1
|
0,08
|
Сайлану және сайлау құқығы
|
1
|
0,08
|
Мемлекеттік қызметке қол жеткізу құқығы
|
-
|
-
|
Жеке салымдар және жинақтар, хат алмасу, телефонмен сөйлесулер, почта және телеграф хабарламалары құпиялылығына құқықтар
|
-
|
-
|
Сөз бен шығармашылық бостандығы
|
-
|
-
|
Еркін жүру құқығы
|
-
|
-
|
Заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар
|
1
|
0,08
|
Түсетін өтініштердің біраз бөлігін құқық қорғау органдарының әрекетіне және әрекетсіздігіне қатысты шағымдар құрайды (22%). Тексеру процесі ҚР ІЖЖК қатаң реттелгеніне қарамастан, қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарын бұзу жиі кездеседі.
Хат авторларының басым көпшілігі, тергеудегі қамауға алынғандар болсын, бас бостандығынан айыруға сотталғандар болсын, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ҚР ҚК 24-бабын бұзатынын көрсетеді. Бұл бапқа сәйкес прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар істі жеткілікті дұрыс шешуге қажет және жеткілікті жағдайларды жан жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда қарастырылған барлық шараларды қолдануы қажет.
Ж. ақшалай қаражаттың ұрлануы бойынша тергеу жүргізу жөніндегі құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне шағымы осыған мысал ретінде келтіруге болады. Уәкілдің ҚР Бас прокуратурасына сұратуы бойынша осы істің мән жайын тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде қылмыстық тергеу органы тергеу жұмыстарын жүргізгенде істің мән жайын жан жақты, объективті зерттеуді қамтамасыз етпегені анықталды. Осыған байланысты қылмыстық іс Астана қаласы ІІД тергеу басқармасына тергеу жұмыстарын жүргізу үшін жіберілді. Сарыарқа ауданы ІІБ анықтау бөлімінің қызметкерлеріне қатысты тәртіптік іс қозғалды. Д. да хатының сипаты осындай (21.11.07 кіріс № 1146/02-1074(2)). Хатта өтініш беруші Қостанай ауданы ішкі істер органының оның ұлы Д. қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартуына келіспеушілік білдіреді. Бұл ретте, шағымданушы тергеу жұмыстарын жүргізу және ұлының қаза болуына әкеп соққан себепті анықтау мақсатында құзырлы мемлекеттік органдарға бірнеше рет жолданғанын көрсетеді. Бірақ Д. қаза табуы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу органдары бірнеше рет тоқтатқан. Есеп дайындау сәтінде хат бойынша іс жүргізілуде.
Шағымданушылар өздерінің хаттарында заңсыз тінту, тінту кезінде заттарды заңсыз тәркілеу, алдын ала тергеу кезінде сарсаңға салып немқұрайлық таныту фактілеріне жиі шағымданады.
Т. оның үйіне заңсыз кірген Шымкент қаласының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымы (25.05.07 кіріс № 495/02) осыған мысал ретінде келтіруге болады. Бұдан кейін, Т. айтуы бойынша ақша мен құжаттар жоғалған. Тексеру нәтижесінде құқықтардың бұзылуы анықталмады.
А. өзінің хатында (29.11.07 кіріс № 1098/02) тергеу бөлімшесінің қызметкері заттық дәлелдеме - өлтірілген қызының жолдас қызы жазған жазбашаны жоғалтқанына шағымданады, оны шағымданушы Талдықорған қаласының ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісіне жан жақты және объективті тергеу жұмыстары жүргізіледі деген үмітпен берген. Өтініш берушінің пікірінше, осы жазбаның мазмұны оның қызының өліміне кінәлі адамдардың жеке басын анықтау кезінде және оларға кінә тағуға маңызды және сөзсіз дәлелдеме болуы мүмкін. Есеп дайындау сәтінде хат бойынша іс жүргізілуде.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз және негізсіз күш қолдануына шағымдар үлкен топты құрайды.
Уәкіл атына Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Карағанды облыстық филиалының директорынан З. мүддесін білдірген хат келді (29.11.07 кіріс № 1102/02). Шағымның мазмұнынына келсек, З. Қарағанды облысы ІІД қызметкері Р. тергеу жұмыстарын жүргізудегі әрекетсіздігіне келіспейтінін білдіреді, ол шағымданушының айтуы бойынша, полиция майоры М. оған 2 топ мүгедектікке әкеп соққан дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді әдейі созып келеді. Есепті дайындау сәтінде хат бойынша іс жүргізілуде.
Өтініш берушілер тергеу жүргізу барысында азаптау фактілерін көрсететін шағымдардың саны жоғары болып қалады. Әдеттей, сот шешімімен келіспейтін, пенитенциарлық мекемеде ұсталатын адамдардың шағымдарының 1/3 бөлігі сотқа дейінгі тергеу сатысында дене және психикалық зорлық жасау туралы ақпаратты қамтиды. Көбінесе азаптаулар ұсталған адамға немесе оның жақындарына қатысты күш қолданылып психикалық қысым жасаумен, өрескелдікпен, қорлаумен, қорқытумен бірге пайдаланылады. Күш қолдану және психикалық әсер ету фактілерін дәлелдеу өте киын.
С. хаты (29.11.07 кіріс № 1102/02) осындай сипатта, ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасының УК-161/1 мекемесінде қамауда ұсталады. Өз хатында шағымданушы Рудный қаласы ҚІБ мен КПБ полиция қызметкерлері тарапынан тергеу барысында оған қатысты психологиялық қысым көрсетілді, оның нәтижесінде ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша заңсыз айып тағылғанын айтады. Осы шағым бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ҚР Бас прокуратурасына сауал жіберді. Тексеру нәтижесі бойынша шағымданушының дәлелдемелері объективті түрде расталмады.
Сотқа дейінгі тергеу сатысында дене және психикалық зорлық туралы ақпарат М. (06.11.06 кіріс № 1087/02), С. (12.12.06 кіріс № 1258/02), П. (26.12.06 кіріс № 1317/02), Ж. (26.01.07 кіріс № 73/02), С. (02.02.07 кіріс № 883/02-109(3) және басқалардың хаттарында бар.
Осы санаттағы хаттарды талдау ахуалдың нашар екені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Азаптауды тексерудің тәуелсіз тетіктерінің жоқтығы осындай жағдайдағы себептердің бірі болады.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері жасайтын азаптаулар мен басқа да қылмыстарға қарсы тиімді күрес жүргізу құқық қорғау органдарының беделін көтеруде, оларға қоғамның сенімін қайтару үшін қажетті құрал болып табылады.
Азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері Уәкіл қызметінің басым бағыттарының бірі болып сақталады.
Олардың ішінде ең көп арыздар тұрғын үй мәселелері бойынша (14,8%), олар: мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу, тұрғын үйді иесіз ретінде коммуналдық меншікке беру туралы шешіммен, тұрғын үй мәселелері бойынша сот шешімдерімен келіспеу.
Тұрғын үйдің болуы адамның қоғамда тиісті күн көру жағдайының бірі болады. Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы және Халықаралық экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы пакт әр адамның өзінің және оның отбасының денсаулығы мен күн көріс деңгейін, тамақты, киімді, үйін қоса алғанда, ұстап тұруға және күн көріс жағдайын үнемі жақсартуға қажетті өмір деңгейіне құқығы бар деген норманы қамтиды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстанда азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін жағдай жасалуда. Заңда көрсетілген тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санаттарына қол жетімді бағамен заңда белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беріледі. Әркімнің халықаралық құқықтық актілер негізінде бекітілген тұрғын үйге конституциялық құқықтары азаматтардың үйге қажеттілік мәселесін шешу үшін үй салуға немесе сатып алуға белсенді істерін көздейді. Бірақ табысы аз адамдар ипотеканы пайдалана алмайды, азаматтардың көпшілігі үшін несие беру шарттары қолайлы емес. Одан басқа, азаматтар құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт жасаған кезде, өкінішке орай, пәтер алатынына сенімді бола алмайды.
