Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2



бет1/19
Дата25.12.2016
өлшемі6,52 Mb.
#5253
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Мазмұны


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2

Қосымша: ақпараттық-статистикалық деректер 222

1. Статистикалық деректер 222

2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің өңірлердегі жұмысы 228

3. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қоғамдық іс-шараларға қатысуы 230

4.Халықаралық ынтымақтастық 249

5. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің және аппарат қызметкерлерінің БАҚ-та сөз сөйлеулері 255



8. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық қызметкерлерінің тізімі 313

0

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі


Ұсынылып отырған бесінші жыл сайынғы есеп «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 23-тармағына сәйкес дайындалған.

Онда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2007 жылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғау кепілдіктерін және оларды мемлекеттік билік органдарындағы лауазымды адамдардың сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі туралы ақпарат қамтылады.

Есеп азаматтардың келіп түскен шағымдары мен өтініштері, халықты әлеуметтік қорғау, пенитенциарлық жүйе, білім беру мекемелерінің және басқа да ұйымдардың мониторингі нәтижесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен ұлттық мекеме қызметкерлері алған мәліметтердің талдауына, сондай-ақ мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары ұсынған ақпаратқа негізделген.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі жоғары стандарттарды белгілейді, бірақ осы құқықтардың сақталмауы туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына келіп түсетін шағымдар конституциялық кепілдіктердің болу жағдайының өздігінен айтарлықтай жақсаруына әкеп соқпайтынын куәландырады.

Қалыптасқан ахуалдың негізгі себебі құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктерін қамтамасыз етудің қолда бар тетіктерінің тиісті деңгейде болмауында және олардың сақталуына жеткілікті бақылаудың жоқтығында.

Есепте Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі, мемлекеттік әкімшілік ету саласындағы ахуалды жақсарту жөніндегі, сондай-ақ ең маңызды құқықтық қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар қамтылады. Есепте бұрын қабылданған ұсынымдар мен қорытындылардың нәтижелілігін бағалауға айтарлықтай орын берілген.

Есептік кезеңде, бұрынғыдай, азаматтардың құқықтарының бұзылуы мәселелері бойынша жазбаша әрі ауызша шағымдармен жұмыс және оларды қалпына келтіру жөніндегі шара қабылдау Уәкілдің жұмысында басым бағыт болған. Сонымен бірге нормативтік құқықтық актілерді және адам құқықтары саласындағы құқық қолдану практикасын талдау, сондай-ақ оларды жетілдіру жөнінде адам құқықтары мәселелері бойынша құқықтық ағарту, оларды қорғау нысандары мен әдістерін әзірлеу жөнінде ұсынымдарды әзірлеу, «Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» мамандандырылған баяндаманы дайындау қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.

Бес жылғы жұмыстың талдауы елімізде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қалпына келтіру ісінде бағалы тәжірибе жинақталғанын көрсетеді.

Уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды бақылауды, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыра отырып, қоғамдық және мемлекеттік құқық қорғау институттары арасында сындарлы өзара іс-қимылды орнатуға, азаматтық қоғамның, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына ықпал етеді.

Осыған байланысты бір жағынан билік органдарымен, және екінші жағынан үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс қимыл жасау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда Уәкіл мен мемлекеттік органдардың адам құқықтары саласында, әсіресе құқықтық ағарту, азаматтар мен мемлекет арасында сенімділікті дамыту және нығайту ісінде іс жүзінде ынтымақтастықтың тұрақты үрдісі белгіленген.

Сонымен бірге азаматтық институттардың мемлекеттік органдармен ынтымақтастығының тиімділігі айтарлықтай артуы мүмкін және артуға тиіс. Ең алдымен, мұның қоғамдық бақылауды іске асыруға және қамтамасыз етуге қатысы бар.