Ипотека бойынша немесе мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға қаражаты жоқ көптеген шағымданушылар комиссиялардың қабылдаған теріс шешімдерімен келіспейді.
Осылайша, Уәкілдің атына Қ. хат келіп түсті (05.03.07 кіріс № 212/03), онда өтініш беруші мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған пәтерлерді бөлу комиссиясының пәтер беруден бас тарту туралы шешіміне келіспеушілік білдіреді. Шағымның мазмұны мен қоса берілген материалдарға келгенде, өтініш беруші Алматы қаласының соттарына жүгінген, олар тұрғын үй бөлу комиссиясының шешімін орынды деп таныған.
Осыған байланысты өтінішті Уәкіл мекемесі өндіріске қабылдамады.
Осындай жағдайларда тұрғын үй мәселесін жергілікті және республикалық бағдарламалар аясында шешу тұрғын үй құқығын іске асырудың аса маңызды құралы болады. Мәселе, бәрінен бұрын, азаматтардың жекелеген санаттарына тегін үй беру, сондай ақ үй алуға арнайы жәрдемақылар беруде.
Халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарының мемлекеттік тұрғын үй қорынан меншікке үй алғанға дейін уақытша тұрғын алаңдарында тұру мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты әлеуметтік үйлерді салу мәселесі өзекті болып отыр, олар мемлекеттік меншігінде бола тұра халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарының уақытша тұратын жері болар еді.
Кейде өтініш берушілер тұрғын үй заңнамасы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй бөлу жергілікті атқарушы органдардың құзырында екенін ескермейді. Бұл ретте кейбір қоғамдық ұйымдар да осындай қорытындылар жасайды, олар Уәкілге кейбір азаматтарға үй алуға көмек көрсету немесе өздерінің ойынша, заңсыз деген сот шешімдеріне әсер етуді сұрайды.
Мысалы Уәкілдің атына Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директорынан Жамбыл облысы Мерке ауылының тұрғындары Б., Н., П., Ш., Т., Н. мүддесін білдірген хат келді (29.01.07 кіріс № 96/03). Осы азаматтар сот шешімімен үйден шығарылған, хаттың авторы осы шешіммен келіспейтінін білдіреді.
Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі комиссияның директорының хатынан «Нұрлан» АҚ Мерке ауылының аталған тұрғындарының үйлеріне меншік құқығын тұрғындарға айтпастан «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Мерке филиалында тіркеп алған.
Сонымен бірге, хат мәселесі бойынша сот шешімі қабылданғандықтан, өтініш берушілерге прокуратура органдарына жүгіну, сондай-ақ даулы мәселені сотқа өздері дербес шағымдану ұсынылды.
Ш. (10.08.07 кіріс № 767/03), Державин қаласы тұрғындарының (03.08.07 кіріс № 747/03), С. (07.08.07 кіріс № 277/03-758 (2) өтініштері де осындай сипатқа ие.
Уәкілге Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға жәрдемдесуді өтінген көп балалы ана А. (25.09.07 кіріс № 902/03) жүгінді. Бұл орайда өтініш беруші хатында тұрғын үй алуға кезекте тұрғанын, бірақ отбасының материалдық жағдайының ауырлығынан ақшасы таусылып, үйсіз қалу қаупі барын хабарлады. Осы өтініш бойынша Қызылорда облысының әкімдігіне сауал жіберілді. Олардан өтініш берушіге кезек тәртібімен тұрғын үй берілуі мүмкіндігі туралы хабар келді.
Дегенмен, әкімдіктің өтініш берушіні тұрғын үй-жайға уақытша орналастыру туралы мәселені қарауға мүмкіндігі бар, өйткені өтініш беруші оларға жүгінген сәтте бірден үйді меншігіне беруді сұраған жоқ. Ол тұрақты тұрғын үй алғанға дейін уақытта тұруға жәрдемдесуді өтінді.
Аулаларында тұрғын үйлердің немесе офис ғимараттарының құрылысы жүріп жатқан үйлердегі тұрғындардан қатты шу, шаң мен батпақ жағдайында тұруға мәжбүр екендігіне байланысты шағымданған ұжымдық өтініштер көп келуде. Салынып жатқан объектілер тұрғындардың демалатын орындарында салынып, олардың балаларымен қыдыруына орындар мен балалар алаңқайын қалдырмайды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына И. (06.02.07 кіріс № 119/03) хат келді. Үйіне жақын алаңқайдағы жарылыс жұмыстарының нәтижесінде оның үйіне зақым келіп, яғни сызаттар түсті деп есептейді. ҚР Бас прокуратурасы мен Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ақпаратына сәйкес хат иесіне жүргізілген жарылыс жұмыстары мен көпқабатты тұрғын үйдің жанындағы құрылыс жұмыстарының заңдылығы мен негізділігі туралы түсінік берілді. Дегенмен, Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ақпараты бойынша салынып жатқан объектіде шу деңгейінің жоғары болғаны анықталып, «Ю.» ЖШС-ға санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы заңнаманың талаптарын бұзушылықты жою туралы санитарлық ұйғарым берілді.
Үйлерінің жанында басқа объектінің құрылысы жүргізілетіндіктеріне келіспейтіндіктерін білдірген Теміртау қаласы тұрғындарының (17.07.07 кіріс № 687) ұжымдық өтініштері осындай сипатқа ие. Тексеру нәтижесінде заңнаманың нормаларын бұзушылық анықталған жоқ.
Республиканың қалыптасу кезеңінде халықтың тұрақты тұратын жерлерінің ағылып кетуіне және ауылдық әрі қалалық елді мекендерде көптеген үйлер иелерінсіз қалуына байланысты, жергілікті әкімшілік басшылары халықты тығыз орналастыру шараларын қабылдады. Тұрғындар жинақылықты қамтамасыз ету және жылыту шығындары мен коммуналдық қызметтерге ақының азаюы үшін бос тұрған үйлерге көшті.
Алыстағы қалалар мен кенттерде бірнеше жылдар бойы (5-8 жыл) иесіз қалған тұрғын үйлер ашық болып отыр. Өйткені қазіргі кезде бұрынғы үй иелері қайтып оралып, бос тұрған үйлерге кірген, оған жөндеу жұмыстарын жүргізген әрі оларды босатуға мәжбүр болған адамдардың жағдайы жыларман күйде. Мұның барлығы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бос тұрған үйлер мен тұрғын үйлерді анықтап, есепке қою шараларын қабылдамауына байланысты болып отыр. Осындай бірнеше шағымдар Солтүстік Қазақстан облысы Володар селолық округінен келіп түсті.
Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Б. (26.01.07 кіріс № 79/03) тұрғын үй құқықтарын бұзғанына шағымданған хат келді. Арыз иесі ұсынған ақпаратта 1999 жылы Володар селолық округі әкімінің шешімімен пәтер ұстаушыларды жинақтау жүргізіліп, арыз иесі өзінің меншік құығындағы тұрғын үйден басқа тұрғын үйге көшірілгендігі келтірілген. Қазіргі кезде кейбір тұрғын үйлердің меншік иелері келіп, қолдарындағы құқық белгілейтін құжаттарымен олардың үйіне орналасқандарды талап арызбен сотқа берген немесе сатқан, ал село әкімі көшірген тұрғындар олардан шығуға мәжбүр.
Арыздың авторы оқиғаның Володар селолық округі әкімінің заңсыз іс-әрекетінің және село әкімінің заңсыз шешімдерінің күшін жоюға шешім қабылдамаған аудандық әкімдіктің әрекетсіздігінің нәтижесінде туындағанын жазады, яғни «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес оның тұрғын үйді бөлуге құқығы жоқ.
Ең соңында Саумалкөл ауылының тұрғындары баспанасыз қалды. Оларға меншік құқығымен тиесілі тұрғын үй күтілмегендіктен, бұзылған әрі тұруға жарамсыз. Ересектерден басқа, олардың балалары да қиналуда.
Б. (27.11.07 кіріс № 1088/03), Б. (0.11.07 кіріс № 1019/03), З. (08.08.07 кіріс № 761/03) хаттары да осындай сипатта.
Бұрынғысыша арыз иелері Адам құқықтары жөніндегі уәкілді пәтер бөлу кезінде басқа мемлекеттік органның шешім қабылдау процесіне әсере ете алады деп есептейтіндіктерінен, Уәкілді жергілікті атқарушы органдарына күшпен қысым жасау құралы ретінде пайдалануға тырысуда.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға жәрдемдесуді өтінген А. (22.12.07 кіріс № 1289/03) Уәкілге жүгінді. Бұл ретте өтініш иесі Атырау облысы әкімдігінің оны тұрғын үй алуға кезекке қоюдан бас тартқанын хабарлайды. Әкімдігін ұсынған ақпараттан өтініш иесінің жұмыс орны бойынша ауруханада тұрғын үй алу кезегінде тұрғаны жазылған.
Бюджеттік саладағы қызметкерлерге тұрғын үйді әкімдік бөледі және пәтерлер бөлу үшін мемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестірумен айналысатын Департаментерге жіберіледі. Осыған байланысты, әлеуметтік тұрғын үйді Денсаулық сақтау департаментіне берген кезде ол тізім бойынша бөлінеді, онда өтініш беруші 5 нөмірмен қатысып отырады.
Басқа адамдардың алаяқтық іс-әрекетінің нәтижесінде өзінің үйінен айрылған азаматтардың өтініші бойынша істерді қарауды және тергеу жүргізуді құқық қорғау органдары созып жіберген кезде, олардың істің өтініш берушінің мүддесіне емес басқа тараптардың пайдасына шешілуіне мүдделі деген күдік туады.
Сонымен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Алматы қаласының тұрғыны С. (14.02.07 кіріс № 151/03) өтініші келіп түсті, қазіргі уақытта тұрақты тұратын жері жоқ.
Өтінішіне қарағанда оның меншік құқығына жататын тұрғын үй жасанды құжаттың негізінде Н. сатылып кеткен. Өтініш беруші бұл уақытта шетелде жұмыста болған, ол үйін сату туралы ойламаған, заңсыз мәмілеге қарсы тұру мүмкіндігі болмаған.
Өтініш берушінің айтуынша, Алматы қаласының ІІД қызметкерлері алаяқтық фактісі бойынша іс жүргізуді созып келеді және тергеу жүргізудің толық және объективті болуын қамтамасыз еткізгісі келмейді. Н. және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде пәтерді тыйым салудан шығарған өтініш беруші өзінің жеке заттарынан және жиһазынан айрылып қалған, пәтер қазір сатуға қойылған.
Құқық қорғау органдарының айтуынша пәтер өтініш берушінің баласының жазбаша сенімхатының негізінде сатылған.
Осы санаттағы өтініштерге жүргізілген талдаулардың нәтижесі тұрғын үйлерін жақсартуды қажет ететін азаматтарды, мемлекеттік тарапынан мемлекеттік қолдау мәселесі оған бас назар аударуды қажет ететінін көрсетіп отыр. Тұрғын үйге кезекке тұрудың көбейіп кетуі мәселесін шешетін тиімді шаралар қабылдау қажет.
Ипотекалық несиелендірудің қатысушы азаматтарын санын арттыру мақсатында жекелеген азаматтарды несие алу үшін бастапқы жарнасын және/немесе пайыздық ставкасын төлеу сияқты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны әзірлеу жөнінде мәселені қарастыруды ұсынамыз.
Тұрғын үйлерін жақсартуды қажет ететін азаматтарды мемлекеттік қолдау аз қамтылған отбасыларын үй сатып алуға субсидиялар беру арқылы арттыру; бала туған (бала асырап алған) жағдайларда үй сатып алуға немесе үй салуға кететін шығындардың бір бөлігін өтеу арқылы; жеке тұрғын үй салуға құрылыс материалын (бірінші кезекте ауылдық жерлерде) бөлу арқылы; аз қамтылған отбасыларына жалға алу шарты бойынша тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жай беру арқылы мүмкін болмақ.
Жергілікті атқарушы органдарда әкімшілік ету мәселелері өтініш берушілер жағынан жиі даулар туғызатын мәселелердің бірі болып отыр (11,2%). Әкімшілік етудің тиісінше ұйымдастырылмауы еліміздің барлық облыстарына тән нәрсе және шағымдар нақты бір облыс әкімдеріне де және барлық деңгейдегі аппарат әкімдеріне, әкімдіктерге келіп түсіп жатыр.
Азаматтардың өз құқықтарын іске асыруға ықпал ету оны қорғау туралы өтініштеріне жергілікті атқарушы органдар селқос қарайтын жағдайлар жиі кездеседі. Көп жағдайларда өтініш берушілер өздерінің жергілікті атқарушы органдардың басшыларына кіру құқықтарын да іске асыра алмайды.
Осындай фактілердің бірі Қызылорда облысы әкімінің қабылдауына кіре алмайтынын өз өтінішінде (25.09.07 шығ. № 659/05-870) А. айтқан. Осы өтініш бойынша әкімнің аппаратына сауал жіберілді, содан кейін ғана өтініш берушіге қабылдау күнін тағайындаған.
Өтініш берушілердің негізгі проблемаларының бірі жер мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың лауазымды қызметкерлерімен өзара іс-әрекеті кезінде көтеріледі. Үйлерді бұзу кезінде, жер учаскелерін мемлекеттік қажеттілікке алып қою кезінде көп жағдайларда халықтардың арасында наразылық туғызуды оның бір себебі әкімдіктер берген өтемақы тұрғындардың көңілінен шықпай Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүгінуіне тура келіп жатады.
Осындай мысалдардың бірі, М. өтініші (27.11.07 кіріс № 1092/13), онда «Т.» бау-бақша серіктестігі орналасқан жерді мемлекетік қажеттілікке алып қойған кездегі берген өтемақысымен келіспейтінін айтады. Өтініш беруші өзінің арызында «Астана қаласының тұрғын үй департаменті» мемлекеттік мекемесі мен оның құрылымдық бөлімшесі «Пәтер бюросы» АҚ жер учаскелерін алған кезде ең аз өтемақы ұсынады екен, ал «Пәтер бюросы» АҚ әзірлеген жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есепте базалық есептеулер қолданады екен.
Уәкілетті органға Ш. (14.08.07 кіріс № 789/03) ұзақ уақыттар бойы тұрған үйін жария ету кезінде жария ету комиссиялары оны заңдастырып беруден бас тар қаны туралы өтініш берген. Өтініш өзінің тиесілігі бойынша қарау үшін Әділет министрлігіне жіберілді. Жария етілген жер учаскесін коммерциялық құрылысқа пайдалануға берген әкімдіктің қызметкерлеріне шағым жасаған Ж. өтініші (13.08.07 кіріс № 780/03) келіп түсті.