Адам құқықтарын қорғауға міндетті мемлекеттік құрылымдардың және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының күшін біріктіре отырып, адам құқықтарын сотта және соттан тыс қорғау қызметін жандандыруға және тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болатыны аян.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің 2007 жылғы жұмысының нәтижелері оның Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті құру үшін қажет екенін және қоғамға сөзсіз қажет екенін дәлелдейді.


Қазақстан Республикасындағы

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

1-бөлім.


2007 жылдағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі



  1. 2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі

қызметінің ұйымдастыру
Алдыңғы жылдардағыдай азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын азаматтардың хаттарын қарау және ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ аумақтарда құқықтық қорғау мониторингі арқылы қорғау жөніндегі жұмыс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне 1286 жазбаша өтініш келіп түсті. Алдыңғы екі жылмен салыстырғанда жазбаша өтініштер көлемі кішкене азайды. 2005 жылы өтініштер санының көбеюі омбудсменнің құқықтық қорғау өкілеттігін кеңейткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2004 жылғы 29 қарашадағы № 1474 Жарлығының қабылдануына байланысты болғанын атап өткен жөн.

Осыған байланысты сот органдарының әрекеттері мен әрекетсіздігіне арыздар саны, сондай ақ сот шешіміне келіспеуі туралы өтініштер саны көбейді. Өткен жылы діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша эдвокаси кампаниялары аясында хаттардың түсуі себепші болды.Тұтастай алғанда, 2004 жылдан бастап түсетін хаттардың саны жыл сайын мыңнан асады.

Есептік кезеңде Уәкілге барлығы 3468 адам жолданды.

Мемлекеттік органдарға 2 хат Премьер-министрдің атына жіберілді, және алам құқықтарын қамтамсыз ету мәселесі бойынша 12 нұсқау жіберілді.

Әкімдіктерге - 5, Бас прокуратураға - 2 ұсыным, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау – 2, бір-бірден денсаулық сақтау, әділет министрліктеріне, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне жіберілді.

Есептік кезеңде Уәкілдің ұсынымы бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған адамдар 31 жағдайда әртүрлі жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде прокуратура, қылмыстық-атқару жүйесі, ішкі істер органдары, кедендік бақылау органдарының лауазымды адамдары мен сот орындаушылары.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуымен 78 жағдайда өтініш берушілердің құқықтары толық қалпына келтірілді, 24 жағдайда өтініш берушінің құқығы ішінара қалпына келтірілген.

Өңірлерде адам құқықтарын сақтау мониторингі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстың маңызды бағыты болып табылады. Есептік кезеңде Адам құқықтарын сақтау мониторингі Ақмола, Алматы облыстарында пенитенциарлық, балалар, психиатриялық мекемелерінде өтті. Мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға адам құқықтарын қалпына келтіру және оларды іске асыру жөнінде ұсыныстар жіберілген.

Сараптамалық-талдау жұмысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметінде бұрынғыдай маңызды орын алады. Есептік кезеңде «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жедел іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Босқындар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы жүйесін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына ұсыныстар әзірленді.

Заңнаманы одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар сараптамалық қорытындылар нысанында әзірленген, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы жұмыс топтарының, консультативтік кеңес органдарының отырыстарында мәлімделді.

Былтырғыдай, заң жобаларымен оларды әзірлеу сатысында жұмыс істеу Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің есептік кезеңдегі сараптамалық-талдау қызметінің негізгі бағыты болды.

2007 жылы Уәкіл атына құқықтық қорғау мәселелеріне сараптамалық- талдау өтінішімен ҚР Конституциялық Кеңесі, Сыртқы істер министрлігі, Әділет министрлігі, Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктері жолданған. Халықаралық құқықтық қорғау шарттарын орындау, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды іске асыру туралы елдік есептерді дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың сұратуларының саны көбейді.



Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жанындағы Сараптамалық кеңес Уәкіл мекемесіне айтарлықтай сараптамалық консультативтік қолдау көрсетеді. Есептік кезеңде кеңестің 3 отырысы өтті, онда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасында егде адамдардың құқықтарын сақтауы туралы» арнайы баяндамасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2006 жылғы қызметі туралы есеп, «Қазақстанда босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы» мамандандырылған баяндаманы дайындау мәселесі және т.б. талқыланды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен ынтымақтастығы және өзара іс-қимылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің 2007 жылғы қызметінің маңызды бағыттарының бірі болды. «Шетелге баланы асырауға беру Қазақстанға қажет пе?» тақырыбында қоғамдық тыңдауды өткізу, Адам құқықтары жөніндегі орталық пен Ішкі істер министрлігі арасында азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою, «Қазақстанда омбудсмен институтының дамуы» атты халықаралық конференцияны өткізу осының айғағы.

Адам құқықтары саласында білім беру жөніндегі жұмыс жалғасты. Есептік кезеңде өткізілген кездесулер барысында Қазақстанда адам құқықтары саласында білім беру жөніндегі бүкіләлемдік бағдарламаны және Бүкіләлемдік бағдарламаның бірінші кезеңінің (2005-2007 жылдар) іс шаралар жоспарын іске асыру барысына баға берілді.

Аталған Жоспарға сәйкес ағарту іс шаралары құқықтарды қорғаудың ұлттық механизмдері туралы білім алуға ықпал етуі тиіс. Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі 2007 жылы Уәкіл институты, оның құзыры, оған жүгіну тәртібі туралы ақпаратты қамтитын плакаттар мен жаднамалар сериясын шығарған, сондай-ақ көпшілік қолы жететін жерлерге тарату науқаны жүргізілген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметінде адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастық ерекше орын алады.

Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі нысандары мен механизмдері мыналар болып табылады: шетелдік серіктестермен іскерлік хат алмасу, халықаралық құқықтық қорғау ұйымдарының өкілдерімен және ҚР дипломатиялық миссиялар басшыларымен екі жақты кездесулер, халықаралық және өңірлік конференциялар мен форумдарға қатысу, бірлескен жобалар.

Уәкіл мекемесінің тұрақты серіктестігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), және Қазақстан Республикасындағы Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасы болып отыр. Есептік кезеңде Еуропалық құқық арқылы демократия үшін комиссиямен (Венеция комиссиясы) сындарды өзара іс-қимыл жалғасты, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретін кеңейту перспективасын зерттеу және бірлескен халықаралық конференцияны ұйымдастыру соның нәтижесі болды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Адам құқықтары жөніндегі орталықтың қызметкерлері ЕҚЫҰ-ның төрт форумына, сондай-ақ БҰҰның органдары мен мекемелері өткізген әртүрлі іс шараларға қатысты, бұл қазақстандық омбудсменнің жұмыс тәжірибесімен таныстыруға, адам құқықтарын қорғау және қолдау саласындағы неғұрлым өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

2007 жылы Қазақстан Республикасындағы Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасымен және Еурокомиссиямен «Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі», ЮНИСЕФ және Еурокомиссиямен «Қазақстанда бала құқықтары жөніндегі омбудсмен жүйесін құруды қолдау» атты бірлескен жобаларды іске асыру жалғасты.

«Орталық Азияда баспана жүйесін күшейту мақсатында институционалдық даму әлеуетін нығайту қызметі» бағдарламасы нәтижесінің бірі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау» тақырыбына төртінші арнайы баяндаманы дайындау болды. Баяндамада босқындар мен оралмандардың құқықтарының сақталуына талдау жасалады, мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдардан алынған ақпарат қорытылады, Қазақстан Республикасында босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау ахуалын жақсарту жөнінде ұсыныстар беріледі,

Одан басқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақпараттық бюллетені үш рет басылып шықты, онда 2007 жылғы мекеме қызметінің мәселелері көрсетіледі, Қазақстан аумағында босқындар мен оралмандардың құқықтарының сақталуына мониторинг материалдары, сондай ақ үкіметтік емес ұйымдардың ақпараты қамтылады. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жасауда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы ҮЕҰ Консультативтік кеңесі маңызды рөл атқарады, онда ҮЕҰ Уәкіл мекемесімен одан әрі іс қимыл жасау мәселелері талқыланады, азаматтардың құқығын қорғаудың өзекті мәселелері қаралады, оларды шешу жөніндегі шаралар әзірленеді. Есептік кезеңде Консультативтік кеңестің бес отырысы өтті.