Саяжай учаскелерін тіркеуден өткізуге және Жылжымайтын мүлік орталығының қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағыммен К. отбасы өтініш (10.07.07 кіріс № 650/03) жіберген.
Жалпы шағымдарда негізінен кенттің әлеуметтік үйлерінің заңсыз сатылуы, мүлікті заңдастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кентті жаңарту туралы шаралар қабылдау, елді мекендерді коммуналдық жайлылықтармен қамтамасыз ету сияқты мәселелер көтерілген.
Осындай шағымдарға Уәкілдің атына келген Р. өтініші және Ақмола облысы Есіл ауданының Красногор елді мекенінің басқа да тұрғындарының өтініштері (03.05.07 кіріс № 431/03) мысал бола алады. Өтініш берушілер өздерінің өтінішінде елді-мекендерінде бұдан әрі тұра беруге көмек көрсету туралы ұсыныстарды қарау, жұмыссыздықты жою туралы комиссияға ұсыныстар түсіп жатады.
Әкімдіктер ПИК-тің жұмысына бақылау жүргізбейтіні туралы да шағымдар көптеп келіп жатады.
Құқықтардың бұзылуының ең кең тараған себептерінің бірі - атқарушылардың азаматтардың проблемаларына селқос қарауы болып табылады, көп жағдайларда лауазымды адамдардың өздерінің негізгі міндеттері - конституциялық құқықтар мен бостандықтарының сақталуына жеткіліксіз кәсіби қарым-қатынас жасайтыны айтылған. Мамандардың заңдарды нашар білетіндіктен, өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісті түрде атқара алмайтыны, кейбір жағдайларда қасақана әрі тікелей орындамайтындығын тілге тиек еткен. Кедей тұратын көптеген билік органдарына әлеуметтік қолдау үшін жүгініп келген азаматтар заң талаптарының селқос орындаған немесе өрескел қарайтын жағдайларға тап болған. Олар мұндай қарым-қатынасты өздерінің адамдық қадір-қасиеттерін жерге таптау деп қабылдайды.
Көптеген жағдайларда лауазымды тұлғалар, мамандар өтініш берушіге дербес (өзінің құзыретінің шегінде) көмек көрсете алатын жағдайда да ол мәселені шешудің басқа жолдарын қарастырмайды. Ол азаматтардың өкіметке сенімін жоғалтуға ықпалын тигізеді. Осындай теріс фактілерге лауазымды тұлғалар өз жағынан дұрыс баға бере бермейді.
Айтылғандарды ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтау мәселесіне көп назар аударулары қажет, тұрғындардың қажеттілігіне көңіл бөле қараулары және өтініш берушілермен байланыс жасаудан бас тартпауы тиіс. Осындай шаралар халықтардың мәселелерін шұғыл түрде шешуге, сондай-ақ халық арасында биліктің беделінің артуына ықпал ететін болады.
Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері еліміздің тұрғындарының ең өзекті мәселесі (4,6%) болып табылады. Алайда, халық арасында негізінен жасы келген адамдардан көп шағым түседі.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Е. өтініші (20.03.07 кіріс № 267/03) келіп түсті, онда әлеуметтік қорғау органдарының оған екі бірдей қатарынан зейнетақы төлеу, оны қарттар үйіне орналастыру, оны тегін санаторияға курортты емдеуге жіберуден бас тартуына келіспейтіні туралы жазады. Сонда жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша әлеуметтік қорғау органының қызметкерлері барлық іс-әрекетті қолданыстағы заңның шеңберінде жасағаны анықталды. Мысалы, өтініш берушіге тек зейнетақының бір түрі ғана, бірақ ең көп мөлшері төленеді, қарттар үйіне қабылданбаған себебі, оның үлкен балалары бар, тегін курорттық ем алу және тек І топтағы мүгедектер мен ҰОС ардагерлеріне ғана беріледі.
Уәкілеге Б. жүгінген (21.03.07 кіріс № 271/03) ҚР азаматтығын алғанына қарамастан жеңілдіктер беруді сұрайды, ол заңнама бойынша тек оралмандарға ғана беріледі. Ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алғанына қарамастан ол балаларының есейіп өсуіне байланысты және оларға да керек деп қайтадан үй беруді талап еткен. Сондай ақ өтініш беруші өзінің көп балалы ана екендігін ескеріп, жеңілдіктер мен ақша төлемдерін алуға көмек көрсетуді сұрайды.
Осыған байланысты, өтініш берушіге түсінік берілді, 2004 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына азаматтық алған оралмандарға тұрғын үй алуға жеңілдіктер жасау, төлемақылар төлеу туралы норманы алып тастайтын өзгеріс енгізілген болатын, осыған байланысты оралманға тұрғын үй сатып алуға қаражат берілмейді, үй де бөлінбейді. Сонымен қатар өтініш берушіге және оның отбасына тұрғын үй немесе жер учаскесін бөлу, әлеуметтік мемлекеттік өтемақы төлеу мәселесімен, ай сайын он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік өтемақы алу және мемлекеттік әлеуметтік көмек алу туралы өтінішпен әкімдікке бару керектігі ұсынылды. Ақмола облысының әкімдігіне өтініш иесіне көмек көрсету туралы тағы да хат жіберілді.
Осы факті кейбір өтініш иелерінің масылдық сыңай танытатынын және мемлекеттен заңда көзделмеген игіліктерді талап ететінін көрсетті.
Сондай ақ өндірісте зардап шеккен отбасыларының мүшелеріне өтемақы төлемейтін кәсіпорындарға шағым жасаған шағымдар да кездеседі. Оған П. (22.12.06 кіріс № 1286/03) өтініші мысал бола алды, Ақтөбе темір балқыту зауытының әкімшілігі оның күйеуінің өндірісте қайтыс болуына және моралдық зиян келтіргеніне байланысты өтемақыны төлеуден бас тартып отыр деп есептейді. Бұл өтініш тиесілігі бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді.
Көп жағдайларда өз өтініштерінде адамдар мемлекеттік бюджеттен ақшалай көмек көрсетуді сұрайды.
Сөйтіп, Адам құқықтарыы жөніндегі уәкілге В. (02.07.07 кіріс №. 743/03) «тылда болу» жәрдемақысын алуға көмек беру туралы өтініші келіп түсті. Өтініш тиісінше Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданды.
Алайда, адамдар жәрдемақы алуға құқықтары бола тұра, орталық немесе жергілікті басқару органдарының кінәсінен ала алмайтын жағдайлар кездеседі.
Уәкілге Р. деген азамат жауынгер-интернационалист ретінде ауған соғысына қатысқандарға жеңілдік бойынша теңестірілген адамға арналған арнайы жәрдемақы алуға көмек сұрап (10.07.07 кіріс № 654/03) өтініш жасаған. Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдаған сауалының нәтижесінде, өтінушінің құқықтарына ие болды және оған соғысқа қатысқандарға жеңілдік арналған бойынша теңестірілген адамға арналған арнайы жәрдемақы тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы қоғамда белгілі бір толқыныс тудырды.
Сөйтіп, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге 2008 жылдың қаңтарында 85 жасқа тойлайын деп отырған Н. (21.11.07 кіріс № 1077/03) өтініші келіп түсті. Ол № 2 тізім бойынша зейнеткерлер тізімімен алатын дотацияны келесі жылдан бастап төленетін болғандықтан ала алмайды. Осыған байланысты өтініш беруші өзінің, көп жыл бойы ауыр жұмыс істеп енді № 2 тізімінде бола тұра, зейнетақыны қосымша ақысыз алатын болатынына наразы.
Осы өтініш бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сауал жолдадық, оған жауап Есеп беру кезіне дейін алынған жоқ болатын. Өтініш бақылауда тұр.
Б. деген азаматша (05.11.07 кіріс № 1029/03) өтінішінде өзінің Семей облысында көп жыл тұрғанына қарамастан оған экологиялық жәрдемақы төленбеуіне наразылық білдіреді. Өтініш иесінің айтуы бойынша оған арнайы жасақталған комиссияның шешімі бойынша зейнетақы тағайындаудан бас тартылған, бірақ ол комиссия оның денесінде иондық сәуле шашудан жұққан аурудың болуын анықтамаған.
Алайда, Б. пікірі бойынша, өтемақы беруден бас тарту заңсыз, өйткені 2004 жылға дейін мұндай сырқаты бар адамдар осындай жәрдемақы алуға құқығы болатын және қазір де алып отыр.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ведомствоаралық сұрыптау орталығының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 3 хаттамасына сәйкес, оған сырқатының жалпы сырқат екені, иондық сәуле шашудан жұққан ауруға жатпайтындығы айтылған.
Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2007 жылғы 17 қыркүйектегі шешімімен жоғарыда аталған хаттама қорытындысы жарамсыз деп саналып, ол қанағаттандырылған жоқ. Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы Астана қаласы Алматы ауданының аудандық сотының 2007 жылғы 15 қарашадағы шешімін өзгеріссіз қалдыруға қаулы етеді, өтінушінің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
Жерге деген сұраныстың артқан кезеңінде және оның бағасының қымбаттауы кезінде жерге деген құқықтардың бұзылуы туралы шағымдар (4,6%) көбейген.
Көп жағдайларда адамдар бұрын өздеріне жатпаған тиесілі емес жерді беруден бас тартқан жергілікті органдарының лауазымды адамдарының шешімдерімен келіспеуде.
Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге екінші топтағы мүгедек З. (05.12.06 кіріс № 1193/03) өтініш келіп түскен, онда ол оның үйінің жанындағы жерді сатқан Алматы қаласы әкімдігі қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымданады. Дау тудырған жер учаскесін олар заңсыз қоршауға алған, сөйтіп оны жария етуді жасатқызбай қойған, өтініш иесі ол туралы әкімдіктен 2003 жылдан бері бірнеше рет сұраған. Алматы қаласының Жер қатынастары жөніндегі басқармасының ақпараты бойынша, өтініш иесінің үй жанындағы учаскені кеңейту туралы сұранысы басқармаға 2006 жылдың 30 қарашасында түскен. Бұл кезде, аталған учаске «И.» ЖШС-ға сатып алу-сату келісім шарты бойынша 2006 жылғы 7 қарашада сатылып кеткен.
Осыған байланысты, Жер комиссиясы отырысында үй жанындағы жерді кеңейту туралы өтінішті қарау кезінде өтініш иесінің сұранысы қанағаттандырылмаған.
Мүгедек болып қалған өтініш иесі З. (18.07.07 кіріс № 1135/03-682) оған гараж салу үшін сұраған жерін бермеген Алматы қаласы әкімдігі қызметкерлерінің әрекетіне шағымданады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру туралы» Заңында автогаражға арналған жер бөлу қарастырылмаған. Жерді бөлу қолданыстағы жер заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 167-бабына сәйкес, жер құқықтары жөніндегі даулар сот тәртібімен қаралады. Осыған байланысты өтінішті Адам құқықтары жөніндегі орталық өз өндірісіне қабылдамады.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік қажеттілікке алынатын жер учаскелерін бағалау өхекті мәселе болып тұр.
Сөйтіп, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа Г. деген азамат (10.01.07 кіріс № 31/03) өтініші келіп түскен, онда ол әкімшіліктің жер учаскесін алып қою туралы және келісімге келе алмау туралы шешімімен келіспейтіндігін хабарлайды.
Осы сипаттағы О. өтініші (26.12.07 кіріс № 1314/03) мұнда алынған учаске үшін анықталған сома бойынша өтемақы бойынша сот шешіміне келіспеу туралы хабарламасы.
Өтініште өтініш иелері жер учаскелерін мемлекет қажеттілігі үшін сатып алуға ұсынып отырған бағаға қанағаттанғысыз екендігі көрінуде.
Жер қатынастарының ерекшелігін ескере отырып наразылық білдірген субъектілер жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
М. Гаджиханованың мүддесіндегі С. өтінішінде (30.11.07 кіріс № 1181/03) Ақтау қаласының әкімдігінің өтініш иесіне жататын жер учаскесін басқа тұлғаға жеке меншікке заңсыз беру фактісін хабарлайды.
Бұл ретте өтініш берушілер жер учаскесіне арналған құқықтарды біраз жылдар өткеннен кейін еске салып отырғандығын айта кету керек. Осылайша өтініш беруші Г. (26.12.06 кіріс № 1311/03) жер учаскесіне өз құқығын қорғау жөнінде бірнеше жылдар бойы ешқандай шара қолданбаған, оның көршісі мұның көзінше оған тиесілі аумақты қоршап оны өз жеке меншігіне ресімдеп алған.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Көктерек кентінің тұрғыны У. (08.01.07 кіріс № 18/03) өтініші ерекше. Өтініш беруші өз өтінішінде Көктерек кентінің тұрғындарына шекараны белгілеу кезінде жылжымайтын мүлікті – үйлерді және жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен айырғандығы үшін өтемақы төлеуге жәрдемдесуді сұрайды. Қажеттілігі бойынша шағым ҚР Бас прокуратурасына жіберілді.
Алматы облысы Өтеген батыр кентінің тұрғыны Ж. (08.01.07 кіріс № 18/03) Іле ауданы әкімдігінің оның жер учаскесіне меншік құқығын бұзығандығы жөнінде шағымданған. Өтініш беруші өз өтінішінде ҚР заңнамасына сәйкес ресімделетін құқықтар, жылжымайтын мүлікті жариялауды жүргізу кезінде комиссияның шешімі орындалмағанына шағымданады. Сондай-ақ Ж. «Х.» ЖШС, жерге құқық беретін Іле ауданы әкімдігі қызметкерлерінің әрекетіне келіспейтіндігін айтқан. Мұнан соң, оның жерге құқық мәселесі шешілгеннен кейін, ол Іле ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөліміндежер пайдалану құқығына мемлекеттік акт ала алмаған. Бөлім қызметкерлері актіні бермеу себебі негізсіз.
Іле ауданы прокуратурасының мүлкін жариялауға арналған құжаттарын ресімдеу бойынша Іле ауданының әкімдігі қызметкерлерінің тиісінше жұмыс мәселесі бойынша заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныс енгізілген болатын.
Өтінішке Алматы облысына уәкілдің келуі туралы анықтама енгізілді, мысалы облыс тұрғындары мен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері арасында теріс өзара байланыстар.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Жамбыл облысы Жалпақ төбе кентінің қарт тұрғындары Ш. пен Ш. мүдделеріндегі Қырғыз Республикасы омбудсменнен өтініш (01.01.07 кіріс №. 920/03) келіп түсті.
Өтініштің мазмұны, 1980 жылдан бастап «Октябрский» колхозы жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін өтініш иесіне 0,1530 га мөлшерінде жер учаскесін бөлген, олар мұны 2007 жылдың сәуіріне дейін пайдаланған. Сол кезде 2007 жылғы 21 маусымнан уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына арналған актімен, Ш. жер учаскесіне арналған актіні 49 жылға дейін жалға алуға құқылы.