Адам құқықтары туралы, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі және оған жүгіну тәртібі туралы ақпарат тұрақты жаңартылып отыратын Уәкілдің веб-сайтында қамтылған (www.ombudsman.kz).. Сайттағы ақпарат сайтқа кірушілерге үш тілде берілген: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Одан басқа азаматтардың Адам құқықтары жөніндегі уәкілге электрондық хат жіберу мүмкіндігі пайда болды. Компьютерлендірудің дамуына байланысты интернет жүйесі бойынша түсетін хаттар саны тұрақты өсіп келеді. Электрондық байланыс құралдары арқасында өңірлерді қамту мүмкіндігі кеңейді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестік маңызды болады. Есептік кезеңде құқықтардың бұзылуы туралы фактілерді тексеру практикасы жалғасты, олар туралы БАҚ-та жарияланады.

Фактілерді тексеру туралы іс жүргізу БАҚ-та болған төрт хабар бойынша басталды. Уәкілдің шетелдіктердің қазақстандық балаларды асырап алуы, гендерлік теңдікті орнату, адамның қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық, мүгедектер құқықтары сияқты құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі ұстанымы БАҚ-та кеңінен жарияланды. Тоқсан сайынғы және тематикалық конференцияларды өткізу, адам құқықтары мәселелері бойынша телебағдарламаларға қатысу, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкерлерінің БАҚ-та мақала беру практикасы жалғасты. Одан басқа, есептік кезеңде телеканалмен бірлесіп жеке телехабар дайындау сияқты БАҚ-та құқық қорғау мәселесін жариялау мүмкіндігі алғаш рет пайдаланылды.

Сонымен бірге Уәкіл аппаратының қызметкерлері үшін методологиялық семинарлар өткізу практикасы жалғасты. Есептік кезеңде шетелдік немесе шетелдік қатысатын кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің құқықтары, сондай-ақ адам құқықтары және саясат жайындағы ахуалды талдауға арналған екі семинар өтті. Өз қызметі кезеңінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ тұтас қоғамға қызметі қажет құқықтық қорғау институты ретінде қалыптасты. Оған кәсіптік, адам құқықтарын қолдау және қорғау процесіне тартылған барлық субъектілермен тәуелсіздік және ынтымақтастық қағидалар негізінде өз функцияларын орындауға ұмтылыс ықпал етті.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бес жылдағы қызметі нәтижелері бойынша оның қызметінің маңызды бағыттарының бірі медиаторлық функция болып келеді деп қортынды жасауға болады.




  1. Қазақстан Республикасында омбудсмен институтының

даму перспективалары

Уәкіл аппараты штатын кеңейту және институттың материалдық жағдайын жақсарту мәселесі аса назар аударуды қажет етеді, онсыз омбудсменге жүктелген функцияларды толыққанды орындау мүмкін емес.

Әлемнің барлық елдерінде, бұрынғы кеңес одағының елдерін есептемегенде, омбудсмен бюроны немесе офисті басқарады, ол оның штатын құрады және басқарады, әдетте, оның штатын өзі дербес белгіленген бюджет шегінде белгілейді. Әдетте, омбудсмен офисі мамандандырылған бірнеше бөлімдер мен тергеушілер штатынан, сондай-ақ қажетті техникалық персоналдан тұрады.

Бұл ретте, егер Испания омбудсмені институтының штаты 180-ге жетсе, Греция омбудсменінің штаты 140, ал кейбір ТМД елдерінде: Ресей Федерациясы, Украинада қызметкерлер саны 250 адам құрайды. Швецияда тек Ұлттық Парламенттік омбудсмен қызметкерлінің штаты 50 адамды құайды, сонымен бірге негізгі омбудсменнен басқа басқа да бірнешеуі бар, мысалы, этникалық кемсітушілікке қарсы күрс жөніндегісі, оның штаты 40 адам. Көп санды мемлекеттерде омбудсмен аппаратының штаты аймақтық өкілдіктерді санамағанда 50 адамды құрайды.

Нақты бір азаматтың бұзылған құқығын қалпына келтіру адам құқығын бұзуға жол берген мемлекеттік мекеменің қызмет тәжірибесін қайта қарауға ынталандырады.

Арыздармен жұмыс істеу, азаматтарды қабылдау институт қызметінің тиісті әкімшілік ету жүйесін құру мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін институт қызметінің бірінші кезектегі құрылымы.

Азаматтардың жолдану практикасы әртүрлі: жеке қабылдау, қоңырау шалу, факс бойынша. Барлық хаттар, қолдары болмаса да және интернет арқылы келсе де іс жүргізуге алынады және ол бойынша нақты жұмыс жүргізеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы ақпаратты белсенді таратқанымен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық көрсететін қызметтер мен көмекке азаматтардың қол жеткізу мәселесі орын алып отыр. Бұл бәрінен географиялық факторға атап айтқанда, Астана қаласынан алыс болуына, омбудсмен мекемесіне келіп түсетін хаттардың көбеюіне тиісінше оларды қарау және тексеру жұмысы көлемінің ұлғаюына, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылатын сараптамалық консультативтік жұмыс көлемінің өсуіне байланысты.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық хаттармен жұмыс істеуден басқа көлемді сараптамалық талдау жұмысын жүргізеді:

- Уәкіл қызметі туралы кезеңдік есептерді және жыл сайынғы арнайы тақырыптық есепті дайындау;

- ел есептерін әзірлеуге қатысу;

- ол мониторинг жүргізу және комитеттер мен халықаралық ұйымдарға құқықтық қорғау қызметінің барлық бағыттары бойынша нақты және объективті ақпарат беру жөнінде жұмысты жандандыруды көздейді.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен Еуропалық одақ қаржыландыратын «Қазақстанда омбудсмен институтын нығайту» атты қазақстандық, испандық, грек омбудсмендерімен екі жақты серіктестік бағдарламасы аясында жұмыс істеген халықаралық сарапшылар да оның штатын кеңейту және мәртебесін көтеру қажеттігі туралы қорытындыңа келді. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында өткен «Омбудсмен тиімді жұмыс істеген жағдайда адам құқықтарының тұрақты дамуы» халықаралық конференцияда осындай сипаттағы ұсыныстар жасалған.

Сонымен бірге аймақтық орталықтарды құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылған, себебі шағымданушылар жиі өздерінің жолданғысы келетін жергілікті өкілдіктер туралы ақпарат сұрайды.

Осылайша штат санының аз болуына және бар санатқа байланысты адам құқықтарының бұзылуы туралы хабарға толыққанды және жедел шара қолдануды қамтамасыз ету, сондай ақ құқықтардың бұзылуына күнәлі лауазымды адамдарды жазалау процесін, Уәкілдің ұсынымдарын толық орындауды қадағалау, егер ұсыным орындалмаса жұмысты жалғастыру өте қиын, және кейбір кезде қызметкерлердің жүктемесі көп болғандықтан сапасына зиян келтіріледі.

Қызметкерлер штаты шектелген жағдайда басқа да маңызды функцияларды орындау мүмкін болмай қалады: аумақтарға жиі бару, буқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар мониторингі, заңнаманы жетілдіру.

Штаты он төрт адамды құрайтын, оның біреуі басшы, бес техникалық қызметкер бар Ұлттық орталықтың өсіп келе жатқан жұмыс көлемін іске асыру күрделеніп келеді.