Облыстың құзырлы мемелкеттік органдарының өкілдерінен тұратын комиссия, құрамында: Жамбыл облыстық Жер ресурстарын басқару жөніндегі Бастығының орынбасары У., Полатощекинский селолық учаскесі әкімі И., «Ю.» ПК бас агрономы А. және өтініш иесі Ш. бар. Жергілікті орынға шағымда көрсетілген фактіні тексеру жүргізілген болатын.
Жер учаскесін қарау және картамен тексеріп көру барысында Ш. 22.06.07 № 3740 мемлекеттік акт негізіндегі 49 жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы, 0,1530 га мөлшеріндегі жер учаскесі Жамбыл ауданы Жалпақ төбе селосы Сүлейменов көшесінде басқа массивте орналасқан.
Қазіргі уақытта Ш. «Ю.» ПК-мен бейбіт келісімге келді және жер учаскесі бойынша шағымы жоқ.
Жер құқығы аса маңызды, әсіресе азаматтардың экономикалық көрсеткіштерінің бірден-бір көрінісі. Бірақ оларды жалпы қоғамда экономикалық әлеуетті жеңілдету үшін, яғни әлеуметтік сипаттағы мәселелерді кеңінен шешу үшін қажетті регламентациялау барынша төмен.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың азаматтармен жер құқықтарын іске асыру мәселелеріндегі өзара іс-қимыл сапасын көтеру мәселесі орын алуда.
Азаматтардың еңбек құқығын бұзу туралы саласындағы қабылданған маңызды шараларға қарамастан, азаматтардың еңбек құқығын бұзу туралы өтініштері бұрынғысынша барынша жиі шағымданатын мәселелердің (4,5%) санатына кіреді.
2003 жылы осындай 47 өтініш келіп түсті, 2004 – 78, 2005 – 98, 2006 – 71. Есептік кезеңнің ішінде 58 өтініш қаралған, оның ішінде: 19-ы жалақыны уақтылы төлемеу мәселелері, 32-сі еңбек шарттарын жасау, жұмыстан шығуға келіспеу мәселелері, 7-і - еңбек құқықтарының басқа да бұзушылықтарға қатысты .
Еңбек құқықтарын бұзудың негізгі себептері - қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтық сауатының төмен деңгейде болуы, еңбек заңнамасын сақтай отырып, мемлекеттік еңбек инспекциясының бақылау жұмысының жеткіліксіздігі.
Зейнет жасына жетпеген егде еңбек болып табылатын еңбек құқық қатынастары саласындағы осал топтарымен, әсіресе олар жұмысқа тұру және өз жұмыс орнын сақтау кезінде проблемалармен бетпе-бет келеді, олар штаттың қысқартылуы кезінде жұмыстан шығып қалуға тәуекел етеді. Жұмыс берушілер тарапынан әсер етудің қысым, қудалау, қысқартуға түсіріп қорқыту және т.б. секілді шаралары қолданылады. Жұмыстан кету туралы өтінішке қинап қол қойғызу фактісін куәландыру қиын, себебі жұмысшы жұмыс берушінің әрекетінен қорғансыз болып қалады.
Зейнет алдындағы немесе зейнет жасындағы жұмысшының жұмыстан шығу фактілері туралы Я., С. (26.12.06 № 1309/03), С. (19.03.07№1309/03), Г. (30.10.07 № 998/03), К. (26.12.06 № 1017/03) өтініштері осының дәлелі.
Есептік кезеңде келіп түскен өтініштерге талдай келе, жеке кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек құқықтары бұзушылықтарының жалғасу үрдістері туралы куәландырады, мұнда жалақыны уақтылы төлемеу фактілері, жұмыс уақытының нормадан тыс ұзақтығын белгілеу, демалыс және мереке күндері үшін тиісті төлем төленбеу фактілері кездеседі.
Еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою мақсатында Уәкіл кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына тиісті мемлекеттік органдарға сауалдар жіберді.
Осылайша, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Астана қаласы құрылыс бригадасының ұжымдық өтініші (14.04.07 кіріс № 348/03) келіп түсті, онда әртүрлі құрылыс объектілерінде жасаған жұмысы үшін жеке кәсіпкер А. есеп-қисап жүргізбеген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қалалық департаментіне сұрау жіберілген болатын. Жоғарыда аталған мемлекеттік орган Астана қаласындағы мемлекеттік еңбек инспекциясын жоспардан тыс тексеру жүргізетіндігі туралы ақпарат берген.
Тексеру барысында «А.» ЖК жұмыскерлер алдында жалақы бойынша берешек болғандығы анықталған. Оған жалақы бойынша берешектерді төлеу жөнінде нұсқау берілген.
Жіберілген бұзушылықатр үшін «А.» ЖК әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Д. өтініші (04.09.07 кіріс № 850/03) бойынша автор жалақы төлемегендігі туралы, соның ішінде жұмыстан шыққан кездегі фактіні алға тартады, «Т.» ЖШС еңбек шартын жасамаған. Уәкіл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астана қалалық департаментіне сауал жібереді. Астана қаласындағы мемлекеттік еңбек инспекциясын жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша «Т.» ЖШС әкімшілігінің жалақы бойынша берешегі болып шықты, бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің
87-бабы 3-бөліміне сәйкес «Т.» ЖШС әкімшілігіне жалақы төлемеу бөлігіндегі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.
Жеке кәсіпорындардың еңбек құқығының бұзылуы бойынша Ә. (26.01.07 кіріс № 76/03), С. (06.02.07 кіріс № 122/03), Б. (26.02.07 кіріс № 183/03), Ж. (05.10.07 кіріс № 931/03), Ж. (23.10.07 кіріс № 925/03), М. (28.10.07 кіріс № 988/03) және басқалар өтініш жасаған.
Ж. өтініші (26.02.07 кіріс №183/03) бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматы қалалық департаментімен тексеру жүргізілді, нәтижесінде «М.» ЖШС жұмыстан шығып кеткеннен кейін пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы төлемегендігі туралы еңбек заңнамасын бұзған фактісі анықталды.
Тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар жою туралы нұсқау берілді, ал ЖШС басшыларына ӘҚбК-нің 87-бабы 1-тармағына сәйкес тәртіптік жаза қозғалды.
Қызметкерлердің олардың жұмыстарын жүзеге асыру бойынша өздерінің құқықтарын шектелгшендігі туралы да шағымдар кездеседі. Мысалы, уәкілдің атына Жамбыл облыстық ғылыми-практикалық дәрігер-зертханашылар қоғамынан өздерінің құқықтары бұзылғандығы туралы өтініш (25.09.07 кіріс. № 907/03) келіп түскен. Өтініштің мазмұнын және қосымша материалдарды саралай келе, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 17 мамырдағы № 227 бұйрығына сәйкес биология және химия мамандықтары бойынша педагогикалық институтты бітірген мамандар дәрігерлік және провизорлық қызметке денсаулық сақтауды ұйымдастыруда жұмысқа қабылдануға жатпайды.
Сонымен бірге, республикада зертханашы лауазымында ұзақ уақыт бойы (15 жыл) жоғары білікті мамандар болып табылатын, алайда бұрын ЖОО-ның биология және химия факультеттерін бітірген адамдар жұмыс істеп келе жатқанын атап өту қажет.
Шағым мазмұнында айтылғандай медицинаның аталған саласында үлкен тәжірибелік өтілдері бар мамандар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 151 бұйрығының қабылдануын түсінбей отыр, аталған бұйрыққа сәйкес оларға біліктілікті бекітуден бас тартылды.
Осы шағым бойынша біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдадық. Іс бақылауда тұр.
Есептік кезеңге еңбекақыны төлемеу немесе мемлекеттік мекемелер мен органдарда жұмыстан шығарумен келіспеу мәселелері бойынша бірнеше шағымдар түсті.
Осындай шағымның бір түрі Б. арызы (17.04.07 кіріс № 375/03), онда арызданушы Орталық мемлекеттік мұрағаттан 5 ай бойы еңбекақысын алмағандығы жөнінде дерек келтіреді.
Уәкіл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне сауал жолдады.
Алынған ақпараттан жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекеме мен арызданушы арасында 2007 жылғы 19 сәуірде өзара сын айтпау және тараптармен еңбекақы төлеу бойынша айтылған берешектер сомасын төлеу туралы жазбаша уағдаластық жасалғанын атап өту керек.
Ш. (25.07.07 кіріс №707/03), Ж. (29.06.07 кіріс № 621/03), О. (25.09.07 кіріс № 909/03), С. (14.09.07 кіріс № 875/03), Ш. (17.10.07 кіріс № 970/03), Ж. (09.11.07 кіріс № 1043/03) өздерінің шағымдарында мемлекеттік органдардан шығарумен келіспеу туралы айтқан.
Қазіргі уақытта мемлекеттік басқару жүйесін, мемлекеттік органдардың штат санын қысқарту жоспарланып отырған мемлекеттік қызметшілер санын оңтайландыру жағдайында көрсетілген іс-шараларды мемлекеттік қызмет және еңбек туралы заңнамаларға сәйкес жүргізу ең маңызды болып отыр.
Қазіргі заманғы қолданыстағы сот әділеттілігі проблемасының ең күрделісі – сот шешімдерін орындау. Сот қорғауы сот актісінің қабылдауымен емес, оның нақты орындалуымен аяқталады. Бұл - кез келген сот шешімі орындалу қажет дегенді білдіреді. Сонымен бірге, Уәкілге сот шешімдерінің орындалмауына қатысты шағымдар түсу жалғасып отыр. Есептік кезеңге азаматтардың құқықтарын бұзу туралы барлығы 45 шағым түсті, бұл шағымдарда көтерілген мәселелердің жалпы санының 3,5 % құрайды.
Шағымдардың негізгі мазмұны бұрынғыдай қалып отыр. Олардың басым бөлігі орындаушылық құжаттардың орындау мерзімін бұзумен, борышкерлерге заңдарда көзделген барлық мәжбүрлеп шара қолданбауларымен сипатталады.
Дәстүрлі түрде шағымдардың басым көпшілігі мүліктік сипаттағы істер бойынша, әдетте жеке және заңды тұлғалардың борыш міндеттемелерді, алименттерді өндіруді орындамауға қатысты сот шешімдерінің орындалмауымен байланысты. Борышкерлерде тұрақты жалақының, ресми ресімделген еңбек қатынастарының, өндіріп алуға болатын мүліктерінің болмауы, сондай-ақ борышкерлерге қолданылатын тиімді заңдық іс-шаралардың жоқ болуы сот шешімдерінің орындалмауының себептері болып табылады.
Бірқатар жағдайларда шешімдерді орындамау сот орындаушыларының орындалатын тапсырмаларға ұқыпсыз қарауынан болып отыр.
Мәселен, Уәкілдің атына Қ. (16.03.07 кіріс № 249/03) шағымы келіп түсті. Өзінің шағымында арызданушы 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін жоғарыда көрсетілген Н. және Ж. арасында бейбіт келісім туралы сот анықтамасын орындата алмауда.
Арызданушының пікірінше, өкілетті мемлекеттік органдармен көрсетілген сот актісінің орындалуына бағытталған түбегейлі шаралар қолданылмаған, сол арқылы оның құқықтары бұзылған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне жіберген сауалы бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде, борышкер Алматы қ. жұмыс істейтіндіктен, орындау өндірісі Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігінен Алматы қ. сот орындаушысы Қ. түскені анықталды.
Борышкердің жұмыс істейтін жеріне барғанда Н. 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап жұмыстан шыққаны анықталған, осыдан кейін сот орындаушысы Қ. орындау парағын Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігінің Жамбыл аумақтық учаскесіне қайтарған.
Алайда, орындалуға түскен орындау құжаты Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігінде тіркеуде жоқ.
Орындау құжатының жоғалуына байланысты Комитет Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігіне құжаттың көшірмесін қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылдау және оны орындау жөнінде тапсырма берді.
Қазіргі уақытта аталған орындау құжаты қалпына келтірілді, сот орындаушысы борышкердің мүліктік жағдайын тексеру үшін тіркеу органдарына сауалдар жолдады. Сондай-ақ өндірісті орындау аясында сот актісін орындау бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де шаралар қолдануда.
Кейбір жағдайларда сот шешімдерінің орындалмауы сот орындаушыларының әрекетсіздігімен түсіндіріледі. Мәселен, Уәкілге Б. (15.10.07 кіріс № 965/03) Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігі комитеті Талғар аумақтық учаскесінің сот орындаушыларының әрекетсіздіктеріне қатысты шағыммен келді және Алматы облысы бойынша Талғар аудандық соты шешімінің орындалуына көмек көрсетуді өтінді. Осы іске Уәкілдің араласуының нәтижесінде Алматы облысы Сот әкімшілігіне тыйым салынған мүлікті алу, осы өндірісті бақылауға алу тапсырылды, сондай-ақ орындау құжаты жауап берушінің зейнетақысынан ай сайын 50 % ұстау үшін Талғар ауданы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығына жіберілді.
Сот орындаушыларының тиісті дәрежеде жұмыс істемеуіне тағы бір мысал ретінде С. шағымын алуға болады (15.06.07 кіріс № 582/03). Өз шағымында арызданушы Ақмола облысы бойынша Сот әкімшілігінің Жарқайың аумақтық бөлімі сот орындаушыларының әрекетсіздіктеріне шағымданады және Ақмола облысы бойынша Жарқайың аудандық сотының 2006 жылғы 31 тамыздағы шешімінің сырттай шешілуіне көмек көрсетуді сұрайды. Уәкіл араласқаннан кейін соттың шешімі толық көлемде орындалды, орындау өндірісі «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20, 20-1 б-талаптарына сәйкес аяқталды.
Сонымен қатар, сот орындаушылары сот шешімдерін шешу мүмкіндігі болмаған кезде оны орындау тәсілін өзгерту тәжірибеде қолданылмайды, сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту тәжірибесі қолданылады, сот шешімдерін орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларды жазалау бойынша ұсыныстар енгізілмейді.
Мәселен, Уәкілге үшінші топ мүгедегі С. (31.05.07 кіріс № 516/03) шағыммен келді. Шағымда арызданушы Астана қаласы Сот әкімшілігі комитетінің сот орындаушыларының әрекетсіздіктеріне шағымданады және Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2006 жылғы 15 мамырдағы анықтамасымен бекітілген жауапкер мен талапкер арасындағы әлемдік келісім-шарттарының орындалуына көмек көрсетуді сұрайды. Тексеру нәтижесінде Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ-на сот орындаушысы Ж. ҚР ҚК 362-бабы бойынша қылмыстық жауапкершіліке тарту туралы ұсынысты жолдады.
Келтірілген мысалдар өндірістерді орындаудың тиімділігі мәселесінің өзектілігін нақтылайды. Сот орындаушылары қызметінің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге және олардың кәсіби дайындығы мәселелеріне назарды күшейту қажет.
Әлеуметтік қорғау саласында негізгі мәселе зейнетақымен қамтамасыз ету болып отыр (3,4%).
Шағымдардың басым көпшілігінде зейнетақы төлеу мөлшерін анықтауда зейнеткердің еңбек өтілі мен жалақысын есепке алмау айтылады.
Мысал ретінде Б. (17.09.07 кіріс № 769/03-895(2)), Д. (25.06.07 кіріс № 611/03), Л. (05.10.07 кіріс № 923/03), П. (09.10.07 кіріс № 945/03), М. (02.11.07 кіріс № 1011/03) шағымдарын алуға болады.
25 жыл еңбек өтілдері бар шағымданушылардың айтуы бойынша олардың толық зейнетақыларын алу құқықтары шектелген, 01.06.03 Зейнетақы төлеу мөлшерін арттыру ережесіне сәйкес бекітілген ҚР Үкіметінің 11.06.2003 жылғы № 564 қаулысы шықса да, оларға ең аз мөлшердегі зейнетақы төленеді.
1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлікке шыққан адамдарға зейнетақыны дұрыс санамау осы шағымдардың басты бөлігін құрайды. Мысал ретінде Д. (19.11.07 кіріс № 75/03-1070(10)), Ш. (19.11.07 кіріс № 150/03-1069 (9)) шағымдарын алуға болады. Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының 23.09.94 № 5 қаулысымен 01.01.95 дейін зейнеткерлікке шыққандарға зейнетақыны қайта есептеу үшін базалық есептік көрсеткіш 2 есеге азайды. Зейнеткерлердің көптеген шағымдары мен прокуратура органдарының әрекет етуі нәтижесінде ҚР Үкіметінің 17.07.96 № 899 қаулысымен Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының аталған қаулысы өз күшін жойды, осы қаулымен көрсетілген министрлікке 1994 жылғы қаңтар-тамыз айларының орташа жалақысы негізінде 1994 жылы зейнетақыны қайта есептеу туралы 08.04.94 № 20-16/1820 тапсырма берілді.
Зейнетақыны немесе базалық көрсеткішті қайта есептеудің жаңа тәртібі белгіленген жоқ. Зейнеткерлердің белгілі бір топтарының зейнетақы мөлшері қаралған жоқ. Осыған қарамастан көптеген зейнеткерлер, оның ішінде «П.» ҚБ төрағасы Л. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне алынбаған қалған ақшаны қайтару туралы арыздармен түрлі сот инстанцияларына барды, олардың өтініштері қанағаттандырудан бас тартылды.
Есептік кезеңде құқық қорғау мекемесінің жұмысында алғашқы рет бүгінде шетелдерде тұратын өзіміздің бұрынғы азаматтарымыздан шағымдар түсе бастады. Олардың Қазақстанда жұмыс қомақты тәжірибелері бар.
Мәселен, Уәкілге Израиль тұрғындары Э., Л. (03.07.07 кіріс № 633/03), И. (03.07.07 кіріс № 634/03), В. және З. Р. (10.07.07 кіріс № 649/03), Б. (30.07.07 кіріс № 727/03), Б. (30.07.07 кіріс № 730/03), М. (10.08.07 кіріс № 768/03) Қазақстан Республикасынан зейнетақы алмайтындығы жөнінде шағым жазады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарына төменгі мөлшердегі зейнетақы, жас және өзге де заңдық негіздер бойынша әлеуметтік қамтамасыз етілуге кепілдік беріледі. Конституция нормалары Қазақстан Республикасының аумағында ғана таратылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабының 2-тармағына сәйкес республика өз азаматтарына қорғау және қамқоралық жасауға кепілдік береді, мемлекетте тұрақты тұрған кезде ұсынылатын әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандыруға кепілдік бермейді.
Осылайша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша қолданыстағы зейнетақы заңнамасымен республикадан тыс жерлерге кеткен тұлғаларға зейнетақы төлеу көзделмеген.
2007 жылы түскен шағымдардың жалпы санының 3,1 % тіркеу, азаматтық, тұруға ықтияр хат алу, азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар мәселесі бойынша шағымдар.
Шағымдар талдауы құзыретті органдардағы лауазымды адамдардың жеке басты куәландыратын құжаттарды алуда қажетті ақпаратты бермеуін, өтінушілерден анықтамалар талап етілетінін немесе өзге мемлекеттерден ақпарат алуды ұсынатынын көрсетті, ал мұндай ақпарат алу тікелей мемлекеттік органдардың құзыретіне кіреді.
Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Т. (25.03.07 кіріс № 280/03) шағымы келіп түсті. Өз шағымында ол республика азаматы бола тұрып және бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеген соң, 2006 жылдың мамырынан бастап жеке куәлік ала алмай жүргендігін айтады. Куәліктің болмауы қазіргі уақытта оған медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге, мүгедек тобына алуға және бюджеттен әлеуметтік төлем алуға кедергі болып отыр. Осы шағым бойынша уәкілмен Ақтөбе облысының Әділет департаментіне сауал жолданды, жауап әлі түскен жоқ. Іс бақылауда тұр.
Кейбір жағдайларда уәкілетті орган құжаттарды қарауды созады, өтінішті ұзақ қарау себептері туралы ақпарат бермейді.
А. (06.08.07 кіріс №794/03) өзінің шағымында Алматы облысының ІІД Көші-қон полициясы Басқармасының қызметкерлері 2006 жылы шілдеде өтініш берушіден құжаттар қабылдаған, бірақ бүгінгі уақытқа дейін ҚР тұрақты тұруға рұқсат беру мәселесін шешкен жоқ. Аталған шағым ҚР Ішкі істер министрлігінің тиісті жеріне жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына С. (02.08.07 кіріс № 1340/02-145(2)) Жақсы АІІБ көші-қон полициясы қызметкерлерімен ұзақ уақытқа азаматтық беру мәселесін қарау жөнінде арызы келіп түсті.
Осы факт бойынша Уәкілмен тексеру жүргізілді, шағымданушы отбасына азаматтық беру материалдарын қарауда әуре-сарсаңға салғаны үшін полиция майоры А. қатысты тәртіптік жаза қолданылды (қатаң сөгіс), өтінішті жедел қарау тапсырмасы берілді.
Осы топтардың шағымдары тек құқықтары бұзылған адамдармен ғана емес, сонымен қатар кейбір жағдайларда өзге мемлекеттердің адам құқықтары жөніндегі уәкілдерімен өз азаматтарының мүдделерін қорғауда жолданады.
2007 жылы Қазақстан Республикасының азаматтығына жататын- жатпайтынын нақтылайтын, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кетуді куәландыратын түрлі анықтамаларды алу мәселелері бойынша Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қырғыз Республикасы, Алтай өлкесі, Саратов облысы, Ресей Федерациясы Удмуртия Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі өтініш білдірді.
Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Қырғыз Республикасының Омбудсмені (Ақыйқатчы) Г. (30.04.07 кіріс № 423/02), Ресей Федерациясы Саратов облысының Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Б. (12.04.07 кіріс № 359/03) мүдделерін қорғауда олардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындықтары туралы ақпараттар беруге көмек көрсетуді өтінді.
Удмуртия Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің өтінішінде С. (25.09.07 кіріс № 908/02) және Алтай өлкесінің Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Ш. және оның азаматтық зайыбы К. (12.04.07 кіріс № 351/03) мүдделерін қорғауда Қазақстан Республикасында тіркеуді есепке алу мәселелері жөнінде мәліметтер беруді өтінген.
Көрсетілген өтініштер бойынша құзыретті органдардың көмек көрсетуі негізінде қажетті мәліметтер өтінуш берушілерге жолданды.
Достарыңызбен бөлісу: |