Осыған байланысты Уәкіл институтының тиімді жұмысы аппарат қызметкерлерінің штатын елу адамға дейін көбейту арқылы қамтамасыз етуге болады, бұл басқа елдерде омбудсмен офистері тәжірибесіндегі ең ыңғайлы саны болады.

Қазіргі кезде Уәкіл мекемесі персонал іріктеуде қиындықтарды бастап кешіп отыр, себебі жұмыс сипаты кәсіби талаптарға сәйкес тек заңнаманы ғана емес, арнайы білімнің, халықаралық қағидаттар мен стандарттардың болуын талап етеді.

Уәкіл мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымы деңгейін «С» санатынан «В» санатына дейін көтеру аппараттың тиімді қызмет етуіне ықпал етеді. Қазіргі кезде Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықтың келем деген қызметкерлерге қызметінің өсуіне уәде бере алмайды, сондықтан мемлекеттік органдардың қызметкерлерін орталыққа шақыруларды қабылдамайды. Сонымен бірге «С» санатында бола тұра, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың соттарда, министрліктерде, құқық қорғау органдарында жеткілікті тәжірибесі бар сауатты қызметкерлерді іріктеп алуына мүмкіндігі жоқ.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлерінің мәртебесін көтеру Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен орталықтың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының логикасына жауап береді.

Уәкілдің заңнаманы жетілдіруге қатысу, мамандандырылған омбудсмендерді құру және аппарат санын құру мәселелері сондай-ақ Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиямен (Венеция комиссиясы) ынтымақтастықта талданған.

2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің өтініші бойынша Венеция комиссиясының сарапшылары Хортур Торфасон және Петер Пацалау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретін келешекте кеңейту мүмкіндігі туралы зерттеу жүргізген. Венеция комиссиясының 71-ші пленарлық отырысында мақұлданған сараптамалық қорытынды әртүрлі еуропалық елдердің тәжірибесін салыстырып зерттеуді қамтитын сараптамалық жұмыстың нәтижесі болды. Сараптамалық қорытындыда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесін реформалау мүмкіндігімен дамуына байланысты кейбір мәселелер бойынша мынадай қорытындылар келтірілді:

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі конституциялық деңгейдегі кепілдіктерге ие болуы керек, онда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің сипаттамаларының және өкілеттіктерінің мәні және оны парламентте кәсіптік көпшілікпен сайлауды көздейтін тағайындаудың негізгі шарттары мазмұндалуы тиіс.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық Кеңеске жүгіну құқығына ие болуы керек.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, егер ол заң шығаруға бастамалық ету құқығына ие болса артықшылықтарға ие болмайды, сондықтан ол заңнаманы реформалау жөнінде Парламентке және/немесе Үкіметке немесе Президентке ұсыныс жіберу мүмкіндігімен шектелуі тиіс.

Уәкіл заңнаманы және бекітілген құқықтық қорғау шарттары бойынша өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие болуы тиіс екенін ескерсек, ондай қорытындылардың міндетті күші болмауы тиіс.

Уәкіл мекемесі нығаю және даму сатысында болғандықтан Қазақстанда мамандандырылған омбудсмендер функцияларын еліміздің жалпы Уәкіл мекемесінің шеңберінде жасау қажет.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заңнама осы мекеменің қызметіне бөлінген бюджеттік қаражат осы мекеме өзінің міндеттері мен мақсаттарын толық, тәуелді және тиімді атқаруын қамтамасыз етуі және алдыңғы жылы мекемеге келіп түскен арыздар санын ескеруі қажет. Заңда немесе ережеде мекеме өз бюджеті туралы өзі ұсыныс береді деп бекітіп омбудсменнің бюджеттен тәуелсіз болуын көздеуге болады.

Венеция комиссиясының қатысушы елдерге арналған қарарлары халықаралық шарттардың нормалары мен басқа мемлекеттердің жинақталған тәжірибесін қамтитын маңызды сараптамалық құжаттар болып табылады. Конституциялық құқық саласында белгілі сарапшылар болып табылатын комиссия мүшелері қорытындыларда маңызды құқықтық қорғау мәселелерін шешу үшін әдіснамалық бағыттарды қысқаша мазмұндайды.

Тұтас айтқанда, Қазақстандағы омбудсмен институты Париж қағидаларына сәйкес тәуелсіз, нақты юрисдикциясы мен өкілеттері бар, қол жетімді, басқа органдармен, үкіметтік емес құқықтық қорғау ұйымдармен ынтымақтас, жедел мекеме болды.

Сонымен бірге адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін оларды іске асыру және қорғаудың нақты үйлестірілген құқықтық механизмдері мен рәсімдер жүйесі қажет. Кешенді механизмді, барлық аумақта адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру мәселесі өзекті болып табылады, оған өңірлік орталықтарды құру ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметкерлер санаты – мемлекеттік орган мәртебесінің бағалау өлшемдерінің бірі. Осыған байланысты орталық мемлекеттік органдармен жаңа деңгейдегі қатынастарға көшу Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппараты қызметкерлерінің санаттарын көтеруге мүмкіндік береді.

2-бөлім.

Есептік кезең ішіндегі қызметті талдау


  1. Өтініштермен жұмысты талдау

1.1. Келіп түсетін өтініштердің сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның мен азаматтың құқықтарының сақталуын қадағалайды және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінде шара қолданады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі бағыттарының бірі адам құқықтарының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, оларды қалпына келтіру жөнінде шара қолдану болып табылады.

Өтініштердің талдауы адам құқықтарының бұзылуының негізгі себептерін, заңнаманың кемшіліктерін, жүргізіліп отырған реформалардың динамикасын, азаматтардың мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық тапсырушылар есебінде қанағаттанушылығын анықтауға мүмкіндік береді.

2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесіне 1684 өтініш келіп түсті, олардың 1286 жазбаша және 398 ауызша.

Барлығы Уәкіл қызметінің 5 жылында 9456 ауызша және жазбаша өтініш келіп түсті.


Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне

бес жыл ішінде келіп түскен жазбаша және ауызша

өтініштердің саны


Атауы

2003

жыл

2004

жыл

2005

жыл

2006 жыл

2007 жыл

Барлығы

Жазбаша өтініштер

855

1156

1965

1374

1286

6636

Діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша эдвокаси кампанияларының шегінде жазбаша өтініштер

-

-

-

757




757

Ауызша өтініштер

297

358

528

482

398

2063

ЖИЫНЫ

1152

1514

2493

2493

2613

9456

Келтірілген диаграммада бес жыл бойы келіп түскен өтініштердің жыл сайынға динамикасы көрсетіледі.

2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны азайды. Әдеттегідей, ең үлкен топты сот шешімдерімен келіспейтін азаматтардың шағымдары құрайды. Уәкілдің қызметі мен құзырын БАҚ-та жариялау, шағымданушыларды хат алмасу, ауызша қабылдау, аумақтарға бару кезінде ақпараттандыру уәкілдің құзырына жатпайтын өтініштер санын азайтуға әкеп соқты. Сонымен қатар діни бірлестіктерді тіркеу мәселесі бойынша эдвокаси кампанияның аяқталуына байланысты жазбаша өтініштер саны азайды.

Қатыстылығы жоқ хаттар санының көбею үрдісі жалғасты: 2005 жылы осындай 82 хат түссе, 2006 жылы 130 хат келді, есептік кезеңде 188 хат келіп түсті.

Қосымша құжаттарды талап ететін хаттар саны (25 тен 40 дейін), қері қайтарып алынған өтініштер (2 ден 4 дейін) сана екі есеге жуық өсті, анонимді өтініштер саны екі еседен астам көбейді (2 ден 6 ға дейін). Мазмұны түсініксіз хаттар саны (11 ден 12 дейін), алғыс хаттар саны (3 тен 4 дейін) сәл көбейді.

Қарауға қабылданбаған хаттар туралы нақты ақпарат келесі кестеде көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет